-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- К
- Кассалық аппарат
Бақылау-касса машинасы - бұл ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеу мен көрсетуді қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы және деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы мен аппараттық-бағдарламалық кешен. (ҚР Салық кодексінің 19-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БКМ бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі БКМ бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БКМ бойынша жалпы ережелер
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексін іске асыру мақсатында және ҚР Салық кодексінің 111-бабының 2 және 5-тармақтарына, 113-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес:
- Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасының чектерін ұстауға қойылатын талаптардың тізбесі;
- Фискалдық деректер операторының тізбесіне енгізу және тізбесінен алып тастау қағидалары;
- Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары;
- бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініштің нысаны;
- осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініштің нысаны;
- бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындаған міндеттемелерді орындау туралы салықтық өтініштің нысаны;
- бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініштің нысаны бекітілді.
Қазақстан аумағындағы ақшалай есеп айырысулар модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және/немесе беру функциясы бар БКМ арқылы міндетті тіркеуге жатады.
БКМ қолдану:
- есепке қою және есептен шығаруды;
- тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
- пайдалануды және қызмет көрсетуді;
- есеп айырысулар туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторлары (ФДО) арқылы беруді қамтиды.
БКМ есепке қою, қайта тіркеу және есептен шығарудың барлық процестері «электрондық үкімет» порталы немесе фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Әрбір касса үшін бақылау-касса машиналарын сәйкестендіру және фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысу туралы деректерді беру кезінде рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау үшін фискалдық деректер операторының сервері генерациялаған сандық код - токен қалыптастырылады.
МКК мен ФДО арасында мәліметтер алмасу «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын пайдалана отырып, қорғалған байланыс арналары (VPN) арқылы автоматты режимде жүргізіледі.
БКМ чектеріне қойылатын жаңартылған талаптар деректердің кеңейтілген жиынтығын көздейді. Енді чекте:
- салық төлеушінің атауы және ЖСН;
- сауда нүктесінің мекенжайы;
- БКМ зауыттық және тіркеу нөмірлері;
- тауардың атауы мен коды (Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес);
- ҚҚС мөлшерлемесі мен сомасы (егер қолданылатын болса);
- сатып алу күні мен уақыты;
- фискалдық белгі;
- чектің түпнұсқалығын тексеруге арналған штрих код;
- фискалдық деректер операторының атауы және оның порталына сілтеме болуы тиіс.
Қажет болған жағдайда чекте сатып алушының ЖСН-і де көрсетіледі, ал барлық ақпарат қазақ және/немесе орыс тілдерінде басылуы мүмкін.
БКМ жаңа моделін қосу үшін өндірушілер эталондық үлгіні, техникалық құжаттаманы, сәйкестік сертификаттарын және тестілеу нәтижелерін ұсынуы тиіс. Енгізу немесе бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады, ал жаңартылған мемлекеттік тізілім Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылады.
БКМ есепке қою және есептен шығару
БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы
БКМ қолданудан кім босатылды
ҚР аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген БКМ мiндеттi түрде қолданылып жүргiзiледi. (ҚР СК 110-бабы)
БКМ қолданудан:
1) жеке тұлға;
2) жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;
3) қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады.
Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді;
4) Ұлттық Банк;
5) екінші деңгейдегі банк;
6) діни бірлестік;
7) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;
8) арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.
Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатын салық төлеуші ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ деректерді бермей қолданады.
Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылуға жатады.
БКМ қолдану
БКМ қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) БКМ салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
БКМ қолдану:
1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды;
4) бақылау-касса машиналарын пайдалануды;
5) бақылау-касса машиналары чегінің мазмұнына қойылатын талаптарды;
6) бақылау-касса машиналарының моделін бақылау-касса машиналарының тізіліміне енгізуді.
7) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді көздейді.
БКМ есепке қою және есептен шығару
Техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланылатын жерiндегі салық органдарына есепке қоюға жатады.
БКМ есепке қоюды, тіркеу карточкасының мәліметтерін өзгертуді және БКМ есептен шығаруды салық органы мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ БКМ бойынша – БКМ салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырады.
БКМ салық органында есептен шығару:
1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) салық төлеуші таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның қызметі тоқтатылған;
3) БКМ техникалық ақауының болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) БКМ кассалық машиналар тізілімінен алып тасталған;
5) БКМ машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
6) БКМ ұрланған, жоғалған жағдайларда, ұрланғаны туралы ішкі істер органдарында арыздың көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде жүргізіледі.
БКМ чегінде не болуы тиіс
ҚР СК 111-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.
Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларына және БКМ чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтиды:
1) салық төлеушінің атауын;
2) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
3) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
5) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
6) чектің реттік нөмірін;
7) ұлттық тауарлар каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
8) ұлттық тауарлар каталогына сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалауға және тауарлардың қадағалануы тиіс тауарларға салынған сәйкестендіру құралын.
9) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
11) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
12) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
13) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
14) фискалдық белгіні;
15) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
16) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
7) тармақшадағы ақпарат деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегінде электрондық түрде көрсетіледі.
Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын БКМ чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.
БКМ чегі бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде ҚҚС сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.
Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша БКМ чегінде қамтылған барлық ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басылады.
БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы
ҚР СК 56-бабының 16-тармағында атап өтілгендей - БКМ және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адам салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:
- бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу фактілерін бейнетіркеумен;
- уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін бақылау-касса машиналарының берілген чектерін фототіркеумен;
- ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектермен расталған, өзіне белгілі бұзушылық фактілері туралы хабарлауға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы беруге жатады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамға қолданылмайды. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі БКМ бойынша жалпы ережелер
Кассалық аппарат - Фискальдық жады бар бақылау-касса аппараты (БКА) фискальдық жады, чек басу құрылғысымен жарақтандырылған және есеп айырысуларда ақша түсімдерін есепке алуға арналған күрделі электрондық есептеу жүйесін білдіреді.
БКМ қолдану жөніндегі жалпы ережелер
БКМ деректеріне өзгерістер енгізу үшін негіздемелер
Қандай жағдайларда БКМ есептен шығару жүргізіледі
БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы
БКМ 2.0.2-нұсқадағы жаңа хаттамасына қайта бағдарламалау
БКМ қолдану жөніндегі жалпы ережелер
Бақылау-касса машинасы (БКМ) – деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы.
Қазақстанда қызмет түрлерін онлайн кассалық аппараттарға кезең-кезеңмен көшіру 2015 жылдан басталды. 2019 жылы - өткізілген мәмілелер туралы деректерді МКК-ға беруге мүмкіндік беретін әдеттегі БКМ-нан онлайн БКМ-ге көшудің үш кезеңі (сәуір, шілде, қазан) болды. 2020 жылдан бастап ҚР аумағында ақшалай есеп айырысулар тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (ДТБФ бар БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі. 2020 жылдан бастап патент бойынша арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерде БКМ қолдану бойынша міндет туындайды.
ҚР аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
Бұл ереже:
1) жеке тұлғалардың;
2) жеке сот орындаушыларының, адвокаттар мен медиаторлардың;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің;
6) екінші деңгейдегі банктердің;
7) діни бірлестіктердің;
8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторының ақшалай есеп айырысуларына.
9) арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Салық төлеушілер қолданатын БКМ салық органдарында есепке алу:
1) БКМ есепке қоюды;
2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
3) БКМ есептен шығаруды қамтиды.
БКМ қолдану кезінде
мынадай талаптар қойылады:
1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін БКМ салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) БКМ салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. ҚР СК 166-бабының 5-тармағы.
БКМ чегінде не болуы тиіс
БКМ чегі - қағаз түрінде не электрондық түрде берілген сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті беруші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын БКМ бастапқы есепке алу құжаты.
БКМ чегі мынадай ақпаратты:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) салық органындағы БКМ зауыттық нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс;
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының
ережелері деректерді беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды. ҚР СК 166-бабының 6-тармағы.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алушы өзінің (сатып алушының) ЖСН/БСН қамтитын БКМ чегін беруді талап ете алады.
БКМ деректеріне өзгерістер енгізу үшін негіздемелер
БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу:
1. БКМ тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту мынадай негіздердің бірі:
1) ДТБФ бар БКМ бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ БКМ бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
2. БКМ тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуді салық төлеуші өзгерістер туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3. Салықтық өтініш салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште тапсырылуы тиіс.
Қандай жағдайларда БКМ есептен шығару жүргізіледі
БКМ есептен шығару :
1. БКМ есептен шығару
мынадай жағдайларда:
1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
3) БКМ техникалық ақауы болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) БКМ мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;
5) БКМ техникалық ақауы жоқ моделі БКМ жаңа моделіне ауыстырылған;
6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ БКМ есептен шығару үшін оны пайдалану жері бойынша салық органына:
1) БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш;
2) салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар БКМ;
3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектері кітабы;
4) БКМ тіркеу карточкасы ұсынылады.
5. Салық органы БКМ есептен шығаруды:
1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін;
2) бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Жауапкершілік
ҚР аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кірістер органында есепте тұрмайтын БКМ қолдану - ескерту жасауға әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 15 АЕК мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 30 АЕК мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50
АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 284-бабының 1, 2-тармақтары.
БКМ чегін немесе тауарлық чекті бермеу не БКМ чегін немесе тауарлық чекті тауар немесе қызмет үшін төленгеннен көп немесе аз сомаға беру - ескерту жасауға әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 20 АЕК мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 30 АЕК мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 284-бабының 3, 4-тармақтары.
БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын немесе тауар чектерінің кітабын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес БКМ техникалық ақауы болған кезде салықтық өтініш беру мерзімдерін бұзу - ескерту жасауға әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 30 АЕК мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 40 АЕК мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50
АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 284-бабының 5, 6-тармақтары.
БКМ бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін:
1) салық төлеушінің атауын;
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) БКМ зауыттық нөмірін;
4) БКМ мемлекеттік кірістер органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасын;
8) фискальдық белгіні көрсетпеу не аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу - ескерту жасауға әкеп соғады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 20 АЕК мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 30 АЕК мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 284-бабының 7, 8-тармақтары.
БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы
ҚР СК 22-бабыны 14-тармағына сәйкес - БКМ және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адамдар өздеріне белгілі болған, бейнетіркеумен расталған бұзушылық фактілері туралы салық органына хабарлауға құқылы.
БКМ және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы беруге жатады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру қағидаларына сәйкес «БКМ және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактісі расталған жағдайда, бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлға 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде сыйақыға алуға жатады».
Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға осындай факті расталған жағдайда сыйақы беру қағидалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 219 қаулысы.
БКМ 2.0.2-нұсқадағы жаңа хаттамасына қайта бағдарламалау.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларда БКМ 2.0.2-нұсқадағы жаңа хаттамасына қайта бағдарламалануы тиіс.
2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Салық кодексінің 166-бабына).
Осыған байланысты «БКМ қолдану мәселелері жөніндегі» жұмыс тобы шеңберінде БКМ әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен (ФДО) бірлесіп БКМ-нен ФДО серверіне БКМ-нен ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді беру бойынша деректерді берудің бірыңғай хаттамасы жаңартылып, бекітілді.
Салық кодексінің 171-бабына сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы (бұдан әрі – ФДО) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.
Қаржы министрінің «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БКМ фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ техникалық талаптары мен сәйкестік нысанына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.
Сервис Учет. Онлайн касса