Лицензия - лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

Лицензиялар беру

Лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Лицензияларды беру мерзімі

Лицензиялық алым

Лицензияның қолданылуын тоқтату

Лицензиялар беру

Лицензиялар лицензиардың орналасқан жерi бойынша берiледi.

Егер жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылса, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:

1) олардың қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаны не шетелдік заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін тіркеу орны бойынша, дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері бойынша;
2)
Қазақстан Республикасының аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, оның қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі.

Лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;
2)
қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
3)
заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
4)
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
6)
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Лицензиясы бар қызмет түрi немесе әрекет (операция) шеңберiнде жарамды лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;
2)
өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттар.

Лицензияларды беру мерзімі

Егер Заңға 1-қосымшада өзгеше көзделмесе, лицензиялар олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді.

Лицензиялық алым

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес лицензия (лицензияның телнұсқасы) беру (қайта ресімдеу) кезінде, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де жағдайларда алынады.

Лицензиялық алымның мөлшерлемелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленеді.

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.

Осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.

Лицензияның қолданылуын тоқтату

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) берілген мерзімі өткенде;
2)
жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3)
лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырғанда (оларды қайтарып алғанда);
4)
жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылғанда;
5)
лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда;
6)
осы Заңға 1-қосымшадан лицензия немесе жекелеген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі немесе әрекет (операция) алып тасталғанда;
7)
лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып тасталғанда;
8)
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.

Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиаттар жүзеге асыруға қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқылы емес.

Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиялық қызмет тоқтатылатын жыл үшін лицензиялық алым төлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алым төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.