Жұмыстың жүріп-тұру сипатыжұмыскер өзінің негізгі еңбек функцияларын өзі жұмысқа орналасқан ұйымнан тыс жерде атқаратын қызмет.

Еңбек кодексінің 130-бабына сәйкес жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын кезде жұмыскерлерге тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде болған әрбір күні үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.

Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге:

- темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігінің жұмыскерлері;

- азаматтық авиация жұмыскерлері;

- автомобиль жолдары жұмыскерлері;

- магистральдық құбырлар мен магистральдық байланыс желілері мен ондағы құрылыстардың жұмыскерлері;

- радиорелелiк желiлер мен олардағы құрылыстардың жұмыскерлерi;

- электр берудің әуе желілері мен ондағы құрылыстардың жұмыскерлері;

- байланыс объектілерінің жұмыскерлері;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер жатады.

Егер жұмыскерлер айдың барлық жұмыс күндері сапарда болмаса, төлем жұмыс орнына (жұмыс өндірісіне) бару және кері қайту сапарларының нақты күндерінің санына барабар жүргізіледі.

Мұндай жұмысты орындау жұмыскерді іссапарға жіберу болып табылмайды.

Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында жеке тұлғаның жұмысы жолда өтетін, жүріп-тұру сипаты бар, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жағдайларда - ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегінде жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды деп айқындалған;