ҚР-да еңбек шартына қосымша келісім еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда жасалады.

ҚР Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауысу кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.

ҚР ЕК 34-бабына сәйкес: Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес:
6. Жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға мынадай:

1) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

2) жұмыскердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы қосымша мәліметтерді жібереді.

Осылайша, жұмыс беруші жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарына қосымша келісімдер туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға жібереді.