-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Д
- Дивидендтер
Дивидендтер – акционерлік қоғамның немесе өзге де шаруашылық жүргізуші субъектінің кірісі, ол акциялардың (жай, артықшылықты, құрылтай және басқа), олардың иелігіндегі үлестердің саны мен түріне сәйкес акционерлер, қатысушылар арасында бөлінеді. Дивидендтерді төлеу мөлшері мен тәртібі акционерлердің, қатысушылардың жиналысында және акционерлік немесе өзге қоғамның жарғысында айқындалады. Дивиденд мөлшерi акционерлiк қоғамның пайдалылығына байланысты болады. Дивидендтерге салықтарды төлегеннен, резервтік капиталды толықтырғаннан, өндірісті ұлғайтуға қаражат жұмсағаннан, топ-менеджерлерге сыйақы төлегеннен және т.б. кейін қалған пайданың бір бөлігі жұмсалады.
Серіктестіктің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу
Дивидендтерге не жатады
ҚР Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес дивидендтер – бұл:
- акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;
- қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша кірісті қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын кіріс;
- заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;
- заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алуы, эмитент-заңды тұлғаның акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алуы кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс;
- исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын кіріс;
- акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
- тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген бағасы арасындағы оң айырма;
- тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған бағасы арасындағы теріс айырма;
- заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;
- осы Кодекстің 322 – 324-баптарында көрсетілген кірістерді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістерді қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын кіріс.
Мүлікті бөлуден түсетін кіріс мынадай тәртіппен айқындалады: К = Қа – Қк, мұнда:
- К – мүлікті бөлуден түсетін кіріс;
- Қа – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің қайта бағалау мен құнсыздануын есепке алмағанда, беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күнгі баланстық құны;
Қк:
- төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялар санына тиесілі мөлшері;
- пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушыда төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін, бірақ осындай қатысу үлесінің осы Кодекстің 228-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын бастапқы құнынан аспайтын мөлшері.
Оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
Серіктестіктің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу
ЖШС туралы Заңның 40-бабына сәйкес - Серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір тоқсан, жарты жыл немесе бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу серіктестіктің бір тоқсандағы, жарты жылдағы немесе бір жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бiр бөлiгiн серiктестiкке қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешiм қабылдауға да құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кірісті серіктестіктің жарғылық капиталы толық төленгенге дейін қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ.
Дивидендтерге салық салу
2022 жылғы редакция: ҚР СК 341-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен кірістердің мынадай түрлері алып тасталады: дивидендтер, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:
- дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;
- дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмаса;
- жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) дивидендтерді төлейтін резидент заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкі дивидендтерді төлеу күніне 50 пайыздан аспайды.
Демек, осы шарттарды сақтаған жағдайда ЖШС төлем көзінен ЖТС ұстамай құрылтайшыға дивидендтер есептеуге және төлеуге құқылы.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап дивидендтерге салық салуға өзгерістер енгізілді
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚРЗ Заңымен салық заңнамасына дивидендтерге салық салу бөлігінде мынадай өзгерістер енгізілді.
2023 жылғы редакция: ҚР СК 341-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы - мыналарды:
- акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кірісті немесе оның бір бөлігін;
- резидент-заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кірісті немесе оның бір бөлігін;
- резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесiн немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде және осындай эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кірісті бөлу кезінде күнтізбелік жыл ішінде резидент-заңды тұлғадан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшері шегінде алынған дивидендтер;
- егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылса, қор биржаларының (КАСЕ, АХҚО) ресми тізіміндегі осындай дивидендтерді есептеу күні бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер түріндегі кірістер бойынша ЖТС бойынша түзету қолданылады (критерийлерді Үкімет айқындайды (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы);
- дивидендтер түріндегі кірісті түзету шарттары өзгертілді. Күнтізбелік жыл ішінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер бойынша 30 000 АЕК шегінде түзету көзделген (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы).
Анықтама үшін: мынадай шарттар алынып тасталды: акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иелену, дивидендтерді жер қойнауын пайдаланушы төлемейді, дивидендтерді төлейтін тұлғадағы жер қойнауын пайдаланушының үлесі 50%-дан аспайды.
- төлем көзінен 10% бірыңғай мөлшерлеме бойынша ЖТС салу (Салық кодексінің 320-бабы);
Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚРЗ Заңымен салық заңнамасына дивидендтерге салық салу бөлігінде мынадай өзгерістер енгізілді:
заңды тұлғалар
- дивидендтер бөлігінде КТС бойынша жылдық жиынтық табысты қолданыстағы түзету алынып тасталды;
- мұндай дивидендтерді есептеу күні қор биржаларының ресми тізімінде (КАСЕ, АХҚО) тұрған бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер ЖЖТ-дан алып тасталмайды және төлем көзінен салық салынады (Салық кодексінің 241-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, Салық кодексінің 307-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы));
- егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылған болса, КАҚ, АХҚО биржаларында орналастырылған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер ЖЖТ-дан алып тасталады (критерийлерді Үкімет айқындайды (Салық кодексінің 241-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы);
жеке тұлғалар
- егер салық кезеңінде биржада белсенді сауда-саттық жүзеге асырылса, қор биржаларының ресми тізіміндегі (КАСЕ, АХҚО) осындай дивидендтерді есептеу күні бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер түріндегі кірістер бойынша ЖТС бойынша түзету қолданылады (критерийлерді Үкімет айқындайды) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы);
- төлем көзінен 10% бірыңғай мөлшерлеме бойынша ЖТС салу, дивидендтер түріндегі кірістер үшін 5% мөлшерлеме алып тасталды (Салық кодексінің 320-бабы);
- дивидендтер түріндегі табысты түзету шарттары өзгертілді. Күнтізбелік жыл ішінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер бойынша 30 000 АЕК шегінде түзету көзделген (Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы).
бейрезиденттердің дивидендтері бойынша
- бейрезиденттердің дивидендтерін (ЗТ және ЖТ) Салық кодексінде белгіленген шарттарды орындау кезінде 10% мөлшерлемені белгілей отырып, салық салудан толық босату бөлігіндегі жеңілдіктер алып тасталды (Салық кодексінің 646-бабының 4 және 5-тармақтары);
- өткізу күні қор биржасының (KASE, АХҚО) ресми тізімдерінде тұрған бағалы қағаздар бойынша бейрезиденттердің дивидендтері (ЗТ және ЖТ) бойынша жеңілдіктер сақталды. Осы жеңілдіктер тұрақты сауда-саттық жүргізу кезінде ғана қолданылатын болады (критерийлерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды).
ҚР Салық кодексінің 646-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес - Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден табысы төлем көзінен 15% мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
ҚР СК 646-бабының 2-тармағы - Осы Кодекстің 644-бабында айқындалған, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның табыстары 20% мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салуға жатады
Бейрезидент жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен ЖТС бюджетке аударуды салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық агенті жүргізеді. (ҚР СК 655-бабының 4-тармағы).
Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әлеуметтік салық салу объектісінен ҚР СК 341-бабы 1-тармағы 10) тармақшасында белгіленген, сондай-ақ ҚР-ның Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің табыстары бөлігінде ҚР СК 341-бабы 1-тармағы 53) тармақшасында белгіленген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағында белгіленген кірістер алып тасталады. Демек, дивидендтер төлеу кезінде әлеуметтік салық есептелмейді.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 25-бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын МЗЖ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi. МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. МЗЖ есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 210 қаулысымен «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына толықтыру енгізілді
Қағидалардың қалпына келтірілген тармақшасына сәйкес МЗЖ салынбайтын кірістердің тізімі:
- Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақыларды есептеу күніндегі бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
- СК 341-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген шарттарды бір мезгілде орындаған кезде дивидендтер;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңының 15-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, ҚР СК 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістерден төленбейді.
Демек, дивидендтерден әлеуметтік аударымдар ұсталмайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚР Заңының 29-бабы 4-тармағының 3) тармақшасының нормаларына сәйкес мынадай төлемдер мен кірістерден: - Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағы 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағында көрсетілген кірістерден қорға аударымдар және (немесе) жарналар ұсталмайды.
Демек, МӘМС-ке аударымдар мен жарналар дивидендтерден ұсталмайды.