Тауардың шығарылған елі – тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті өңдеуге/қайта өңдеуге ұшыраған ел.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тауардың шығарылған жері

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тауардың шығарылған жері

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тауардың шығарылған жері

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылуын айқындау мақсатында және қағидалары (бұдан әрі - әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары) бойынша жүзеге асырылады.

ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау, егер ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарда, ЕАЭО үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, Комиссия белгілеген қағидалар (бұдан әрі – әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары) бойынша жүзеге асырылады. (ҚР Кедендік реттеу туралы кодексінің 55-бабы).

Тауарлардың шығарылған жерін растау

Тауардың шығарылған жері туралы құжаттар

Тауардың шығарылған жері туралы декларация

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

Тауарлардың шығарылған жерін растау

ҚР Кедендік реттеу туралы кодексінің 56-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.

Тауарлардың шығарылған жерін растау, егер:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын;

2) тауарлар Кедендік реттеу туралы кодекстің 39-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін;

3) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделген жағдайларда орын алған жағдайларда талап етілмейді.

3. Егер кеден органы тауарлардың өзінен шыққан тауарлар:

1) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкелуге;

2) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес ЕАЭО кедендік аумағынан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған елден (елдер тобынан, елдердің кеден одағынан, елдің өңірінен немесе бір бөлігінен) шығарылғанын көрсететін белгілерді тапса, Кедендік реттеу туралы кодекстің 56-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың шығарылған жері расталады.

Тауардың шығарылған жері туралы құжаттар

Тауардың шығарылған жері туралы құжаттар:

  • тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе
  • тауардың шығарылған жері туралы сертификат болып табылады.

Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады. (Кедендік реттеу туралы кодекстің 56-бабы)

Тауардың шығарылған жері туралы декларация

Кедендік реттеу туралы кодекстің 57-бабында көрсетілгендей, тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) немесе тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) дайындаушысы, сатушысы немесе жөнелтушісі мәлімдеген тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылған коммерциялық немесе кез келген басқа құжаттауарлардың шығарылған жері туралы декларация болып табылады.

Егер тауардың шығарылған жері туралы декларацияда тауардың шығарылған жері туралы мәлімделген мәліметтердің әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделгені анықталған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы мұндай декларация тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

Тауардың шығарылған жері туралы сертификаттауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда – тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 378-НҚ бұйрығымен Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға өзгерістер енгізілді.

СТ-KZ ЕАЭО-ға экспорттау үшін қалды.

Осы Қағидалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қағидалар 6, 7, 8 және 9-тараулармен толықтырылды:

6-тарау. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау;

7-тарау. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру үшін тауардың шығарылған елін айқындау бойынша талдау жүргізу;

8-тарау. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру;

9-тарау. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың күшін жою.

Жаңартылған «СТ-KZ» сертификаты АЭА аумағынан және еркін қоймалардан өнімді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге, сондай-ақ ел аумағының қалған бөлігіне экспортқа шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әмбебап құрал болып табылады.

Бұл ретте рәсім ЕАЭО Кеден кодексінің және ЕҮАК 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешімінің нормаларын қоса алғанда, мемлекеттің халықаралық міндеттемелеріне толығымен сәйкес келеді. Жаңа рәсім процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, бюрократиялық жүктемені азайтады және құжаттарды алуды жеңілдетеді.

«СТ-KZ» сертификатын алу шарттарының бірі қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме арқылы қазақстандық тауар өндірушінің мәртебесін растау, сондай-ақ АЭА және КО аумақтарындағы қызметті растайтын құжаттарды ұсыну болып табылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 188-VIII Заңымен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне толықтырулар енгізілді, оған сәйкес ҚР КК 8-тарауы Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің  97-1-бабымен толықтырылды.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі - бұл қазақстандық тауар өндірушілер және олар өндіретін Қазақстанда шығарылған тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау

Тауарлардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға сәйкес  тауардың шығарылған елін айқындау үшін тауардың:

1) толығымен Қазақстанда шығарылғаны;

2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғаны анықталады.

Тауардың шығарылған елін айқындау бойынша талдау өтінім және өтінім беруші ұсынған құжаттар негізінде шарттық негізде жүргізіледі.

Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі талдауды уәкілетті тұлға талаптардың сақталуы шартымен құжаттардың толық пакетімен өтінім ұсынылған және тіркелген кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

Тауардың шығарылған елін анықтау бойынша талдау мыналарды қамтиды:

1) тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды талдау;

2) сыртқы белгілері, таңбалануы (атауы, түрі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы кәсіпорын) бойынша тауарды бірдейлендіруді, шығарылуы алғаш рет жүзеге асырылатын СЭҚ ТН тауар кіші субпозицияларына өтінім берілген жағдайда, тауарды және оны өндіру орнын өндірістің орналасқан жеріне барып суретке түсіруді жүзеге асыру;

3) тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын белгілеу мақсатында тауарды өндіру кезіндегі технологиялық процесті талдау;

4) мәлімделген тауардың СЭҚ ТН-ге және ҚР ҰЖ 04 "Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші" (бұдан әрі – СЭҚ ӨЖ)  Қазақстан Республикасының Ұлттық жіктеуішіне сәйкес келуін тексеру.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат беру

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытынды негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.

«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы Сертификат уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда беріледі. Өтініш берушінің өтініші бойынша «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат уәкілетті ұйымның мөрімен және уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған қағаз түрінде беріледі.

Егер өтініш берушінің іс жүргізу орнынан уәкілетті ұйымның тиісті аумақтық бөлімшесіне дейінгі арақашықтық уәкілетті ұйымның басқа аумақтық бөлімшесіне дейінгі арақашықтықтан екі есе артық болған жағдайда, онда өтініш берушіге өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды уәкілетті ұйымның жақын аумақтық бөлімшесіне беруге жол беріледі.

«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру мерзімі «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытынды берілген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды.

«CT-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты тауарларға уәкілетті ұйым ресімдейді, куәландырады және береді:

1) тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және еркін экономикалық аймақтар мен Еркін қоймалар аумағынан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкетілетін;

2) тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және еркін экономикалық аймақтар мен Еркін қоймалар аумағынан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін тауарлар.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат және олардың негізінде берілген құжаттар уәкілетті ұйымда сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақталады.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат онда көрсетілген тауар санына қолданылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тауардың шығарылған жері

ҚР Кедендік реттеу туралы кодексінің 55-бабына сәйкес - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау Одақ туралы шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылған жерін айқындау мақсаттарында және қағидалары бойынша (бұдан әрі – әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары) жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау, егер Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, Комиссия белгілеген қағидалар (бұдан әрі – әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары) бойынша жүзеге асырылады.

Тауарлардың шығарылған жерін растау

Тауардың шығарылған жері туралы құжаттар

Тауардың шығарылған жері туралы декларация

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

Тауарлардың шығуын растау

1. ҚР Кедендік реттеу туралы кодексінің 56-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.

2. Тауарлардың шығарылған жерін растау, егер:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын;

2) тауарлар осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін;

3) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделген жағдайларда орын алған жағдайларда талап етілмейді.

3. Егер кеден органы тауарлардың өзінен шыққан тауарлар:

1) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкелуге;

2) Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған елден (елдер тобынан, елдердің кеден одағынан, елдің өңірінен немесе бір бөлігінен) шығарылғанын көрсететін белгілерді тапса, Кедендік реттеу туралы кодекстің 56-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың шығарылған жері расталады.

Тауардың шығу тегі туралы құжаттар

Кедендік реттеу туралы кодекстің 56-бабына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы құжаттар:

  • тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе
  • тауардың шығарылған жері туралы сертификат.

Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.

Тауардың шығарылған жері туралы декларация

Кедендік реттеу туралы кодекстің 57-бабында көрсетілгендей, тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) немесе тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) дайындаушысы, сатушысы немесе жөнелтушісі мәлімдеген тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылған коммерциялық немесе кез келген басқа құжат тауарлардың шығарылған жері туралы декларация болып табылады.

Егер тауардың шығарылған жері туралы декларацияда тауардың шығарылған жері туралы мәлімделген мәліметтердің әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделгені анықталған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы мұндай декларация тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

Тауардың шығу тегі туралы сертификат

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда – тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат болып табылады.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді.

Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.

Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген кезде, егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат келісімшарттың талаптары бойынша, тауарлар әкелінетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) қағидалары бойынша қажет болса немесе егер тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың болуы әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында көзделсе, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары тауардың шығарылған жері туралы сертификат береді.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары немесе уәкілетті ұйымдары оның көшірмесін және өздерінің негізінде тауардың шығарылған жері айқындалған өзге құжаттарды тауардың шығарылған жері туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті.

Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификат әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделсе, тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.