Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі фискалдық функцияны орындайды және залалды өтеу, жіберіп алған пайданы есептеу үшін өсімпұлдар, айыппұлдар есептеу кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда пайдаланылады. Қазіргі уақытта қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ақша-кредит саясатының операциялары үшін пайдаланылмайды.

2017 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі экономиканың түрлі сегменттеріндегі ақша құнын теңестіру мақсатында базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілді және бұдан әрі базалық мөлшерлеменің өзгеруі қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің автоматты және ілеспе өзгеруіне алып келетін болады.

Базалық мөлшерлеме ұғымын заңнамалық бекіту және «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі» ұғымын алып тастау туралы.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңына сәйкес, «базалық мөлшерлеме» ұғымы заңнамалық тұрғыдан бекітілген. Базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу үшін бағдар болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасынан «ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі» ұғымы алынып тасталды, ол «базалық мөлшерлеме» ұғымына ауыстырылды. Жоғарыда көрсетілген нормалар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Осыған байланысты
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда салық салуда және кедендік реттеуде өсімпұл есептеу кезінде, сондай-ақ төлемдерді кешіктіру, бөгде адамның ақшасын заңсыз пайдаланғаны және мерзімі өткен сомалар үшін тұрақсыздық айыбы, ақшалай сомаларды, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу пайызы индекстеу кезінде базалық мөлшерлеме қолданылады.

2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәні тиісті күнге белгіленген базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілді. Осыған байланысты қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін базалық мөлшерлемемен ауыстыру бұрын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін қолдану арқылы есептелген төленетін ақша сомалары мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді www.nationalbank.kz.

Салық және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл әрбір кешіктірілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (
ҚР ҰБ) базалық мөлшерлемесінің (0,65; 1,25) еселенген мөлшерінде.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында
қайта қаржыландыру мөлшерлемесі