Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен 270.00-нысан Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларация және оны жасау қағидалары бекітілді.

Жаңа нысан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мене мүлік туралы декларация (270.00-нысан) (2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VІIІ ҚРЗ Заңымен ретроспективалық өзгерістер)

2025 жылғы 01 қаңтарға дейін кірістер және мүлік туралы декларация (270.00-нысан)


2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) (2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VІIІ ҚРЗ Заңымен ретроспективалық өзгерістер)

2021 жылдан бастап Қазақстан ашықтықты арттыру, салық базасын кеңейту және сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы төмендету үшін жеке тұлғалардың кірістері мен активтерін жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізеді.

«Декларациялау жүйесіне кіру» дегеніміз не 

Жалпыға бірдей декларациялаудың мәні жеке тұлғалардың өз кірістері туралы ақпаратты мынадай декларацияларды тапсыру арқылы беруінде:

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 250.00-нысан активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларация ретінде пайдаланылады және жүйеге кірген кезде бір рет қана беріледі.

2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР № 208-VIII ҚРЗ ҚР Заңына (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша ҚР заңдарына қол қойды.

Аталған Заңға сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 1, 2 және 3-кезеңдеріне кірмеген халықтың қалған санатын міндетті декларациялаудан босату туралы шешім қабылданды:

  • зейнеткерлер;
  • жеке құрылымдардың жұмыскерлері;
  • студенттер;
  • үй шаруасындағы әйелдер және т.б.

Алайда шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары бар тұлғалар бұған жатпайды. Бұдан басқа, бейрезидент болып табылатын шетелдік тұлғалардың немесе азаматтығы жоқ адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру міндеті алып тасталды.

Осы Заңмен 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап 633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға, 634-бап. Табыстар мен мүлік туралы декларацияны жасау ерекшеліктеріне, 635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдеріне ретроспективті түрде өзгерістер енгізілді.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) кім табыс етуге міндетті

ҚР СК 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) мыналар тапсыруға міндетті:

  1. мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
  2. банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
  3. квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;
  4. жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
  5. дербес салық салуға жататын кірістерді алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін кірістерді қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де кірістер);
  6. шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса;
  7. шетелде активтері (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі) бар тұлғалар;
  8. меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
  9. есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен астам (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде ҚР шегінен тыс.
  10. салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салықтық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

Декларацияда мүлікті сатып алу/иеліктен шығару туралы, сондай-ақ сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалардың санаттары толықтырылды. Сонымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген адамдардан басқа:

  • банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық басқарушылар және олардың резидент жұбайлары;
  • жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызын астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
  • есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен астам мүлік сатып алған тұлғалар.

635-бап негізінде кірістер мен мүлік туралы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) 270.00-нысанға ауыстыруға байланысты 659-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекске сәйкес жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент – жеке тұлға тұрғылықты (болатын) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады.

Ағымдағы салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шыққан жағдайда, бейрезидент – жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте кірістер мен мүлік туралы декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезең үшін ұсынылады.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезеңге есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 21) тармақшасында көрсетілген кірістерді алатын бейрезидент – еңбекші көшіп келушілер болатын жеріндегі салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.

Бұл ретте салықтық кезең ішінде Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 21) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент – еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шыққан жағдайда, кірістер мен мүлік туралы декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығатын күніне дейін ұсынылады.

270.00-нысан жеке тұлғалардың:

1) ДК кәсіпкерлік қызметтен алынатын декларациялауға жататын кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері;

2) салықтық шегерімдер;

3) мүлікті ҚР шегінен тыс, оның ішінде өтеусіз негізде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару;

4) Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып, ЖТС бойынша асып кеткен, оның ішінде ҚР СК 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда соманы есепке алу және қайтару жөніндегі талаптар.

5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған 1000 АЕК-тен асатын жиынтығында ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарындағы ақша;

6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:

  • шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;
  • эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
  • ҚР шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі

7) декларация жасау күніне пайда болған жеке тұлға алдындағы басқа тұлғалардың берешектері (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның ҚР шегінен тыс басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешек):

  • жеке тұлғалар арасында - жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде (берешек декларацияны табыс ету мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруы тиіс);
  • ҚР заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде - жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер арасында;
  • соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған.

8) жеке тұлғалар:

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар;
  • «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
  • коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
  • есепті салық кезеңі ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті ҚР-да және (немесе) одан тысқары жерлерде сатып алған тұлғалар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

270.00-нысанда мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салық кезеңі ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде ҚР шегінен тыс сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі:

  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;
  • мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздарды, цифрлық активтер;
  • инвестициялық алтын;
  • туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.

9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес шоттарды ашу және иелену бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар ҚР шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі қолма-қол ақша мен құндылықтарды ҚР шегінен тыс орналасқан шетел банктерінде сақтауға қатысты кірістер мен мүлік туралы декларацияда банк салымының сомасына қарамастан, ҚР шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі ақшаның болуы туралы ақпаратты көрсетеді.

Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) тұрғылықты (болатын) жері бойынша - декларацияны табыс ету бойынша міндет туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырылады. 2025 жылы 2024 жыл үшін Декларацияны тапсырамыз.

Декларацияны электрондық нысанда:

  • «Салық төлеушінің кабинеті»;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталдары;
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
  • eGov mobile мобильді қосымшасы;
  • банктердің қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Қағаз тасығышта: пошта арқылы немесе келу тәртібімен.

Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген ЖТС төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Декларация беруден кім босатылады

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндетінен (270.00-нысан):

1. Бейрезиденттер - декларациялауға бұрын декларанттың жұбайы мәртебесінде түскендерді қоса алғанда.

2. Шетелде мүлкі бар кәмелетке толмағандар
Ата-аналарға (қамқоршыларға) олар үшін шетелде мүлік ресімделген болса да, олар үшін декларация тапсырудың қажеті жоқ.

3. Дара кәсіпкерлер
ДК 270.00 нысанын беруден босатылған, өйткені олар мамандандырылған салық нысандарын тапсырады:

  • 220.00-нысан - жалпыға бірдей белгіленген режимде (жылына 1 рет);
  • 910.00-нысан - оңайлатылған декларацияда (жылына 2 рет).

4. Қарапайым азаматтар
Және де декларация тапсыру міндетінен: жеке компаниялардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер және басқа да жеке тұлғалар босатылады, олар:

  • тек жалақы, зейнетақы, жәрдемақы немесе стипендия алады;
  • шетелдегі мүлікті немесе қатысу үлестерін иеленбесе;
  • есепті жылы 20 000 АЕК-тен астам сомаға ірі сатып алулар жасамаған;
  • жеке практикамен айналыспайды және қосымша кіріс көздері жоқ.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) уақтылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік

ӘҚБтК-нің 272-бабына сәйкес ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кірістер органына салықтық есептілікті ұсынбау - бірінші рет ескерту жасауға әкеп соғады. Жыл ішінде қайталап бұзушылық жасаған жағдайда - 15 АЕК (2025 жылы - 58 980 теңге) айыппұл салынады. 

Кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) бірінші рет толық емес, дәйексіз мәліметтер ұсынғаны үшін - ескерту. Жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (2025 жылы - 11 796 теңге).

 
ӘҚБтК-нің 275-бабына сәйкес, салық салу объектілерін жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200%-ы мөлшерінде айыппұл салынды. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - төленбеген салық сомасының 300% мөлшерінде айыппұл салынады.

Осы бапқа сәйкес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы
100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (2025 жылы - 393 200 теңге). Жыл ішінде бұзушылықтарды жоймау - 200 АЕК (2025 жылы - 786 400 теңге) айыппұлға әкеп соқтырады.


2025 жылғы 01 қаңтарға дейін кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан)

Декларацияны мыналар ұсынады:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен 270.00-нысан Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация және оны жасау қағидалары бекітілді.

Жаңа нысан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер СЕН 250.00 кіріс декларациясы болса, енді 270.00-нысан жеке тұлғалар ұсынатын жыл сайынғы нысан болып табылады.

Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 630-бабы 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл сайын тапсырылады.

Кірістер және мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынады

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері

Декларацияны тапсыратындар:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 169 бұйрығымен «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларация:

2022 жылдан 2023 жылға дейін:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларацияны тапсыру жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар.".

2024 жылдан бастап:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар;
  • мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары;

2025 жылдан бастап:

  • заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;
  • жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырған жылдан кейінгі келесі жылдан бастап:

2026 жылдан бастап:

  • кәмелетке толған адамдар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • қандастар;
  • тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
  • Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
  • есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған кезде резидент емес болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
  • кәмелетке толмаған адамдар.

Бұл ретте, кәмелетке толмаған тұлғалар Декларацияны есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай жағдайлардың кез келгені басталған кезде тапсырады:

  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің меншік құқығында құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің болуы;
  • құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде үлестің болуы;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында барлық банк салымдары бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мың еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;
  • басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешек сомасының (дебиторлық берешектің) және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешек сомасының (кредиторлық берешектің) нотариат куәландырған (растаған) міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге де құжат болған кезде болуы.

Кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның Декларациясын тапсыру жөніндегі міндеттемесін заңды өкілі орындайды.

2024 жылғы 01 қаңтарға дейін жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация:

2021 жылдан бастап:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар;

2023 жылдан бастап:

  • мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары;

2024 жылдан бастап:

  • заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;

2025 жылдан бастап:

  • 1) кәмелетке толған адамдар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • қандастар;
  • тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
  • Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

2) бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мынадай шарттардың бірі болған кезде:

  • құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;

3) мынадай тұлғалардың кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі:

  • әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның;
  • есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы тұлғада он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған тұлға мынадай жағдайлардың кез келгені басталған кезде:
  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің меншік құқығында құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің болуы;
  • құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде үлестің болуы;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында барлық банк салымдары бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мың еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасының болуы;
  • басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешек сомасының (дебиторлық берешектің) және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешек сомасының (кредиторлық берешектің) нотариат куәландырған (растаған) міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге де құжат болған кезде болуы.

Табыстар мен мүлік туралы декларация:

1) күнтізбелік жылда, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған кірістері;
2) салықтық шегерімдер;
3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;
4) 25.12.2017 № 121-VI ҚР Заңына сәйкес 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі;
5) жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданылатын АЕК мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік: шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес, шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік; эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
7) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа адамдардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 635-бабында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде салық есептілігін табыс ету үшін бірыңғай мерзім көзделген - Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырылады.

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Кірістер және мүлік туралы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша:

1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;

2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырылды.