ҚР Еңбек кодексі 71-бабына сәйкес - Өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді.

Демалыс күндері

1. Жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.

2. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында – бір демалыс күні беріледі.

3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.

Жұмыскердің орташа жалақысын есептеу

Бес күндік, сол сияқты алты күндік жұмыс аптасы кезінде орташа жалақыны есептеу еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақы есебінен нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.

ҚР Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес ұйымдарда жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған байланысты, алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы:

40 сағаттық жұмыс аптасы кезінде:

  • алты күндік жұмыс аптасында - 7 сағаттан бес жұмыс күнінен және ұзақтығы 5 сағаттан бір жұмыс күнінен.

36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде:

  • алты күндік жұмыс аптасында - 6 сағаттан алты жұмыс күнінен аса алмайды.

2022 жылы жұмыс уақытының нормасы:

40 сағаттық жұмыс аптасы кезінде:

  • алты күндік - 1981 сағат (248 күн * 7,00 сағат + 49 күн * 5,00 сағат);

36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде:

  • алты күндік - 1782 сағат (297 күн * 6,00 сағат).

2022 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны:

  • алты күндік жұмыс аптасы кезінде - 24,75 күн.

Жұмыс уақытының балансы

Өндірістік күнтізбе