Салық режимi – бұл осы Кодексте белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемені есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық режимдері
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық режимдері
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық режимдері
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі
Салық режимдері
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде арнаулы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.
Қазақстанда қолданыстағы екі салық режимі белгіленген:
- арнаулы салық режимі;
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі.
Жалпыға бірдей белгiленген малық салу тәртiбiн барлық салық төлеушiлер қолдана алады, өйткенi оны қолдану үшiн шарттар мен шектеулер жоқ.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимін қолдану көзделген:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі;
- Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
- Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі.
Мынадай арнаулы салық режимдерінің күші жойылды:
- бөлшек салық АСР;
- патент негізінде АСР;
- мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;
- тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;
Салық кодексінің 6-бабына сәйкес арнаулы салық режимі - салық төлеуші Салық кодексінд белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі.
Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар бір кестеге жинақталған:
|
Арнаулы салық режимдерінің түрлері |
Субъектілер |
Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш) |
Мөлшерлеме, кіріс %-ы |
Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы |
|
|
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі |
жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар |
бір айда 300 |
жеке табыс салығы – 0 әлеуметтік төлемдер – 4* |
арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі |
|
2 |
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі |
дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары |
бір жылда 600 000 |
4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер* |
арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі |
|
3 |
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі |
шаруа немесе фермер қожалықтары |
- |
жеке табыс салығы – 0,5 |
Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде |
* Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:
- оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
- Кім қолдана алады: ДК мәртебесі жоқ және қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.
- Кіріс: айына 300 АЕК-ке дейін.
- Салық жүктемесі: кірістің 4%-ы (әлеуметтік төлемдер), ЖТС төленбейді.
- Есептілік: декларация жоқ - есептеу e-Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер бойынша автоматты түрде қалыптастырылады.
Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен талаптарын сақтау кезінде қолдануға құқылы.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп мынадай талаптарға сәйкес келетін:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
- жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
- күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар танылады.
Арнаулы салық режимiн қолданудың тәртiбi мен шарттары
- ЖТС, әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді;
- Салық кезеңінде, яғни бір айда алынған кіріс салық салу объектісі болып табылады;
- Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуды жүзеге асыру күні табысты тану күні болып табылады;
- Күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады;
- Арнаулы мобильді қосымшаны ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен пайдалану.
ҚР СК 719-бабының негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықты (бұдан әрі ҚР СК 77-тарауының мақсатында - жеке табыс салығы), әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеудің және төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылады.
Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.
Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.
Күнтізбелік ай өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып немесе қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру кезінде жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен арнаулы салық режимін қолданады.
Қызметті интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыру кезінде арнаулы салық режимін қолдану осы Кодекстің 721-бабының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.
ЖТС және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР төлем көзінен ұсталатын салықты және әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 0% мөлшерлеме бойынша ЖТС және 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді:
- ӘА - бір айдағы кірістің 1% (7 ЕТЖ-дан және АСР бойынша шектен жоғары емес);
- МЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
- ЖМЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
- МӘМСЖ - кірістің 1% (МӘМС туралы ҚРЗ сәйкес).
ҚР СК 720-бабында белгіленгендей жеке табыс салығының сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Арнаулы салық режимінде ЖТС пен әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жүргізеді.
Қызметті жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша арнаулы салық режимінде жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасын салықтық кезең үшін есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дербес жүргізеді.
Бұл ретте төлем құжаттарында көрсетілген кезеңдер үшін арнаулы салық режимінде төленген жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасы арнаулы салық режимінде есептелген жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасы деп танылады.
ЖТС бюджетке есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.
Әлеуметтік төлемдерді арнаулы салық режимінде төлеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арнаулы салық режимін қолдануы
Интернет-платформа операторы Салық кодексінің 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес салық агенті болып табылады, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.
Салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлем сомаларын ұстап қалуды жүргізеді.
Ұсталған ЖТС сомаларын бюджетке аударуды салық агенті есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізеді.
Ұсталған әлеуметтік төлем сомаларын төлеуді салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізеді.
ҚР СК 716-бабының 9-тармағына сәйкес таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін:
- арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;
Оңайлатылған декларация негізінде АСР
Қабылданған Салық кодексінде шағын және орта бизнес үшін арнаулы салық режимінің (АСР) жаңартылған моделі Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі деп аталады
- Кіріс лимиті - 600 000 АЕК.
- ДК және ҚР резидент заңды тұлғалары қолданады.
- Қызметкерлердің саны бойынша шектеулер алынып тасталады.
- Салық мөлшерлемесі 4%, бірақ 50%-ға (2%-ға дейін) төмендетілуі немесе 50%-ға (6%-ға дейін) көтерілуі мүмкін.
- КТС, ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібі;
- Салық кезеңі жарты жыл.
- Есептілік: 910.00-нысан жылына екі рет.
Жеңілдіктер:
- Кіріс 24 000 АЕК-тен астам болған кезде еңбекақы төлеу қорының сомасына салық жүктемесін азайту құқығы;
- Егер түсім 135 000 АЕК-тен аз болса, бухгалтерлік есеп талап етілмейді;
- Бұл режимді қолданған кезде бизнес ҚҚС төлеуші, әлеуметтік салық төлеуші болып табылмайды.
ҚР СК 722-бабының негізінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, осы режимді қолданатын салық төлеушілер үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті есептеу, төлеу және ұсыну жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер:
1) әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды;
2) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды (импортталатын тауарларға қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда).
ҚР СК 723-бабында белгіленгендей 1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары (осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда) қолдануға құқылы.
Шекті кіріс мөлшерін айқындау мақсаттары үшін:
- осы Кодекстің 724-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінің мөлшері ескеріледі;
- қызметті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдана отырып жүзеге асырудан түсетін кірістер ескерілмейді.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдануға
кім құқылы емес
Мыналар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес:
1) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
2) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;
3) құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;
4) арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер);
5) коммерциялық емес ұйымдар;
6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, "Астана Хаб" қатысушылары;
7) бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Салық кодексінің 20-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР бойынша салықтарды есептеу
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы өзі дербес жүргізеді. (ҚР СК 726-бабы)
Жергілікті өкілді органдардың осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің тұрған жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады.
Арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні
ҚР СК 716-бабына сәйкес таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:
1) дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимін көрсеткен жеке тұлғалар үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;
2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған, жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін:
- арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;
4) қалған жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн.
АСР қолдануды тоқтату күні
Өзге де арнаулы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысу жүзеге асырылатын, арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды тоқтату күні қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған күннің алдындағы күн болып табылады.
Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін талаптар туындаған жағдайларда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысу үшін салық төлеуші осындай талаптар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны;
- оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.
Басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні осындай талаптар туындаған күн болып табылады.
Кірісі арнаулы салық режимі үшін шекті кірістен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша кіріс алынғанға дейін тиісті хабарлама береді.
Салық органы камералдық бақылау барысында салық төлеушінің тиісті арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шарттарға сәйкес келмеу фактісін белгілеген кезде салық органы салық төлеушіге осы Кодекстің 82 және 137-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жібереді.
Салық төлеуші өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы хабарламаны салық органына ұсынбаған жағдайда салық органы осындай салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырады немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен ұсынбаған кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатады.
Бұл ретте:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі үшін – арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күн жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні болып табылады.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін тоқтату күні арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күннің алдындағы күн болып табылады;
АСР-ге көшу тәртібі
ҚР СК 716-бабының 4, 7-тармақтарына сәйкес тиісті арнаулы салық режиміне оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде мыналар ауысуға құқылы:
1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын заңды тұлғалар;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне және (немесе) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер;
3) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режиміне – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне – шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер.
7. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне (оның ішінде салық органының шешімі бойынша) ауысқаннан (көшкеннен) кейін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне кейінгі ауысу бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданудың кемінде бір күнтізбелік жылынан кейін;
- соңғы күнтізбелік жылда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған кезде жылдық жиынтық кіріс оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шекті кіріс мөлшерінен аспаса, жүзеге асырылады.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану кезінде кірістерді айқындау тәртібі
ҚР СК 724-бабының негізінде 1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектiсi салықтық кезең үшiн есепке жазу әдісі бойынша алуға жататын (алынған) кіріс (шығыстар есепке алынбай) болып табылады.
Корпоративтік немесе жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеу кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген салық салу объектісі күнтізбелік жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен айқындалған осындай салық салу объектісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген мөлшерінен асқан айдан бастап осындай жұмыс беруші салық төлеушінің өз жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азаяды.
ҚР СК 724-бабы 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде алынған (алуға жататын) кірістердің мынадай түрлерінен (осы баптың 7-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ескеріле отырып):
1) тауарларды өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістен, оның ішінде роялтиден, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан түсетін кірістен;
2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістен;
3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістен;
4) борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған айыппұлдардан, өсімпұлдан және басқа да санкция түрлерінен (егер бұл сомалар оларды шегерімге жатқызу көзделмейтін арнаулы салық режимін қолдану кезеңінде төленсе, сондай-ақ егер бұл айыппұлдар бұрын салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз салынған айыппұлдардан басқа);
5) шығындарды жабу үшін мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған сомадан;
6) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуынан;
7) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi кірістен (қайырымдылық және гуманитарлық көмектен басқа);
8) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуінен;
9) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есепке жатқызылатын, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарынан тұрады.
Егер осы тармақта көзделген кірістер бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызметті жүзеге асырудан алынса (алынуға тиіс болса), онда осындай кірістер осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріске енгізілмейді және оларға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану мақсатында қызметін комиссия және (немесе) тапсырма шарттары бойынша жүзеге асыратын тұлғаның кірісіне осындай тұлғаның шарт (келісім) бойынша сыйақысы ескеріле отырып, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны енгізіледі.
4. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кірістердің мөлшерін:
1) заңды тұлға – жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 5-бөліміне және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес;
2) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкер – осы Кодекстің 21-тарауына, осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына және осы Кодекстің 725-бабына сәйкес ;
3) бухгалтерлiк есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкер – осы Кодекстің 5-бөліміне және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында кірістердің мөлшерін айқындау тәртібіне ұқсас жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындайды.
5. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістерді алған кезде осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілік ұсынуды жүргізеді.
6. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында:
1) мүлікті өтеусіз беретін салық төлеуші үшін – осындай берілген мүлiктiң құны;
2) дара кәсіпкер өтеусіз алған, оған жарнамалау мақсатында (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер осындай тауар бірлігінің құны осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;
3) егер көрсетілген шығыстар мыналарға:
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
- "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
- тұрғынжайды жөндеуге арналған жалға алу төлемақысына енгізілмесе, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде шеккен шығыстары;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдардың сомасы қаралмайды.
7. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;
4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері;
5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, қызметті Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмеген қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген кірісті түзету:
- дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күніне талапты кредитор-салық төлеуші талап етпеген;
- заңды күшіне енген сот актісі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындағанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
8. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше бабында көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген кірістер кіріске бір рет енгізіледі.
Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
9. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:
1) осы Кодекстiң 6-бөлімінің 3-параграфына сәйкес – мүлiктік кірістің;
2) осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген өзге де кірістерінің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу және төлеу, олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес жүргізіледі.
Шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР
- Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (меншікті немесе жалға алынатын жер учаскесі міндетті);
- Салық: айналымнан 0,5%, ЖТС ретінде төленеді (БЖС алып тасталды);
- Мыналардан босату:
- жер салығы және (немесе) жер
учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- әлеуметтік салық;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
- қосылған құн салығы (импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығын
және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда).
Бұл Салық кодексінің 731-бабымен
регламенттелген.
- Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС мөлшері 80%-ға дейін ұлғайтылды.
ҚР СК 728-бабына сәйкес 1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шаруа немесе фермер қожалығының қызметінен түсетін кірістерден жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеудің айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өткізу, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
4. Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеушілер мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде кемінде күнтізбелік бір жыл мерзім бойы қолданады.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде кірістер мен шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізуге, сондай-ақ қолданылатын салық салу режиміне:
1) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне;
2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне қарай олар бойынша тиісті салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Бұл ретте осы тармақта көзделген бөлек есепке алуды салық төлеушілер өздері бекіткен салықтық есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
7. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет бойынша қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою бойынша міндеттеме туындаған жағдайда, салық төлеушіде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу бойынша міндеттеме туындайды.
Салықты есептеу тәртібі
Төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын есептеудi есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді. (ҚР СК 730-бабы)
Декларацияны тапсыру мерзімдері
ҚР СК 733-бабының негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация есептелген жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын салықтан басқа) және жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының сомасын көрсетуге арналған.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация жер учаскесі тұрған жердегі тиісті салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
Арнаулы салық режимін таңдау тәртібі, ауысу және қолдануды тоқтату шарттары
ҚР СК 716-бабының 3-тармағына, 5-тармағына, 6-тармағына сәйкес. 3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші екінші арнаулы салық режимін – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы салық режимдерінің екі дерегін көрсетеді.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды:
1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде, оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде жүргізеді.
Бұл ретте оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде шекті кіріс мөлшері бойынша шектеуді қолдану мақсаттары үшін кірістер мөлшеріне шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер енгізілмейді;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған арнаулы салық режимі осындай салық салу режимі үшін осы бөлімде белгіленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайлардың туындауын қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі
Салық кодексінің 6-бабына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - Салық кодексінің Ерекше бөлімінде белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің, төлеудің базалық тәртібі.
Жалпыға бiрдей белгiленген салық салудың тәртiбiн ҚР Салық кодексінің 715-бабында көрсетiлген арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына жатпайтын салық төлеушiлер қолданады.
Егер жаңадан құрылған салық төлеуші ҚР СК 716-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен арнаулы салық режимін таңдамаса, осындай салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін таңдады деп танылады.
Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін тіркеу кезінде таңдауға, оған арнаулы салық режимінен көшуге болады.
Өзге де арнаулы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысу жүзеге асырылатын, арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды тоқтату күні қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған күннің алдындағы күн болып табылады.
Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін талаптар туындаған жағдайларда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысу үшін салық төлеуші осындай талаптар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.
Басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні осындай талаптар туындаған күн болып табылады.
ЖБР-ды қолдану қағидаттары
ЖБР-ды қолдану кезінде компания кірістер мен шығыстардың бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.
ҚР СК 237-бабына сәйкес - жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған кезде кірістердің мынадай түрлері есепке алынады:
- өткізуден түсетін кіріс;
- құн өсімінен түсетін табыс;
- күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;
- міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;
- талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
- тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс;
- бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс;
- борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл) ... және т.б.
Кірістер мен шегерімдерді түзету ҚР СК 256-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Жылдық жиынтық кіріс ҚР СК 237-бабына сәйкес анықталады.
Бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын кірісі ҚР СК 688-бабында регламенттелген.
ҚР СК 357-бабына сәйкес салық ставкалары мыналарды құрайды:
1. Корпоративтік табыс салығы салық салу объектісіне байланысты мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
1) салықты есептеу үшін салық салынатын кіріс - ҚР СК 357-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелер;
2) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын кірістер – 15 пайыз;
3) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістері - Салық кодексінің 682-бабында белгіленген мөлшерлемелер;
4) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі – 15 пайыз;
5) бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі – 20 пайыз.
2. Салықты есептеу үшін салық салынатын кіріске қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар алған ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметтен – 3 пайыз;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келетіндерден басқа, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметінен – 6 пайыз;
3) осы Кодекстің 330-бабын қолданатындардан басқа, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінен – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы дейінгі салықтық кезең үшін – 5 пайыз, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз;
4) қызметтің мынадай түрлерінен - 25 пайыз:
- кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынған салық салынатын кірісті қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі.
Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібі уәкілетті органмен және Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындалады.
Осы тармақшаны екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметіне қолдану мақсатында Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс және құн өсімінен түсетін кіріс жатады;
казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі;
5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделмеген өзге де қызметтен – 20 пайыз .
ЖБР-де салық төлеу
- КТС мөлшерлемесі 20%;
- ҚҚС - салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерінен 16% (ҚР СК 503-бабы); 5% - дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналым мөлшеріне;
- басқа да салықтар: пайдалы қазбаларды өндіруге, үстеме пайдаға және т.б.
Қызметкерлердің жалақысынан:
- 10% ЖТС (жеке табыс салығы), 8500 АЕК-тен жоғары кірістерден 15%;
· 2026 жылы ЖМЗЖ (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) 3,5% (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген, ҚР Әлеуметтік кодексі 251-бабы)
· 10% МЗЖ
(міндетті зейнетақы жарналары);
· 5% ӘА (әлеуметтік аударымдар) 2026 ж.;
· әлеуметтік
салық 6% (2026 жылы);
· 3% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);
· 2% МӘМСЖ (медициналық сақтандыруға арналған жарналар);
· АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін, МЗЖ - 10%.
Жалақы бойынша салықтар өткен айдың 25-не дейін ай сайын төленеді.
ЖБР-да салықтық есептілік
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен салықтық есептілікті тапсыру:
- СЕН 100.00 КТС бойынша декларация - жыл қорытындысы бойынша (декларация жыл қорытындысы бойынша ұсынылады: есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін);
- СЕН 200.00 ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация (тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырылады: 15.05, 15.08, 15.11 және 15.02 дейін).
Қосымша мыналар ұсынылуы мүмкін:
· СЕН 300.00 (ҚҚС бойынша декларация).
Компания тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең шекті айналым шегінен асқан кезде ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті. (ҚР СК 99-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық режимдері
Салық режимі - ҚР СК 1-бабына сәйкес бұл осы Кодексте белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемені есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
Жеңілдетілген декларация негізінде АСР
Белгіленген шегерімді пайдаланатын АСР
Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен АСР
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі
Салық режимдері
Қазақстанда қолданыстағы екі салық режимі белгіленген:
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі;
- салық салудың арнаулы салық режимі.
Салық салудың жалпы белгiленген режимiн барлық салық төлеушiлер қолдана алады, өйткенi оны қолдану үшiн шарттар мен шектеулер жоқ.
ҚР Салық кодексі 678-бабына сәйкес - салық төлеуші мынадай арнайы салық режимдерінің бірін таңдауға құқылы:
шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды:
- патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін;
- тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін;
- бөлшек салықтың арнаулы салық режимін;
- арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтиды;
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық
режимдерін:
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін;
- ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
Патент негізіндегі АСР
Жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді төлеу фактісін растайтын электрондық құжат патент болып табылады.
ҚР СК 685-бабында патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін қызмет түрлері регламенттелген (олардың барлығы 32).
ҚР СК 683-бабының 2-тармағының негізінде - Патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР:
- жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
- жыл ішіндегі шекті кірісі 3 528 АЕК-тен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.
Тіркелген шегерімді немесе арнайы мобильді қосымшаны пайдаланатын патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең күнтізбелік ай болып табылады.
ДК «Патент құнын есептеу» 911.00-нысанында өз салық міндеттемелерін есептейді.
Нысан алдағы салық кезеңіне - күнтізбелік жылға тапсырылады. Патенттің құны
төлеуге жататын жеке табыс салығынан және әлеуметтік төлемдерден құралады.
Жеке табыс салығы салық салу объектісіне (Кіріс) салық мөлшерлемесін қолдану жолымен
есептеледі:
- сауда саласындағы қызмет үшін 2% (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сауда 1%);
- Саудадан басқа қызмет үшін 1%.
Патент құнына ЖТС (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) және әлеуметтік төлемдер кіреді:
1. ЖТС - салық кезеңіндегі кірістің 1%.
2. МЗЖ - мәлімделген кірістің 10%-ы, бірақ 1 ЕТЖ-ның 10%-нан кем емес және 50 ЕТЖ-ның 10%-нан жоғары емес.
3. Өзі үшін ӘА - мәлімделген кірістің 3,5%-ы, бірақ 1 ЕТЖ-ның 3,5%-нан кем емес және 7 ЕТЖ-ның 3,5%-нан артық емес.
4. МӘМС жарналары - 1,4 ЕТЖ-ден 5%.
Патент құнын төлеу есеп-қисап берiлгенге дейiн жүргiзiледi.
Егер кезең ішінде нақты алынған кіріс сомасы есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен асып кетсе, ДК асып кеткен сомаға қосымша есеп-қисап ұсынады және осы сомадан салық төлеуді жүргізеді.
Егер осы ҚР СК 685-бабының 5-тармағында өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі АСР бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Патент мерзімі 1 айдан 12 айға дейін болуы мүмкін. Патентті ең болмағанда ай сайын ұзартуға болады, патентті бір жылға алу міндетті емес.
Жеңілдетілген декларация негізінде АСР
ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
- Кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны - 30 адамға дейін;
- Кезең ішіндегі кіріс - 24 038 АЕК-тен аспайтын;
ҚР СК 684-бабының 2-тармағы негізінде - Оңайлатылған декларация негiзiнде АСР қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады.
ҚР СК 687-бабына сәйкес Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлерде – кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.
ҚР Салық кодексінің 688-бабының 1-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына оңайлатылған декларацияны, СЕН 910.00 - «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тапсырады.
- 1-жартыжылдық үшін 15 тамызға дейінгі мерзімде;
- 2-жартыжылдық үшін 15 ақпанға дейінгі мерзімде.
Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
- 1-жартыжылдық үшін 25 тамызға дейін;
- 2-жартыжылдықта 25 ақпанға дейін.
Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.
Тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР
ҚР СК 683-бабының 2-тармағы негізінде Тіркелген шегерімді пайдаланумен арнайы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
- Кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны - 50 адамға дейін;
- Кезең ішіндегі кіріс - 144 184 АЕК.
Бұл ретте кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.
Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың жекелеген түрлерінің (тауарды сатып алу; қызметкерлердің табыстары және жеке тұлғаларға төлемдер бойынша шығыстар; салықтарды төлеу; іссапар шығыстары + жеке тұлғалардың стандартты шегерімдері - ДК үшін) арасындағы айырма ретінде анықталатын салық салынатын кіріс салық салу объектісі болып табылады
Салық төлеуші:
- бекітілмеген шығыстардың бір бөлігін (алынған жылдық жиынтық табыс сомасының
30% дейін) шегерімге жатқызуға құқылы, тіркелген шегерімді қолданған кезде
шығыстардың жалпы сомасы жиынтық кіріс сомасының 70%-нан аспауға тиіс;
- салық салынатын кіріс мүгедектердің еңбекақысына жұмсалған шығыстардың 2 еселенген
мөлшерінде және мүгедектердің жалақысынан және басқа да төлемдерінен есептелген
әлеуметтік салық сомасының 50 пайызына азайтуға құқылы.
Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу тәртібі ҚР СК 695-бабында регламенттелген.
Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың
31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынылады СЕН 912.00
«Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданатын салық
төлеушілерге арналған декларация»
Декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке
төлеу
декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік
он күннен кешіктірілмейтін мерзімде
салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Бөлшек салықтың АСР
2023 жылғы 20 наурызда Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оған сәйкес Кодекс Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі атты 77-2-тараумен толықтырылды, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап артқы күнмен енгізілген.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
- салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;
- күнтізбелік жыл ішіндегі кіріс 600 000 АЕК-тен аспайды;
- осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады;
- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып танылады.
Бөлшек салық мөлшерлемесі:
- 4% - ҚР-да және одан тысқары жерлерде салық кезеңінде жеке тұлғаларға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша;
- 8% - заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістер бойынша.
ҚҚС төлеушілер үшін хабарлама берілген күннен бастап
режимге көшу көзделген, ол ҚҚС төлеуші ретінде есептен шығару туралы өтінішпен
бір мезгілде беріледі.
Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнаулы салық
режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып
табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға
құқығы жоқ.
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС және ЖТС бойынша салық мөлшерлемелері:
- Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша 4%. Бұл ретте жергілікті өкілді органдар бөлшек салық мөлшерлемесінің мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқылы;
- кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістер бойынша 8%, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (электрондық шот-фактураның үзіндісімен немесе сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чекті берумен). Осы мөлшерлеменің мөлшері төмендетуге жатпайды.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара төмендетуге тыйым салынады.
Мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушi мөлшерлемелер бойынша салық салынатын кiрiстер бойынша бөлек салық есебiн жүргiзуге тиiс.
Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын), жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық кезеңі үшін жиынтықпен айқындалатын кіріс бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады:
- заңды тұлға - осы Кодекстің 225-240-баптарына сәйкес-;
- дара кәсіпкер - ҚР СК 226-240-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ҚР СК 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас.
Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтарды
қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде бөлшек
салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу
объектісі осындай салық төлеуші-жұмыс берушінің оның жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының
сомасына азайтылуға жатады.
Күнтізбелік тоқсан бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салық
кезеңі болып табылады (ҚР СК 696-4-бабы)
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар (СЕН 913.00) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР
ҚР Салық кодексінің 686-1-бабына сәйкес Арнаулы мобильді қосымша - осы параграфта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша.
Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.
Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.
ҚР СК 686-2-бабына сәйкес Арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланумен арнайы салық режимін дара кәсіпкерлер қолдануға құқылы, олар
- жалдамалы жұмыскерлері жоқ;
- қызметін жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырады;
- мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады: (ҚР СК 686-2-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы);
- ҚР СК 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды;
- салық кезеңі ішіндегі кіріс 3 528 АЕК-тен аспайды (ҚР СК 683-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы).
Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.
Тiркелген шегерiмдi немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады. (ҚР СК 684-бабы).
Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең күнтізбелік ай болып табылады.
ҚР СК 686-3-бабына сәйкес - ЖТС сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшерінде мөлшерлеме қолдану жолымен жүргізіледі.
Әлеуметтік төлемдерді есептеу «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
ЖТС және әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеу арнаулыы мобильді қосымшамен ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізіледі.
ЖТС және әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР
ҚР СК 702-бабына сәйкес Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін шаруа немесе фермер қожалықтары бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде қолдануға құқылы:
- Осы АСР қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырады;
- ҚҚС төлеушілер болып табылмайды;
- Жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жиынтық алаңы ҚР СК 702-бабының 2-тармағында белгіленген шектен аспайды.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бірыңғай жер салығын төлеуді жүргізеді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер учаскесінің бағалау құны салық салу объектісі болып табылады.
Бiрыңғай жер салығын есептеудi салық төлеушi есептi салық кезеңi үшiн салық салу объектiсiне 0,5 пайыз мөлшерiнде мөлшерлеме қолдану жолымен дербес жүргiзедi. ҚР СК 704-бабы.
Салық төлеушiлер ЖТС, әлеуметтiк салық, қоршаған ортаға терiс әсер еткенi үшiн төлемақы, жер салығын, көлiк құралдары салығын, мүлiк салығын төлеуден босатылады (ҚР СК 705-бабы).
Бірыңғай жер салығын төлеушілер 2018 жылдан бастап
әлеуметтік салықты төлеуден босатылды.
Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін бірыңғай жер салығын және
төлемақыны төлеу:
- 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін есептелген сомалар - ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін;
- 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген сомалар - келесі жылдың 10 сәуіріне дейін жүргізіледі.
ҚР СК 705-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк төлемдердi
төлеу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргізіледі. 2018 жылдан бастап
бірыңғай жер салығын төлеушілер ай сайын жұмыскерлердің кірістерінен әлеуметтік
төлемдер мен ЖТС төлейді.
Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды.
Салық төлеушілер СЕН 920.00 бойынша декларацияны - «Бірыңғай жер салығын
төлеушілерге арналған декларация» есепті жылдан кейінгі жылдың 31
наурызына дейін тапсырады.
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру
(балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы
кооперативтері үшін арнаулы салық
режимі.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимдерін қолдануға шетелдік заңды тұлғалар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар құқылы емес. ҚР СК 697-бабының 7-тармағы.
Арнаулы салық режимі акцизделетін тауарларды өндіру немесе қайта өңдеу жөніндегі қызметке қолданылмайды. Есептелген КТС немесе ЖТС, әлеуметтік салық, мүлік салығы және көлік құралдары салығы сомалары 70%-ға азайтылуға жатады (ҚР СК 700-бабы).
Осы арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер ҚР СК 700-бабының 1-тармағында көрсетiлген салықтарды есептеудi жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Бiрыңғай төлемге енгiзiлген сомаларды қоспағанда, төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығының сомасын есептеудi, төлеудi және әлеуметтiк төлемдердi аударуды осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Бірыңғай төлем сомасын есептеу, төлеу осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Бөлек есеп жүргiзiлген жағдайда салық төлеушiлер қосымша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқылы (ҚР СК 411-бабы).
Бюджетке салықтарды төлеу және есеп беру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін ҚР СК 683-бабында көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына жатпайтын салық төлеушілер қолданады.
Осылайша, жалпыға бірдей белгіленген режимді мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер қолданады:
- ҚР СК 683-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінде жұмыс істейтіндер;
- агенттік шарттар бойынша қызметтер көрсететін;
- құрылымдық бөлімшелері (филиалдары) бар;
- ҚР СК 683-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген салық кезеңі үшін кіріс сомасынан асып кеткен;
- ҚР СК 683-бабы 2-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген жұмыскерлердің штат санынан асып кеткен.
Компания тіркеу кезінде жалпыға бірдей белгіленген салық режимін таңдай алады, сондай-ақ егер одан әрі жұмыс барысында компания арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік беретін ҚР СК талаптарын қанағаттандыруды тоқтатса, оған арнайы салық режимінен көше алады.
ЖБР
қолдану қағидаттары
- табыс салығының мөлшерлемесі түсім мен шығыстар арасындағы айырмадан 20% немесе ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 10% (ҚР СК 313-бабы);
- қызметтің кез келген түрінде қолданылады;
- сатудан түсетін айналым мөлшері бойынша шектеусіз;
- қызметкерлердің саны бойынша шектеусіз;
- күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
ЖБР қолдану кезінде компания кірістер мен шығыстардың бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.
ҚР СК 226-бабына сәйкес - ЖБР қолдану кезінде кірістердің мынадай түрлері ескеріледі:
- сатудан түскен;
- бағамдық айырмадан;
- құн өсімінен;
- міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс;
- тіркелген активтердің шығуынан түскен кіріс және т.б.;
Табыстар мен шегерімдерді түзету ҚР СК 286 және 287-баптарында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Шығыстар КТС бойынша шегерімге жатқызылатын және шығарылмайтын өлшемдер бойынша бөлінеді.
20% КТС мөлшерлемесін қолдану үшін база болып табылатын компанияның жылдық жиынтық кірісі ҚР СК 225-бабына сәйкес анықталады. Бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын кірісі ҚР СК 651-бабында регламенттелген.
ЖБР-де
салықтар төлеу
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын компания мынадай салықтарды төлейді:
- КТС 20% (10% - ауыл шаруашылығы өндірушілері);
- қолданылатын қызмет түріне байланысты басқа да салықтар (көлікке, пайдалы қазбаларды өндіруге, үстеме пайдаға және т.б.).
Қызметкердің жалақысынан:
- 10% ЖТС (жеке табыс салығы);
- 10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);
- 2,5% (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2025 жыл);
- 5% ӘА (әлеуметтік аударымдар (2025 жыл);
- әлеуметтік аударымдар сомасын шегергендегі жұмыскерлерге төленетін жұмыс берушінің шығыстарынан 11% әлеуметтік салық (2025 жыл);
- 3% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);
- 2% МӘМСЖ (медициналық сақтандыруға арналған жарналар);
- АҚС шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін МЗЖ 2025 жылы - 10%, ӘА - 5%.
Жалақы бойынша салықтар өткен айдың 25-не дейін ай сайын төленеді.
ЖБР-де салықтық есептілік
Жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде салықтық есептілікті тапсыру:
- жыл қорытындысы бойынша СЕН 100.00 КТС бойынша декларация (келесі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылады);
- ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация СЕН 200.00 (тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырылады: 15.05, 15.08, 15.11 және 15.02 дейін.).
Қосымша мыналар ұсынылуы мүмкін:
- СЕН 700.00 (Көлік құралдары салығы бойынша, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация), СЕН 701.00 (Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы), СЕН 701.01 (Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы) бойынша есеп-қисаптар;
· СЕН 400.00 (Акциз бойынша декларация), есеп-қисап СЕН 421.00 (акциздер);
· СЕН 300.00 (ҚҚС бойынша декларация).
Мүлік салығының ставкасы -1,5% -ды құрайды. Мүлік салығы жыл бойы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан кешіктірілмей тең үлестермен төленеді.