СЕН 328.00 - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 328.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 328.00-нысан 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 328.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

СЕН 328.00 - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш

2026 жылы 328.00-нысан ҚР Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығымен (2-қосымша) бекітілген Салық есептілігін ұсыну қағидаларына сәйкес толтырылады.

Өтінішті тапсыру мерзімі

Импортталған тауарларды есепке алу күні

Тауарларды әкелу күні

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

Бағаны анықтау

ҚҚС төлеуге арналған БСК

Өтінішті тапсыру мерзімі

ҚР СК 530-бабының 2-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тауарларды, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан), егер ҚР СК 530-бабының 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

ҚР СК 530-бабының 6-тармағы негізінде тауарлар, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай осындай тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең болып табылады.

Импортталған тауарларды есепке алу күні

ҚР СК 516-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:

1) ХҚЕС және (немесе) ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2) мұндай тауарларды ҚР аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Салық төлеушіде ҚР СК 516-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Тауарларды әкелу күні

ҚР СК 516-бабының 2-тармағы негізінде тауарларды ҚР аумағына әкелген күн мыналар болып табылады:

  • тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – ҚР аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні;
  • тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірінші өткізу пунктіне (станциясына) әкелген күн;
  • тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктіне әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде ҚР СК 516-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

ХҚЕС және (немесе) ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) болмаған кезде ҚР СК 516-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

Егер ҚР СК 503-бабында өзгеше белгіленбесе, ҚР СК 503-бабының 1-тармағы негізінде ҚҚС мөлшерлемесі 16% құрайды және салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.

ҚР СК 530-бабының 5-тармағына сәйкес импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Бағаны анықтау

ҚР СК 518-бабының 2-тармағына сәйкес сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.

Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда тек сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Бағалардың ең төмен деңгейiн бағалардың ең төмен деңгейiн айқындау тәртiбiне сәйкес бағалардың ең төмен деңгейi қолданылатын жекелеген тауар түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген тауарлар бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.

Бағаның ең төменгi деңгейi қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 бұйрығымен бекітілген.

ҚҚС төлеуге арналған БСК

105 115 - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС.

2026 жылы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан) толтыру мысалы.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 328.00-нысан

СЕН 328.00 - Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (328.00-нысан).

01.01.2021 жылдан бастап Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке 328.00-нысандағы Декларация мәртебесі берілді, осыған байланысты импортталған тауарлар бойынша декларацияның (320.00-нысан) күші жойылды. Осылайша, ЕАЭО аумағынан тауарды импорттау кезінде салық төлеушілер 328.00-нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ғана ұсынуға міндетті болады және бұл өтініш салық декларациясы болып табылады.

328.00-нысандағы өтініш тауарларды әкелу туралы және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған үш бөлімнен және оған қосымшадан тұрады.
Өтiнiштiң бiрiншi және үшiншi бөлiмдерiн және оған қосымшаны салық төлеушi, екiншi бөлiмдi - мемлекеттiк кiрiс органы толтырады.

Өтінішті тапсыру мерзімі

Импортталған тауарларды есепке алу күні

Тауарларды әкелу күні

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

Бағаны анықтау

Бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

ҚҚС төлеуге арналған БСК

Өтінішті тапсыру мерзімі

328.00-нысан бойынша Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тапсыру мерзімі (ай сайын) - әр айдың 20-сы.

ҚР СК 456-бабының 2-тармағы негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.

ҚР СК 456-бабының 6-тармағына сәйкес импортталған тауарлар есепке алынған күнтізбелік ай ЕАЭО-ге мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) импорты кезінде жанама салықтарды есептеу және төлеу үшін салықтық кезең болып табылады.

Импортталған тауарларды есепке алу күні

ҚР СК 442-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:

1. халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепте тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2. мұндай тауарларды ҚР аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Салық төлеушіде ҚР СК 442-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Тауарларды әкелу күні

ҚР СК 442-бабы 2-тармағының мақсаттары үшін мыналар тауарларды ҚР аумағына әкелген күн болып табылады:

  • тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн.
  • тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бiрiншi өткiзу пунктiне (станциясына) әкелген күн;
  • тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн;
  • тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – ҚР пошта туралы заңнамасына сәйкес ҚР аумағында пошта штемпелі қойылған күн.

Тауарларды ҚР аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде ҚР СК 442-бабының 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Импортқа ҚҚС төлеу мерзімі

ҚР СК 456-бабының 5-тармағы негізінде импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

ҚР СК 422-бабының 1 тармағына сәйкес импортқа ҚҚС мөлшерлемесі 12%-ды құрайды және салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.

Бағаны анықтау

ҚР СК 444-бабының 2-тармағына сәйкес сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.

Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бағалардың ең төмен деңгейі қолданылады.

Бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

Бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді.

«Бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысы.

ҚР СК 437-бабының 1-тармағы негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сату бойынша айналым жасалған күннiң алдындағы соңғы жұмыс күнi айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi.

ҚҚС төлеуге арналған БСК

105 115 - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС.

Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (328.00-нысан) толтыру және ұсыну қағидалары