Салық төлеуші – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеушілер болып табылатын тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушіні тіркеу

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық төлеушіні тіркеу

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушіні тіркеу

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер салық төлеушілерді тіркеуге қатысты болды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 94-бабының 7-тармағына сәйкес Салық төлеушiлердi салықтық тiркеу тәртiбiн айқындайтын Салық төлеушiлердi салықтық тiркеу қағидалары әзiрлендi.

Тіркеуді мемлекеттік кірістер органдары деректерді СТ МДҚ-на енгізу арқылы жүргізеді. Мәліметтерді енгізу нөмірлер тізілімінен деректерді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалар, жеке тұлғалар және құрылымдық бөлімшелер салық міндеттемелері болмаған кезде тіркелуге, өзгертілуге немесе есептен шығарылуға тиіс.

Жеке кәсіпкерлер:

  • e-license.kz порталы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшасы;
  • E-Salyq Business қосымшасы арқылы тегін тіркеледі.

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар:

  • «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы тіркеледі.

Бейрезидент - заңды тұлғалар Қазақстанда қызметі басталған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде салық есебіне тұруға міндетті.

Тіркеу салықтық өтініш және құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін беру жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстандық банктерде шоттар ашатын немесе қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер де тіркеуге жатады.

Нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары мен медиаторлар қызмет басталғанға дейін eGov.kz порталы арқылы тіркелу туралы хабарлама жібереді. Тіркеу тегін жүргізіледі және ЭЦҚ қойылған электрондық құжатпен расталады.

Салық төлеушіні тіркеу

ДК және жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу

Бейрезидент - заңды тұлғаны тіркеу

Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу

Тіркеу есебінен шығару

Қызметті мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату

Салық төлеушіні тіркеу

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, салық төлеушілерді салықтық тіркеу салық төлеушілердің базасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. (ҚР СК 94-бабы)

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялар ҚР СК 102-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жатады.

Салық төлеушiлер базасы салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi енгiзу және алып тастау, мұндай мәлiметтерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу, сондай-ақ тiркеу есебiне қою және осындай есептен шығару арқылы қалыптастырылады.

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) осы тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды

Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді мемлекеттік кірістер органы нөмірлер тізілімінен мәліметтер алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын резиденттің заңды тұлғасын және оның құрылымдық бөлімшесін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) әділет органдары, ал коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады. 

Мемлекеттік кірістер органы:

1) тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде бейрезидент – заңды тұлға туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

2) автоматты режимде нөмірлер тізілімінен салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

3) тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде және (немесе) «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасының бейініндегі мәліметтер бойынша заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу жөніндегі жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгертуді енгізуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін салықтық тіркеуге қою туралы салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына өзгерістер туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады. 

Орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде мемлекеттік кірістер органы резидент - заңды тұлғаны және оның құрылымдық бөлімшесін «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) резидент заңды тұлғаны және оның құрылымдық бөлімшесін шығару немесе нөмірлер тізілімінен келіп түсетін заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару туралы хабарламаға сәйкес салықтық тіркеуден шығаруды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Жеке тұлғаны немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаны ДК тіркеу есебінен шығаруды мемлекеттік кірістер органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

Кәсіпкерлік кодекстің 38-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы тіркеу есебінен шығарады.

Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті:

  • Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасы, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға;
  • тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
  • қорытынды агент болып табылатын немесе табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент;
  • қызметі бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент;
  • қызметі тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын резидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент;
  • резидент банкте ағымдағы шот ашатын бейрезидент;
  • Қазақстан Республикасындағы көздерден төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам;
  • мүлік, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салу объектісі болып табылатын Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалардың, бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
  • шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі ұсынады.

Салықтық өтініштің нысаны ҚР ҚМ 12.02.2018 жылғы № 160 бұйрығына 8-қосымшамен бекітілген (ҚР ҚМ 31.03.2021 жылғы № 284 бұйрығымен өзгертілген)

ДК және жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу

ДК (бірлескен дара кәсіпкер) ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына ДК ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама жібереді

Бiрлескен жеке кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде бiрлескен жеке кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi тұлғасы бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенiмхатты ұсынады.
Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған болса, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде - неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншы және қамқоршы органның шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.

Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдарға көрсетілген адамдардың хабарлама беруі көзделмеген. 

Жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік кірістер органына нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметті, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі туралы» хабарлама жібереді.

Тіркеу тегін жүргізіледі:

1) дара кәсіпкер:

  • «электрондық лицензиялау» (e-license.kz) порталы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшасы;
  • «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы.

2) Жеке практикамен айналысатын тұлғалар:

  • «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы.

Дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлға ДК-ны тіркеу есебіне қоюға жатпайды. 

ДК-нің (бірлескен дара кәсіпкердің) тіркеу мәліметтерін өзгертуді мемлекеттік кіріс органы тіркеу деректері, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған хабарлама негізінде жүргізеді. 

Жеке тұлғаны ДК немесе жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығаруды мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 98-бабында айқындалған тәртіппен қызметті тоқтату туралы салықтық өтініштің, салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініштің негізінде және (немесе) Кәсіпкерлік кодексінің 38-бабына сәйкес жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тіркеу есебінен шығару, Кәсіпкерлік кодексінің 38-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемелері болмаған жағдайда жүргізіледі.

Жеке тұлға мемлекеттік кірістер органынан ДК немесе жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (тіркеу есебінен шығарудан бас тартылғаны) туралы растауды қағаз тасымадағышта немесе мемлекеттік кірістер органының ақпараттандыру объектілері арқылы алуға құқылы.

Бейрезидент - заңды тұлғаны тіркеу

ҚР СК 95-бабына сәйкес бейрезидент заңды тұлғаны салықтық тіркеуді мемлекеттік кіріс органы бейрезидент заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың немесе резидент банктердің мәліметтері негізінде мынадай құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып жүргізіледі:

1) құрылымдық бөлімшені ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) 30 ішінде тиімді басқару орны деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік (отыз) ҚР (нақты басқару органының орналасқан жері) орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді;

3) бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін және Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) салық агенті болып табылатын бейрезидент заңды тұлға - салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мүлікті сатып алғанға (өткізгенге) дейін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді;

4) бейрезидент осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа персонал арқылы жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген қатарынан он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам кезеңде қызметі осы Кодекске сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокерінде) немесе тәуелді агент - Салық кодексінің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады;

5) бейрезидент заңды тұлға - қызметі тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын резидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы - Салық кодексінің 231-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз 30 (отыз) күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсынады;

6) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент - заңды тұлға шот ашылғанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті (салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай бейрезидент банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді);

7) бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген табысты төлейтін немесе құн өсімі түрінде табыс алатын салық агенті болып табылатын бейрезидент - заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеу үшін алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді;

8) Салық кодексінің 681-бабының 9) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы бейрезидент - заңды тұлғаның салық төлеушісі ретінде тіркеу үшін - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді;

9) ҚР-да тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі салық төлеуші ретінде тіркеу үшін өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына алушылар (бейрезиденттер) туралы мәліметтерді енгізу үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді. 

Мемлекеттік кірістер органы бейрезидент заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде табыс етілген тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырады. 

Мемлекеттік кірістер органы бейрезидент заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу

Салық кодексінің 99-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою:

1) салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қою;

2) салық төлеушіні міндетті түрде тіркеу есебіне қою;

3) салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою түрінде жүзеге асырылады. 

Салық төлеушіні тіркеу есебіне қоюға:

1) мемлекеттік мекеме;

2) резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

3) жеке практикамен айналысатын адам;

4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

5) жеке тұлға жатпайды.

Айналымы күнтізбелік жыл ішінде, сондай-ақ төменде көрсетілген жағдайларда айналымның шекті шегінен асатын салық төлеушілер салық төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады:

1) бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2) салық органдарында дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қайта тұрған жеке тұлға – дара кәсіпкер тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшкен күннен бастап;

4) өзге салық төлеуші – ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап айқындалады. 

"Міндетті" белгісі бар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш айналымның шекті шегінен асқан кезде, бірақ "Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
Салық төлеушіні тіркеу есебіне қою осындай өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. 

Салық бойынша тіркеу есебіне міндетті қоюға жатпайтын тұлғалар "Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына "ерікті" белгісі бар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру арқылы салық бойынша тіркеу есебіне қоюға жатады.
Салық төлеушіні тіркеу есебіне қою осындай өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нөмірлер тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 103-бабына сәйкес салық төлеуші салық төлеушінің тіркеу есебінен:

1) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;

2) салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе дара кәсіпкердің тіркеу есебінен таратылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен шығарылған;

3) салық төлеушінің қызметі банкроттық себебі бойынша тоқтатылған немесе таратылған;

4) нөмірлер тізілімінің мәліметтері негізінде автоматты режимде алынған дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді сот актісі заңды күшіне енген деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе таратылған;

5) нөмірлер тізілімінің мәліметтері негізінде автоматты режимде алынған заңды тұлғаларды біріктіру, қосу жолымен қайта ұйымдастырылған;

6) нөмірлер тізілімінің мәліметтері негізінде автоматты режимде алынған бөлу жолымен заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;

7) нөмірлер тізілімінің мәліметтері негізінде автоматты режимде алынған, дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайларда шығарылады.

Тіркеу есебінен шығару

Тіркеу есебінен шығару мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

1) жеке тұлға қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған;

2) орындалмаған салық міндеттемелері не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кеткен және азаматтығы тоқтатылған;

3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;

4) резидент заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін нөмірлер тізілімінен алып тастау немесе бейрезидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару;

5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) өзгерген.

Салық органы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні Салық кодексінде көзделген жағдайларда салық органының шешімі негізінде алып тастайды.

Салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші туралы ақпарат шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

Қызметті мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату

Салық кодексінің 109-бабының негізінде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;

2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;

3) банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;

4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;

6) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;

7) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;

8) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;

9) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

10) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылуға жатады.

Мынадай:

1) салықтық мониторингке жататын;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

3) камералдық бақылау нәтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге – мұндай бұзушылықтар болған кезде;

4) өзіне қатысты сот орындаушылары және (немесе) басқа да уәкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;

5) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған;

6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату қолданылмайды.

Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық төлеушіні тіркеу

ҚР Салық кодексінің 36-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеуші салықтық міндеттемені орындау үшін мынадай әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркеу есебіне тұрады.

Салық төлеушіні тіркеу есебі Салық кодексінің 74-бабының 5-тармағында көрсетілгендей салық төлеушіні ҚР СК 74-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға мынадай қызмет түрлерін:

1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;

2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;

3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді;

4) алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;

5) темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

6) ойын бизнесiн;

8) ҚР СК 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);

10) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ҚР СК 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жеріндегі салық органдарында жүргізіледі.

Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті мыналар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға;
  • тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
  • ҚР СК 650-бабы 8-тармағына сәйкес қорытынды агент болып табылатын немесе ҚР СК 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент;
  • сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе қызметі ҚР СК 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агент;
  • қызметі тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын резидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент;
  • резидент банкте ағымдағы шот ашатын бейрезидент;
  • Қазақстан Республикасындағы көздерден төлем көзінен салық салуға жатпайтын кіріс алатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам;
  • мүлік, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салу объектісі болып табылатын Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалардың, бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
  • шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі.


2021 жылғы 13 сәуірден бастап салықтық өтініш

Есепке қою өтінішін жүктеп алу

______________________

2018 жылдан 2021 жылдың сәуіріне дейін өтініш

Есепке қою өтінішін жүктеп алу

 

2021 жылғы 13 сәуірден бастап салықтық өтініш

Тіркеу есебінен шығару туралы өтінішті жүктеп алу

_____________________________________

2018 жылдан бастап 2021 жылғы 13 сәуірге дейін өтініш

Тіркеу есебінен шығару туралы өтінішті жүктеп алу