-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- аванстық төлемдерді есептеу
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
- Әкiмшiлiк айыппұл
- әкелген күн
- Әкелу туралы өтініш
- Әкімшілік шығыстар
- Әлеуметтiк салық
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік демалыс
- әлеуметтік жәрдемақы
- әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер
- әлеуметтік төлемдер
- Әлеуметтік төлемдер
- әлеуметтік төлемдерді шегеру
- Әрекет етпейтін
- Әскери есепке алу
- өкiлдiк
- Өкілдік шығыстар
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін КТС
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есепке жатқызу әдісімен
- есепке жатқызылатын
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- жарнаманы орналастыру
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
- жылдық кіріс
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- кәсіптік жарналары
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- қарсы тексеру
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есепке қою
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС бойынша шекті кіріс
- ҚҚС ерікті түрде қою
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- ҚҚС-сыз
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосарланған салық салу
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Мобильдік қосымша негізінде АСР
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
- 100.00-нысан
- 101.01-нысан
- 101.02-нысан
- 101.03-нысан
- 101.04-нысан
- 110.00-нысан
- 150.00-нысан
- 180.00-нысан
- 200.00-нысан
- 220.00-нысан
- 300.00-нысан
- 328.00-нысан
- 400.00-нысан
- 421.00-нысан
- 440.00-нысан
- 493.00-нысан
- 500.00-нысан
- 510.00-нысан
- 531.00-нысан
- 540.00-нысан
- 560.00-нысан
- 570.00-нысан
- 590.00-нысан
- 600.00-нысан
- 641.00-нысан
- 700.00-нысан
- 701.00-нысан
- 701.01-нысан
- 710.00-нысан
- 851.00-нысан
- 860.00-нысан
- 870.00-нысан
- 871.00-нысан
- 880.00-нысан
- 910.00-нысан
- 911.00-нысан
- 912.00-нысан
- 913.00-нысан
- 920.00-нысан
- Нақты мекенжайы
- нарықтық бағам
- Негізгі құралдар
- НҚЖ
- нотариус
- Нөлдік ҚҚС
- Нұсқау беру
- Нысаналы жарналар
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- салық салу режим
- Салық салынатын айналым
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық зерттеп-қарау
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- СТБЖ
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерім
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- Шегерімге жатқызу
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- шегерімге өтініш
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- Эмиссиялар
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ жазып беруін бақылау
- ЭШФ ресімдеу
- ЭШФ үзіндісін салыстырмалы бақылау
- Бухгалтер сөздігі
- Н
- 701.01-нысан
СЕН 701.01 - Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 701.01-нысан
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 701.01-нысан
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 701.01-нысан
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер мүлік салығына қатысты болды.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 701.01-нысан өзгертілді, жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабынан (701.01-нысан) жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабының күші жойылды. 701.01-нысанда мүлік салығы бойынша ғана көрсеткіштер белгіленді. Заңды тұлғалар мен ДК (оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ДК қоспағанда), егер оларда салықтың есептік сомасы 300 АЕК-тен асатын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылады. (ҚР СК 596-бабы)
Салық базасын айқындау тәртібі өзгерді:
ДК және заңды тұлғалар үшін мүлікті жүргізілген қайта бағалау ескеріле отырып, бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады. Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау әрбір үш жылда кемінде бір рет жүргізілуге тиіс.
Бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын ДК үшін мыналар болып табылады: салық салу объектісі ретінде танылғаннан кейінгі алғашқы үш жылда - оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы.
Келесі кезеңдерде – нарықтық құн. Бұл ретте мұндай бағалау 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір үш жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс (ҚР СК 591-бабы)
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу тәртібі
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімі
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер
ҚР СК 596-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша ДК (ОД негізінде АСР қолданатын ДК қоспағанда) және ЗТ, егер олардағы салықтың есептік сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 300 еселенген мөлшерінен асатын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін салықтың есептік сомасы салықтық кезеңнің басындағы БЕ деректері бойынша айқындалған тиісті салық мөлшерлемесінің және салық салу объектілерінің баланстық құнының туындысы ретінде айқындалады.
СЕН 701.01 ұсыну мерзімі
ҚР СК 596-бабының 1-тармағына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық органдарына 701.01-нысандағы салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу тәртібі
ҚР СК 593-бабының 5-тармағы негізінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің мөлшерін ҚР СК 596-бабының 1-тармағына сәйкес осындай ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер салықтық кезеңнің басында БЕ деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындайды.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімі
ҚР СК 593-бабының 6-тармағына сәйкес ҚР СК 596-бабының 1-тармағына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші болып табылатын салық төлеушілер осындай ағымдағы төлемдердің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу 104 101 «ЗТ және ДК мүлкіне салық» БСК-не жүргізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 701.01-нысан
СЕН 701.01 - «Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.01-нысан)».
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер
701.01-нысаны
701.01-нысан салық кезеңінің басында бар және салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері өзгерген кезде салық салу объектілері бойынша жер салығын және мүлік салығын есептеуге арналған.
Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.01-нысан) 701.01-нысанның өзінен және есеп-қисапқа қосымшадан тұрады.
Есеп-қисапты ҚР СК 517 және 498-баптарында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар жасайды.
- 701.01-нысандағы қосымша - 701.01-нысандағы жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебіне қосымша.
Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабына осы қосымша аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан елді мекендердің жерлері бойынша жер салығын салық төлеушілердің есептеуіне арналған.
701.01-нысан салық төлеуші аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде толтырады. Бұл ретте бір жолда әрбір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жер учаскелері бойынша жиынтық мәндері көрсетіледі. Осы қосымшада көрсетілген жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есептелген сомасы жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабына көшірілмейді.
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер
ҚР СК 498-бабының 1-тармағына сәйкес жер салығын төлеушілер:
1) меншік құқығында;
2) тұрақты жер пайдалану құқығында;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектілері бар тұлғалар болып табылады.
ҚР СК 516-бабының 1-тармағы негізінде кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша ДК (шағын бизнес субъектілеріне арналған АРС қолданатын ДК қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жерi бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.
ҚР СК 512-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер салық базасына салық мөлшерлемесін қолдану жолымен жер салығының сомасын дербес есептейді.
ҚР СК 502-бабына сәйкес жер учаскесінің және (немесе) жер үлесінің алаңы жер салығын айқындау үшін салық базасы болып табылады.
Жер салығы бойынша салық ставкалары ҚР СК 61-тарауында көрсетілген.
ҚР СК 510-бабының 1-тармағы жергілiктi өкiлдi органдардың ҚР жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін ҚР СК 505 және 506 -баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50%-нан асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің жалпы сомасын есептеу
=
жер учаскесінің алаңы
х.
салық мөлшерлемесі
х.
түзету коэффициенті
4 төлеу мерзімі бойынша жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі
=
жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің жалпы сомасы / 4
ҚР СК 512-бабының 4-тармағына сәйкес жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімдері:
- 25 ақпаннан кешіктірмей;
- 25 мамырдан кешіктірмей;
- 25 тамыздан кешіктірмей;
- 25 қарашадан кешіктірмей.
ҚР СК 512-бабының 5, 6 және 7-тармақтарының негізінде Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде ҚР СК 498-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1. осындай салықтық кезең ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды бірінші төлеу мерзімі болып табылады;
2. ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін ҚР СК 512-бабының 8-тармағында көзделген мерзімдерде тек түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу жүргізіледі.
Жер салығы бойынша мiндеттемелер салықтық кезең iшiнде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер салықтық мiндеттемелердiң өзгеру сомасына осындай салықтық кезеңде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
Салық салу объектiлерiне құқықтар салықтық кезеңнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн есептейдi. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесiне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшiн есептейдi.
ҚР СК 516-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын ұсынбайды.
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу 104 302 «Жер салығы» БСК-не жүргізіледі.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер
ҚР СК 517-бабының 1-тармағына сәйкес мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:
1) ҚР аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) ҚР аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар ДК;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) ҚР СК 518-бабында көрсетілген тұлғалар.
ҚР СК 525-бабының негізінде кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша ДК (шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданатын ДК қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.
ҚР СК 522-бабының 6-тармағына сәйкес ағымдағы төлемдердің мөлшері салықтық кезеңнің басында бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.
Мүлік салығының мөлшерлемелері ҚР СК 521-бабында көрсетілген, мысалы:
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданбайтын және ҚР СК-нің 521-бабының 3, 4 және 5-баптарында көрсетілмеген заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасына 1,5% мөлшерлеме бойынша есептейді.
Мүлік салығын салық базасына 0,5% мөлшерлеме бойынша мынадай төлеушілер есептейді:
1. ЖК;
2. оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын заңды тұлғалар;
3. әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері.
ҚР СК 521-бабының 3-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 0,1% мөлшерлеме бойынша есептейдi.
1. діни бірлестіктер мен ҚР СК 289-бабының 4-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, ҚР СК 289-бабында айқындаған заңды тұлғалар (коммерциялық емес ұйымдар) (дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар);
2. ҚР СК 290-бабында белгілеген заңды тұлғалар (әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар);
3. негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4. мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
5. ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6. ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар;
7. Астана және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар;
8. ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер.
ҚР СК 521-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін технологиялық парктерді қолдануға құқылы:
- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған;
- Мұндай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі.
ҚР СК 521-бабының 1-тармағы 10) тармақшасының ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды;
9. ҚР аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым.
ҚР аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым деп қызметінің негізгі нысанасы ҚР аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағын көрмеден кейінгі пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын заңды тұлға түсініледі.
Салық базасына 0% мөлшерлеме бойынша мүлік салығын ҚР СК 521-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер есептейді:
1. ҚР СК 291-бабының 1-тармағында белгіленген заңды тұлғалар (дербес білім беру ұйымдары);
2. ҚР СК 79-тарауында белгіленген ережелер ескеріле отырып, АЭА аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
3. ҚР СК 80-1-тарауының ережелерін ескере отырып, инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға есептейді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің жалпы сомасын есептеу
=
01.01.2023 жылғы баланстық құн
х.
салық мөлшерлемесі
4 төлеу мерзімі бойынша мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу
=
мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің жалпы сомасы / 4
ҚР СК 522-бабының 7-тармағына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімдері:
- 25 ақпаннан кешіктірмей;
- 25 мамырдан кешіктірмей;
- 25 тамыздан кешіктірмей;
- 25 қарашадан кешіктірмей.
ҚР СК 522-бабының 8, 9 және 10-тармақтарының негізінде салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, оның ішінде ҚР СК 517-бабының 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе олар мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1) осындай салықтық кезеңнің ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды төлеудің алғашқы мерзімі болып табылады;
2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық сомасын тек түпкілікті есептеу және ҚР СК 522-бабының 11-тармағында көзделген мерзімдерде төлеу жүргізіледі.
Мүлік салығы бойынша міндеттемелер салықтық кезең ішінде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, егер ҚР СК 522-бабының 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, осындай салықтық кезеңде салық төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен салықтық міндеттемелердің өзгеру сомасына түзетіледі.
Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге айқындалған келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-і салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғайтылуға жататын сома ҚР СК 522-бабының 7-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілері құнының 1/13-і салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға азайтылады.
ҚР СК 525-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын ұсынбайды.
Мүлік салығын төлеуге арналған БСК
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу 104 101 «Заңды тұлғалардың және ДК мүлкіне салынатын салық» БСК-не жүргізіледі.
Салық тіркелімінің нысаны
Жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық тіркелімінің нысаны бекітілмеген, сондықтан салық төлеушілер салық тіркелімдерін ҚР СК 215-бабының ережелеріне сәйкес дербес әзірлейді.
«Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.01-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары