2019 жылдан бастап ҚР Салық кодексінде үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) деген жаңа ұғым пайда болды. Жүйенің мәні бірыңғай ақпараттық платформа базасында онлайн БКМ, POS- терминал және тауарлар мен қызметтерді есепке алу жүйесін біріктіру болып табылады.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе. (ҚР Салық кодексі 1-бабы) 1-тармағының 72-1-тармақшасы)

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;

ҮИЖ сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау процестерін есепке алу және ҮИЖ пайдаланушының барлық кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша салық мақсатында тауарларды есепке алу үшін қолданылады.
ҮИЖ пайдалануды қамтамасыз ету үшін ҮИЖ пайдаланушылары ҮИЖ техникалық құжаттамасын басшылыққа алуы қажет.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын
ҮИЖ салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуге жатады.

ҮИЖ пайдаланушылары үшін салықтық жеңілдіктер:

ЖТС сомасы 60 000 теңге сомаға, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) сатып алуға азайту жағына түзетуге жатады. (Бұл жеңілдік 01.01.2022 жылға дейін қолданыста болды) (ҚР СК 686-бабының 2-1-тармағы, ҚР СК 687-бабының 2-1-тармағы);

Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, дара кәсіпкер қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен алған кірістер енгізілмейді (ҚР СК 683-бабының 2-тармағы).

Ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген
айналым минимумына оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 124 184 еселенген мөлшерінің шегіндегі, міндетті түрде үш құрамдасты интеграцияланған жүйелерді қолданумен қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысумен жасалған айналымдары кірмейді (ҚР СК 82-бабының 4-тармағы.)

ҮИЖ
есепке алуды Комитет олардың моделін ҮИЖ бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) енгізу арқылы жүзеге асырады және мынадай іс-қимылдарды көздейді:
1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ меншік иесі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз жеткізгіште және электрондық форматта мынадай құжаттарды: осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы
өтінішті;
өндірушінің паспортын, техникалық құжаттама және пайдалану жөніндегі нұсқауды: деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ есепке алу жүйесімен жарақталған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдауышын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе;
ҮИЖ-қа құқықтардың болуын растайтын құжат;
2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
а) мыналарды: өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға
сәйкестігін; бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының моделінің болуын тексереді;
б) өтінішті тіркеу туралы мәліметтерді Комитеттің сайтында жариялайды;
в) Комитеттің жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісі мен құжаттарды береді;
3) Комитеттің жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:
а) ҮИЖ эталондық үлгісіне және техникалық құжаттамаға олардың осы Талаптардың 2-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді;
б) сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу/бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;
в) Комитеттің сайтында ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу/одан бас тарту туралы хаттамалық шешімді жариялайды;
г) ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізеді.
8. Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде ҮИЖ моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін Сараптамалық кеңес ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашы болған тұлға өкілдерінің қатысуымен ҮИЖ эталондық үлгісін сынау (тестілеу) жолымен айқындайды. ҮИЖ-ның техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін Сарапшылық кеңес өзге мемлекеттік органдардан, басқа тұлғалар қатарынан (ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізуге бастамашылық жасаған тұлғамен байланысты тұлғаларды қоспағанда) сарапшыларды тартуға құқылы.
10. Бірыңғай тізілімнің мәліметтері ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

Пайдаланушы ҮИЖ-ды
тіркеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • ҮИЖ техникалық құжаттамасы;
  • өндіруші паспорты және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы;
  • ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжат;
  • пайдаланушының (мемлекеттік кірістер органдарына есепке қою үшін ұсынылатын) Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ моделінің және оның техникалық құжаттамасының ҮИЖ сәйкестігін растайтын ҮИЖ меншік иесінің қорытындысы.

ҮИЖ тіркеу кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы осы тараудың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

1) өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
2) ҮИЖ бірыңғай тізіліміне енгізілген модельдерге ҮИЖ сәйкестігін тексереді;
3) ҮИЖ деректерін тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы моделінің бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;
4) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес (кәсіпкерлік қызметтің бірден көп объектісі болған кезде) белгіленген нысан бойынша ҮИЖ тіркеу карточкасын ресімдейді;
5) ҮИЖ тіркеуден бас тартқан жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.


ҮИЖ пайдаланушылары есеп жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ:

  • жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бекітуді және барлық операциялар мен оқиғаларды жазбаларда көрсетуді;
  • операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, оны орнату және қолдану қағидалары бекітілді.

Қағидалар патент және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге - үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі - ТБЖ) пайдаланушыларға қолданылады.