Кредиторлық берешек - бұл ұйымның басқа заңды және жеке тұлғалар (кредиторлар) алдындағы, көрсетілген қызметтер үшін, пайдалануға берілген тауар немесе қарыз үшін берешегі.

Салық кодексінің 230-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ Салық кодексінің 322-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады.

Салық кодексінің 230-бабы 2-тармағының негізінде күмәнді міндеттеме бойынша кіріс:

1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

3) жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің кірістерін есепке жазған күннен бастап;

4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемені орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттеме бойынша тауар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салықтық кезеңде танылады.

Осылайша, кредиторлық берешек Салық кодексінің 230-бабы 2-тармағының негізінде айқындалатын үш жылдық кезең өткеннен кейін күмәнді міндеттемелер бойынша кіріске қосылады. Бұл қандай кредиторлық берешек, ҚҚС есепке жатқызылғанын анықтау ұсынылады, өйткені Салық кодексінің 405-бабы 1-тармағының негізінде оны есептен шығару, бастапқы құжаттарды көтеру кезінде бұрын есепке жатқызылған ҚҚС түзету жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының негізінде:

Дебет

Кредит

Операцияның мазмұны

3380 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

6290 - «Басқа да кірістер»

Күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс танылды

3380 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1420 - «Қосылған құн салығы»

Бұрын есепке жатқызылған ҚҚС түзету (егер ҚҚС есепке жатқызылған болса)