Бюджеттік сыныптама коды (БСК) - бұл кірістердің, шығыстардың және тапшылықты қаржыландыру көздерінің белгілі бір топтамасын білдіретін біріктірілген көп разрядты код.

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларына сәйкес - сыныптамалық код - түсiмдердiң, бюджет шығыстарының әрбiр түрi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгi (топтамалық код).

Қағидалардың 1-тармағы бойынша 1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы (бұдан әрі - Бюджеттік сыныптама) сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет түсімдерін және шығыстарын топтастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 26-бабына сәйкес бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімдері негiзiнде жасалады.

Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес Бюджеттік сыныптама:

  • бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
  • бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
  • бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

3. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында салықтарды, төлемдердi және бюджетке түсетiн басқа да түсiмдердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен көзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.

Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:

  • түсiмдердiң экономикалық белгiлерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Санаттың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
  • түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптың сыныптамалық код 2 белгiден тұрады;
  • түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын кіші сыныптар. Кіші сыныптың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
  • төлем түрiн немесе бюджетке түсетiн түсiмдерді айқындайтын ерекшелiктер. Ерекшеліктің сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.

4. Түсімдердің әрбір түрінің түсімдер сыныптамасының барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптасатын алты таңбалы коды болады.

Бюджет түсімдерінің әртүрлі түрлері үшін бірдей алты таңбалы кодтарды белгілеуге жол берілмейді.

5. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы мынадай негізгі санаттарды қамтиды:

1) 1 «Салықтық түсiмдер»;

2) 2 «Салықтық емес түсiмдер»;

3) 3 «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер»;

4) 4 «Трансферттердің түсімдері»;

5) 5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу»;

6) 6 «Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер»;

7) 7 «Қарыздардың түсімі»;

8) 8 «Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары».

6. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

Бюджеттік сыныптама кодтары (БСК))