-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- аванстық төлемдерді есептеу
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
- Әкiмшiлiк айыппұл
- әкелген күн
- Әкелу туралы өтініш
- Әкімшілік шығыстар
- Әлеуметтiк салық
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік демалыс
- әлеуметтік жәрдемақы
- әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер
- әлеуметтік төлемдер
- Әлеуметтік төлемдер
- әлеуметтік төлемдерді шегеру
- Әрекет етпейтін
- Әскери есепке алу
- өкiлдiк
- Өкілдік шығыстар
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін КТС
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есепке жатқызу әдісімен
- есепке жатқызылатын
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- жарнаманы орналастыру
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер қойнауын пайдалану
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
- жылдық кіріс
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- кәсіптік жарналары
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- қарсы тексеру
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС асып кетуі
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есепке қою
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС бойынша шекті кіріс
- ҚҚС ерікті түрде қою
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- ҚҚС-сыз
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- Қоршаған орта
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосарланған салық салу
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Мобильдік қосымша негізінде АСР
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
- 100.00-нысан
- 101.01-нысан
- 101.02-нысан
- 101.03-нысан
- 101.04-нысан
- 110.00-нысан
- 150.00-нысан
- 180.00-нысан
- 200.00-нысан
- 220.00-нысан
- 300.00-нысан
- 328.00-нысан
- 400.00-нысан
- 421.00-нысан
- 440.00-нысан
- 493.00-нысан
- 500.00-нысан
- 510.00-нысан
- 531.00-нысан
- 540.00-нысан
- 560.00-нысан
- 570.00-нысан
- 590.00-нысан
- 600.00-нысан
- 641.00-нысан
- 700.00-нысан
- 701.00-нысан
- 701.01-нысан
- 710.00-нысан
- 851.00-нысан
- 860.00-нысан
- 870.00-нысан
- 871.00-нысан
- 880.00-нысан
- 910.00-нысан
- 911.00-нысан
- 912.00-нысан
- 913.00-нысан
- 920.00-нысан
- Нақты мекенжайы
- нарықтық бағам
- Негізгі құралдар
- НҚЖ
- нотариус
- Нөлдік ҚҚС
- нөлдік мөлшерлеме
- Нұсқау беру
- Нысаналы жарналар
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- салық салу режим
- Салық салынатын айналым
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық зерттеп-қарау
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- СТБЖ
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- тарихи шығындарды
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерім
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- Шегерімге жатқызу
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- шегерімге өтініш
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- Эмиссиялар
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ жазып беруін бақылау
- ЭШФ ресімдеу
- ЭШФ үзіндісін салыстырмалы бақылау
- Бухгалтер сөздігі
- Ж
- жер қойнауын пайдалану
Жер қойнауын пайдалану - бұл жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің өндірістік және технологиялық мұқтаждары үшін пайдаланған ілеспе сулар мен суларды қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалану және қорғау, пайдалы қазбаларды өндіру қалдықтарын, ерекше минералдық ресурстарды, жерасты суларын пайдалану саласындағы қызмет.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдалану
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жер қойнауын пайдалану
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдалану
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
ҚР Салық кодексінің 10-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады.
Жер қойнауын пайдаланушылар - бұл Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғалар.
Бұл ретте:
- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар деп жер қойнауын геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және өндіруге, жер қойнауын ағынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар танылады;
- мұнай операциялары деп көмірсутектерді барлау, өндіру, қажетті технологиялық және өндірістік объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар танылады;
ҚР заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар ҚР Салық кодексінде белгіленген барлық салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлейді. (ҚР СК 753-бабы)
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары мыналарды қамтиды:
1) қол қою бонусы;
2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салық;
4) роялти;
5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі;
6) пайдалы қазбаларды өндіру салық;
7) үстеме пайда салығы.
Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесін және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) және (немесе) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының жоғары нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының төменгі нүктесінің тереңдігі 5 000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндiру салығының және үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қорл қою бонусы
Қол қойылатын бонус - бұл келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін біржолғы тіркелген төлем. (ҚР СК 759-бабы)
Қол қою бонусын төлеуші қол қою бонусы бойынша декларацияны СЕН 510.00 тұрған жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.
Қол қою бонусын төлеу мерзімі басталатын күнтізбелік тоқсан қол қою бонусы бойынша салықтық кезең болып табылады.
Аукцион нәтижелерi бойынша берiлетiн лицензияны қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша қол қою бонусының сомасы қол қою бонусын төлеу күнiнде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiлген мөлшерле негiзге алына отырып есептеледi және ҚР СК 762-бабымен регламенттелген.
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен салық есептілігінің нысандары және оларды 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап ұсыну қағидалары бекітілді. Салық есептілігі нысандарының тізбесінде Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша декларация (560.00-нысан) жоқ.
Осылайша, 2026 жыл үшін Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша декларация (560.00-нысан) тапсырылмайды. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша көрсеткіштер СЕН 590.00 жеке қосымшасына енгізілген.
Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем және қатты пайдалы қазбаларға роялти бойынша декларацияны (590.00-нысан) жер қойнауын пайдаланушы тұрған жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей ұсынады.
Күнтізбелік тоқсан пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық
Салық төлеуші 600.00-нысандағы жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша декларацияны тұрған жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Роялти
Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларацияны 500.00-нысан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.
Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.
Декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, қатты пайдалы қазбаларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем және роялти бойынша декларация
(590.00-нысан).
Нысан өзгертілді, себебі ол күшін жойған декларациялардың, 560.00-нысандағы Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем декларацияның және 570.00-нысандағы
Экспортқа рента салығы бойынша декларацияның көрсеткіштерін біріктірді.
Күнтізбелік тоқсан пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша
декларацияны тұрған жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
Үстеме пайда салығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен
олардың жасалуы бойынша түсіндірмемен салық есептілігінің нысандары және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Салық есептілігі нысандарының тізбесінде Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) жоқ.
Осылайша, 2026 жыл үшін Үстеме пайда салығы бойынша декларация (540.00-нысан) тапсырылмайды. Үстеме пайда салығы бойынша көрсеткіштер СЕН 150.00 Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларацияға 12-қосымшасына енгізілді.
Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларацияны (СЕН 150.00) салық төлеуші тұрған жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жер қойнауын пайдалану
Жер қойнауын пайдалану – жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің өндірістік және технологиялық мұқтаждары үшін пайдаланған ілеспе сулар мен суларды қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалану және қорғау, пайдалы қазбаларды өндіру қалдықтарын, ерекше минералдық ресурстарды, жерасты суларын пайдалану саласындағы қызмет.
Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 22-24) тармақшаларына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғалар;
Өз кезегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар деп жер қойнауын геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және өндіруге, жер қойнауын ағынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар түсініледі.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде туындайды, ол деп Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт танылады.
Салық кодексінің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану құқығын берудің басқа да түрлері жатады. Айта кету керек, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 34-тарауының ережелеріне сәйкес, барлаушылардың қызметі де тиісті лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Баяндалғанның негізінде жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде іздеушілердің қызметін жүзеге асыратын тұлғалар деп жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
ҚР Салық кодексінің 720-бабына сәйкес - 1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) қол қою бонусын;
2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;
3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;
4) роялтиді;
5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;
6) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
7) үстеме пайда салығын қамтиды.
Салық режимі Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) (бұдан әрі - Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар 500.00-нысан бойынша Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі бойынша, жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлем бойынша декларация жасайды.
СЕН 510.00 Қол қою бонусы бойынша декларацияны жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша жеке жасайды.
СЕН 531.00 Заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау туралы декларацияны (есеп-қисапты) өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), ҚР Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне пайдалы қазбаларды беруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде пайдалы қазбаларды дербес немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізетін мемлекет атынан алушы жасайды.
СЕН 540.00 Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа топтарын өндіруді көздемеген жағдайда қызметін өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар), қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша, сондай-ақ барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жасайды.
СЕН 560.00 Тарихи шығындарды өтеу бойынша декларацияны жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін тиісті келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалар кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.
СЕН 590.00 Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияны қызметін тек қана игеруге арналған лицензия шеңберінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жасалған келісімшарт шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды алуды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер, көмірсутектерді, минералдық шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.
СЕН 600.00 Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салығы бойынша декларацияны ҚР СК 766-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар жасайды.