-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Қ
- қызметін тоқтату
Кәсіпорынның қызметін тоқтату – бұл оның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру деп біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру түсініледі. Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру оның құрылтайшыларының не оған құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген кәсiпорынды басқару органының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны бөлу немесе оның құрамынан бір немесе бірнеше тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорынды заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастыру ҚР Азаматтық кодексіне, заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы тәртібі ҚР Азаматтық кодексінің 50-бабында, салық міндеттемелерін орындау бөлігінде - ҚР Салық кодексінің 58-бабында көзделген.
ЖШС тарату тәртібі:
1. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының ЖШС-ті тарату туралы шешім қабылдауы.
2. Тарату комиссиясының тағайындалуы.
3. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыскерлерді ЖШС-ті тарату туралы кемінде бір ай бұрын хабардар ету. Жұмыскердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу хабарлама мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін (Еңбек кодексінің 52-бабы).
4. Жұмыспен қамту орталығын жұмыс берушіні тарату туралы хабардар ету.
Жұмыс беруші мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, босату басталғанға дейін бір айдан аз уақыт бұрын жазбаша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы толық көлемде беруге міндетті (Әлеуметтік кодекстің 103-бабының 2-тармағы)
5. Уәкілетті органның тарату туралы жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарламасы (ҚР АК 50-б.).
Тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жазбаша немесе ЭЦҚ қолданумен интернет-сайт арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ-ға хабарлау қажет.
6. Азаматтық кодекстің 50-бабының 3-тармағына сәйкес кредиторлардан шағымдарды қабылдау тәртібі мен мерзімдерін көрсетумен мерзімді баспасөз басылымдарында тарату туралы жариялау.
7. Тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ЖШС тарату туралы салық органдарына хабарлау (СК 58-бабы).
8. Тарату туралы статистикалық органдарды хабардар ету.
9. Дебиторлық берешекті анықтау және алу бойынша шаралар қабылданады.
10. Аралық тарату балансын және тарату салық есептілігін жасау (Азаматтық кодекстің 50-бабы және Салық кодексінің 58-бабы).
11. Салық органдарының салық тексеруін жүргізуі (Салық кодексінің 58-бабы).
Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) Салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш;
2) таратудың салық есептілігі.
Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық органдары салықтық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.
Салық тексеруі аяқталғаннан кейін таратылатын заңды тұлға бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына тарату балансын табыс етеді.
Таратылатын заңды тұлға құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай шарттарды бір мезгілде сақтаған жағдайда тарату балансын береді:
1) салық берешегінің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының болмауы;
3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып кетуінің болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге орындалмаған салықтық өтініштің болмауы -
немесе Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салық бойынша аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық компаниядан салық бойынша аудит қорытындысын алуға құқылы. Салық бойынша аудит негізінде тарату салық төлеуші Салық кодексінің 60-бабында көзделген шарттарды сақтаған кезде жүргізіледі.
12. Кредиторлардың талаптарын Азаматтық кодекстің 51-бабында белгіленген кезектілікпен қанағаттандыру.
Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болған кезде, егер заңда өзгеше белгіленбесе, ол тиісті кезектегі кредиторлар арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына барабар бөлінеді
Тарату комиссиясы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда кредитор заңды тұлғаның тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Соттың шешімі бойынша кредитордың талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкінің есебінен қанағаттандырылуы мүмкін.
Таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң жеткiлiксiздiгiнен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген болып есептеледi.
Егер кредитор сотқа талап арыз бермесе және сот шешімімен кредиторға қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да тарату комиссиясы танымаған кредиторлардың талаптары өтелген болып есептеледі.
13. Қалған мүлікті ЖШС қатысушыларына олардың үлесіне барабар беру.
14. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін ЖШС тарату балансын бекіту.
15. Банк шоттарын жабу.
Салық тексерулері және кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын ЖШС банктік шотты жабады.
16. Салық органдарынан берешектің жоқтығы туралы анықтама алу.
17. Мөрді жою (бар болса).
Мөр ЖШС таратылған кезде жойылуға жатады. Ескі мөрді жою үшін 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 23-қосымшасына сәйкес кәсіпорын бойынша ішкі комиссия жоюға акт жасайды.
18. Қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу
Таратуды тіркеуге өтініш беру. ЖШС таратудың соңғы кезеңі орналасқан жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу болып табылады. Бұл үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ-ға мынадай құжаттар тізбесі ұсынылады:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- қатысушылардың жалпы жиналысының ЖШС тарату туралы хаттамасы немесе жалғыз қатысушының шешімі;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың наразылықтарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
- облигацияларды және (немесе) акцияларды жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде тіркелген шығарылымдардың жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хаты
- заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат (ол болған жағдайда);
- коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына төлегенін растайтын құжат.
Егер тексеру барысында тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, қызметті тоқтатуды тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
19. ХҚКО-да заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін алу.
ЖШС таратылғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-да (ХҚКО) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық беріледі.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне бұл туралы мәліметтер енгізілгеннен кейін Заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.
20. Жарғылық қызмет және жеке құрам бойынша құжаттар мұрағатқа тапсырылады.
Таратылатын резидент заңды тұлғалардың және салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша қызметін тоқтататын ДК жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері СК 60-бабымен реттеледі.
Бұл ретте салық органы Кодекстің 60-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Кодекстің 95-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Яғни, салық органдары аудит жүргізгеннен кейін камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Салықтық тексеруді көздейтін стандартты рәсімнен басқа, ҚР СК 59-бабында көзделген оңайлатылған тәртіп те бар.
Жеделдетілген рәсім бір мезгілде:
- ҚҚС бойынша есепте тұрмаған;
- жекелеген қызмет түрлерін жүргізбейтін;
- ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін арнайы режимді қолданбайтын;
- бұрын қайта ұйымдастырылмаған;
- салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген компанияға қолжетімді.
Мұндай ЖШС ҚР ҚМ МББ тарапынан камералдық бақылаудан өтумен ғана шектеліп, тарату тексеруінсіз істей алады.
Ұйым ҚР ҚМ МББ-на тарату есептілігін берген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде барлық салықтарды, жарналарды және өзге де төлемдерді төлеуге міндетті.
Салық қызметі өтінішті алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде банктерден, кеден органдарынан, қорлардан мәліметтер сұратады. Мәліметтер 20 жұмыс күні ішінде ұсынылады. Содан кейін салық қызметінде камералдық бақылау жүргізуге 10 жұмыс күні бар. Ол аяқталғаннан кейін ЖШС-не:
- қорытынды;
- анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (5 жұмыс күні ішінде) беріледі.
Егер ЖШС бұзушылықтарды жоймаса немесе олармен келіспесе, бұл жағдайда стандартты салықтық тексеру жүргізіледі. Ол ЖШС-дан нәтижелермен келіспейтіні туралы түсініктеме алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей немесе хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін тағайындалады.
Жеңілдетілген рәсім (бұзушылықтар болмаған жағдайда) ЖШС таратуды жүргізу мерзімін бірнеше айға қысқартуға мүмкіндік береді. Алайда ол барлық салық төлеушілерге қолжетімді емес.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңның 16-бабына сәйкес
ЖШС таратылуын тіркеу үшін мыналарды ұсыну қажет:
- заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- меншік иесінің немесе құрылтайшылар жиналысының мөрмен бекітілген шешімі;
- ЖШС-ті тарату туралы жарияланған хабарландыруы бар газеттің бір данасы;
- ЖШС мөрін жоюды жүргізген ұйымнан анықтама;
- тіркеу алымын төлегені туралы түбіртек (ШОБ түбіртекті ұсынбайды).
ХҚКО-ға өтiнiш газеттерде ЖШС-ті тарату туралы хабарландыру жарияланғаннан кейiн 2 айдан ерте берiлмейдi.
«Азаматтарға арналған үкімет» ЖШС-ті таратуға құжаттар пакетін алған кезде рәсімді өткізу тәртібінің толық сақталғанын тексереді, содан кейін ақпаратты БСН Ұлттық тізіліміне енгізеді.
ҚР ҚМ МКБ, өз кезегінде, «Азаматтарға арналған үкіметке» таратылатын ЖШС-тің бюджет алдында салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер береді.
Рәсімнің бұзылуы болмаған және берешек болмаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» өтінішті қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде компания қызметінің тоқтатылу фактісін тізілімде тіркейді. Егер БСН Ұлттық тізілімінде бұл туралы мәліметтер бар болса ғана ЖШС таратылды деп есептеледі.
Бұрынғы меншік иесі қолына заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін алады. Құжаттың қағаз түріндегі көшірмесі ХҚКО-ға беріледі. Немесе оны Egov порталындағы жеке кабинетінен электронды түрде алуға болады.
Егер тарату рәсімінде бұзушылықтар анықталса немесе салық немесе кеден берешегі болса, сондай-ақ есептік тіркеуден алынбаған ЖШС филиалдары мен өкілдіктері болса, ЖШС қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарылады.
«Азаматтарға арналған үкіметке» құжаттар топтамасын ХҚКО-ға өзі келгенде ғана емес, сондай-ақ Egov порталы арқылы да онлайн тапсыруға болады.
Ол үшін порталға кіріп, «Басты», «Бизнес», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және жою» қосымша беттеріне көшу қажет. Содан кейін «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметін таңдау қажет.
Өтінімді толтыру, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беру және мемлекеттік алымды төлеу талап етіледі. ШОБ субъектілері қызметті тегін алады.
Өтінімді Egov порталында өңдеу мерзімі - 5 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің қорытындысы:
- ЖШС қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрық;
- не дәлелді бас тарту болады.