Берілген сенімхаттарды есепке алу журналы (Д-2 нысаны) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына 7-қосымша.

Журнал сенiмхаттарды тiркеуге, оларды алуға және тапсырманы орындауға арналған.

Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 26-тармағына сәйкес:

26. Тұлғаның активтерді алу кезінде субъектінің атынан әрекет ету құқығын ресімдеу үшін нысаны «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі - 562 бұйрық) бекітілген сенімхат қолданылады.

Сенімхаттар ақша мен активтерді сақтағаны үшін толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалған адамдарға беріледі. Сенімхатқа субъектінің басшылығы қол қояды және мөрмен куәландырылады. Дара кәсіпкерлер мөрмен куәландыруды ол болған кезде жүргізеді.

562 бұйрықпен нысаны бекітілген берілген сенімхаттарды есепке алу журналы берілген сенімхаттарды тіркеу, оларды алу және тапсырманы орындау белгілері үшін қолданылады және сенімхаттарды беруге және тіркеуге жауапты тұлғада сақталады. Барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.
Дара кәсіпкерлер мөрмен бекітуді ол болған кезде жүргізеді.

Осылайша, берілген сенімхаттарды есепке алу журналын жүргізу туралы талап бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құқықтық актілерде бекітілген, сондықтан ол сенімхаттарды беру кезінде ұйымдарда міндетті түрде жүргізілуге және толтырылуға жатады.

Бухгалтерлік есепті жүргізуді бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-239-баптарының талаптарына сәйкес әкімшілік жазаға жатады.