-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- А
- Азаматтығы жоқ адам
Азаматтығы жоқ адам - бұл Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелі жоқ адам.
Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін айқындау тәртібі
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін алу үшін жеке тұлға өзі, тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық полиция органдарына Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД) бірінші басшысының атына мәртебеге өтініш білдіру себептерін көрсете отырып, азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.
18 жасқа толмаған адамдар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, олардың заңды өкілдері өтініш береді.
Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін тану рәсіміне адамның өтініші бойынша бастама жасалады.
Өтініш жазбаша нысанда беріледі. Бұл ретте өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжаттарды алу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабына сәйкес жауаптылық туралы ескертіледі.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш-сауалнама;
2) көлемі 3,5 х 4,5 см алты фотосурет;
3) дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама;
4) тергеу-қамауға алынған адамдарға қатысты ПД Тергеу басқармасының өтінішхаты қоса тіркеледі;
5) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қатысты арыз беруші ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өтінішхаты және сот үкімі қоса тіркеледі.
Аталған құжаттардан басқа:
Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе бұрынғы 1974 жылғы үлгідегі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) паспорты бойынша тұрып жатқан адамдар мынадай құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқаларын (салыстырып тексеру үшін) ұсынады:
- туу туралы, некені тіркеу немесе бұзу туралы куәлік;
- 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорты;
- оқу орнынан оқу кезеңі туралы анықтама, негізгі орта білім туралы аттестат, орта-арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом;
- шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (тіркеу куәлігі), әскери билет;
- еңбек кітапшасы;
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрғанын растайтын құжат (үй кітабы, пәтер карточкасы, азаматтарды тіркеу кітабы, шаруашылық кітабынан үзінді-мұрағаттық анықтама);
- бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама не өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіретін басқа құжат.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады және көші-қон қызметі қызметкерінің қолымен және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаған жағдайда көші-қон қызметінің қызметкерлері қазақстандық және шетелдік уәкілетті органдардан қажетті ақпаратты талап ету жөнінде сұрау салулар жібереді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар, Қазақстан Республикасының азаматтығынан не шет мемлекеттің азаматтығынан шығуды ресімдеген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бес жыл болатын және тұрақты тіркеуі жоқ адамдар (оларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімі болған жағдайларды қоспағанда):
- тиісті мемлекеттің азаматтық саласындағы құзыретті органы берген, қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс басқа мемлекеттің азаматтығының болмауын немесе тоқтатылуын растайтын құжат;
- жеке басын куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына бұрынғы тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі.
Бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын нотариус куәландырады. Шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер заңдастыру болған кезде қарауға қабылданады.
Өтініш келіп түскен күні уәкілетті қызметкер оны қабылдауды және азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініштерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.
Өтiнiш тiркелген күнi азаматтығы жоқ адам мәртебесiн беру туралы өтiнiш жасаған адамның куәлiгi берiледi. Мәртебенi айқындау немесе айқындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданғаннан кейiн куәлiк жойылады.
Куәлік өтінішті қарау кезеңіне беріледі, оған көші-қон қызметі бөлімшесінің басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініш білдіруші адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адам деп тану туралы өтінішхаттың тіркелгенін растайды.
Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін айқындау туралы өтінішхат берген кезде және/немесе оны қарау кезеңінде ұсынылған мәліметтердің алшақтығы фактісі анықталған жағдайда, көші-қон қызметі органы өтініш берушімен еркін нысанда сұрау хаттамасын ресімдей отырып әңгімелесу жүргізеді.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін полиция органдарының уәкілетті қызметкері күнтізбелік жеті күн ішінде:
1) материалдарды тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісіне қалыптастырады;
2) өтініш беруші туралы мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін қазақстандық және шетелдік уәкілетті органдардан:
- 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын беру туралы - 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын берген ішкі істер органына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша №1 нысандағы өтініштің көшірмесін беру және өтініш берушіге 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының берілу фактісін және фотосуреттердің ұқсастығын растау үшін, сондай-ақ ерекше белгілердің болуы тұрғысынан (шет мемлекеттің азаматтығы, паспортты айырбастау, жоғалту туралы, құзыретті органдардың сұрау салуы) № 2 нысандағы 1974 жылғы үлгідегі паспорттардың берілуін есепке алу кітабы туралы сұрау салу жіберіледі;
- басқа мемлекеттің уәкілетті органына паспортпен немесе жеке басты куәландыратын басқа құжатпен құжаттау туралы;
- туу туралы акт жазбасы туралы - өтініш беруші қайтадан берілген туу туралы куәлікті ұсынған жағдайда, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына сұрау салу жолдайды;
- өтініш берушінің республика аумағында тұруы туралы - ПД мекенжай-анықтама бюросының архивіне, Мемлекеттік архивтерге, ауылдық округ әкімдіктеріне, білім беру және қорғаныс органдарына тұруы туралы;
- басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылғандығын растау.
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің барлық сервистері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер базасы бойынша адамды тексеруді жүзеге асырады, адамды Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды не оны жоғалтуды, республика аумағында шетелдік ретінде тіркелуді есепке алу бойынша тексеруді жүргізеді. Өтініш берушінің республика аумағында болу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өтуі туралы мәліметтер сұратылады.
Сұрау салулар адамның паспорттық деректері бойынша, сондай-ақ олар өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні бойынша жолданады.
Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан жауаптар болмағанда, жолдаған күннен бір ай өткеннен кейін сұрау салу қайта жолданады.
Бұл ретте материалды қарау мерзімі бір мезгілде өтініш берушіге хабарлай отырып, дәлелді қорытынды негізінде тоқтатыла тұрады.
Материалды қарау мерзімдерін жаңғырту сұратылған мәліметтердің келіп түсуі арқылы жүзеге асырылады.
Өздері туралы хабарлайтын ақпаратқа сәйкестігін немесе айырмашылығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарға қатысты фотосуреттер бойынша жеке басына тану жүргізіледі.
Жеке басын тануды өтініш берушінің жақын туыстары немесе өтініш берушіні кемінде 10 жыл танитын адамдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды.
Мәртебені айқындаудан мынадай негіздердің бірі бойынша бас тартылады:
1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтығы бар екендігі анықталса;
2) мәртебесін анықтауға әсер ететін, құжаттардың дұрыс еместігі не ұсынылған материалдардың сәйкессіздігі еместігі анықталған немесе өтініш беруші өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған жағдайда;
3) өтініш беруші осы Қағидаларға сәйкес құжаттардың толық топтамасын немесе сауалнама мәліметтерін толық ұсынбаған кезде;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарында өтініш берушінің Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздіктің мүдделеріне байланысты тұруы мақсатқа сай еместігі туралы ақпарат болғанда.
Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін айқындау кезінде жалған құжаттар немесе ақпарат беру фактісі анықталған кезде өтініш берушінің тұрақты тұратын жері бойынша көші-қон қызметі органы мәртебенің күшін жою туралы қорытынды шығарады, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алып қоюды және тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алып тастауды жүзеге асырады.
Азаматтығы жоқ адамның мәртебесі адамның Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматтығына қабылдауға байланысты немесе өліміне байланысты тоқтатылады.
Қандай да бір мемлекеттің азаматтығын алған кезде өтініш беруші отыз күндік мерзімде көші-қон қызметі органына хабарлауы тиіс.
Мәртебені тоқтату туралы шешім адамға Қазақстан Республикасының аумағында өзінің жаңа құқықтық мәртебесін реттеуге жеткілікті уақыт беру мақсатында бекітілгеннен кейін бір айдан соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына өзінің қатыстылығына дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі қағидалар
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары