Жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртiбi – Салық кодексiнiң Ерекше бөлiмiнде белгiленген салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi есептеудiң, төлеудiң базалық тәртiбi.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖБТ

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ЖБР


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖБТ


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енді.

ЖБТ кім қолданады

ЖБТ-ны қолдану қағидаттары

ЖБТ-да салық төлеу

ЖБТ-да салық есептілігі


ЖБТ кім қолданады

Салық кодексінің 6-бабына сәйкес  жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі - Салық кодексінің Ерекше бөлімінде белгіленген салықтар мен бюджетке төлемдерді есептеудің, төлеудің базалық тәртібі.

Жалпыға бiрдей белгiленген салық салу режимiн ҚР Салық кодексінің 715-бабында көрсетiлген арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына жатпайтын салық төлеушiлер қолданады.

Егер жаңадан құрылған салық төлеуші ҚР СК 716-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен арнаулы салық режимін таңдамаған жағдайда, мұндай салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін таңдаған болып танылады.

Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін тіркеу кезінде таңдауға, оған арнайы салық режимінен көшуге болады.

Өзге де арнаулы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысу жүзеге асырылатын, арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды тоқтату күні қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған күннің алдындағы күн болып табылады.

Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін талаптар туындаған жағдайларда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысу үшін салық төлеуші осындай талаптар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны;

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.

Басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні осындай талаптар туындаған күн болып табылады.

ЖБТ-ны қолдану қағидаттары

ЖБТ қолдану кезінде компания кірістер мен шығыстардың бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.

ҚР СК 237-бабына сәйкес - жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданған кезде кірістердің мынадай түрлері ескеріледі:

  • өткізуден түсетін кіріс;
  • құн өсімінен түсетін кіріс;
  • күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;
  • міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;
  • талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
  • тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс;
  • бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс;
  • борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл).... және т.б.

Кірістер мен шегерімдерді түзету ҚР СК 256-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Жылдық жиынтық кіріс ҚР СК 237-бабына сәйкес анықталады. Бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын кірісі ҚР СК 688-бабында регламенттелген.

ҚР СК 357-бабына сәйкес салық мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

1. Корпоративтік табыс салығы салық салу объектісіне байланысты мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

1) салықты есептеу үшін салық салынатын кіріс - ҚР СК 357-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелер;

2) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын кірістер - 15 пайыз;

3) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістері - Салық кодексінің 682-бабында белгіленген мөлшерлемелер;

4) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісі - 15 пайыз;

5) бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі20 пайыз.

2. Салықты есептеу үшін салық салынатын кіріске қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлемелері қолданылады:

1) ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар алған ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметтен – 3 пайыз;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келетіндерден басқа, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметінен – 6 пайыз;

3) осы Кодекстің 330-бабын қолданатындардан басқа, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінен – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы дейінгі салықтық кезең үшін – 5 пайыз, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз;

4) қызметтің мынадай түрлерінен – 25 пайыз:

  • кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынған салық салынатын кірісті қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі.

Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібі уәкілетті органмен және Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындалады.

Осы тармақшаны екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметіне қолдану мақсатында Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс және құн өсімінен түсетін кіріс жатады;

казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі;

5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделмеген өзге де қызметтен - 20 пайыз.

ЖБТ-да салық төлеу

  • КТС мөлшерлемесі 20%;
  • ҚҚС - 16% (ҚР СК 503-бабы) салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерінен; 5% - дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналым мөлшеріне;
  • басқа да салықтар: пайдалы қазбаларды өндіруге, үстеме пайдаға және т.б.

Қызметкерлердің жалақысынан:

  • 10% ЖТС (жеке табыс салығы), 8500 АЕК-тен жоғары кірістерден 15%;

·  3,5% ЖМЗЖ (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) 2026 жылы (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген. ҚР Әлеуметтік кодексінің 251-бабы)

·  10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);

·  5% ӘА  (әлеуметтік аударымдар) 2026 жылы;

·   әлеуметтік салық 6% (2026 жылы);

·  3% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);

·  2% МӘМСЖ  (медициналық сақтандыруға арналған жарналар);

· АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, МЗЖ - 10%.

Жалақы бойынша салықтар өткен айдың 25-не дейін ай сайын төленеді.

ЖБТ-да салық есептілігі

Салық есептілігін жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде тапсыру

  • СЕН 100.00 КТС бойынша декларация - жыл қорытындысы бойынша (декларация жыл қорытындысы бойынша ұсынылады: есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін);

Қосымша мыналар ұсынылуы мүмкін:

· СЕН 300.00 (ҚҚС бойынша декларация).

Компания тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең шекті айналым шегінен асқан кезде ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті. (ҚР СК 99-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ЖБР

Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібі - ҚР СК 20-бөлімінде айқындалған тәртіпті қоспағанда, Салық кодексінің Ерекше бөлімінде белгіленген салық және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, олар бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі;


Кімдер ЖБР қолдануға тиіс

ЖБР қолдану қағидаттары

ЖБР-де салықтарды төлеу

ЖБР-дегі салықтық есептілік

Кімдер ЖБР қолдануға тиіс

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін ҚР СК 683-бабында көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына жатпайтын салық төлеушілер қолданады.

Жалпыға бірдей белгіленген режимді мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер қолданады:

  • ҚР СК 683-бабы 2-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген қызмет;
  • агенттік шарттар бойынша қызметтер көрсетеді;
  • құрылымдық бөлімшелері (филиалдары) бар;
  • салық кезеңі үшін кірісі ҚР СК 683-бабының 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілгеннен асатын;
  • салық кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны ҚР СК 683-бабы 2-тармағы 1-тармақшасында көрсетілгеннен асады.

Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін тіркеу кезінде таңдауға, оған арнайы салық режимінен көшуге болады.

ЖБР қолдану қағидаттары

  • табыс салығының мөлшерлемесі 20%, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 10% (ҚР СК 313-бабы);
  •  қызметтің кез келген түрінде қолданылады;
  •  сатудан түсетін айналым мөлшері бойынша шектеусіз;
  •  жұмыскерлердің саны бойынша шектеусіз;
  •  күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

ЖБР қолдану кезінде компания кірістер мен шығыстардың бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.

ҚР СК 226-бабына сәйкес - жалпыға бірдей белгіленген режимді қолдану кезінде кірістердің мынадай түрлері ескеріледі:

  • сатудан;
  • бағамдық айырмадан;
  • құн өсімінен;
  • міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс;
  • тіркелген активтердің шығуынан түскен кіріс және т.б.;

Кірістер мен шегерімдерді түзету ҚР СК 286 және 287-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Жылдық жиынтық кіріс ҚР СК 225-бабына сәйкес анықталады. Бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын кірісі ҚР СК 651-бабында регламенттелген.

ЖБР-де салықтарды төлеу

ЖБР-де салықтарды төлеу:

  • КТС мөлшерлемесі 20%, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 10%;
  • ҚҚС - 12% (ең төменгі айналымнан асқан кезде);
  • басқа да салықтар: көлікке, пайдалы қазбаларды өндіруге, үстеме пайдаға және т.б.

Жұмыскерлердің жалақысынан:

  • 10% ЖТС (жеке табыс салығы);
  • 10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);
  • 2025 жылы 5% ӘА (әлеуметтік аударымдар);
  • әлеуметтік аударымдар сомасын шегергендегі жұмыскерлерге төленетін жұмыс берушінің шығыстарынан 11% мөлшерлеме бойынша (2025 жылы) әлеуметтік салық;
  • 3% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);
  • 2% МӘМСЖ (медициналық сақтандыруға арналған жарналар);
  • АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін, МЗЖ - 10%.

Жалақыны есептеу кезінде жұмыскерлер ЖТС бойынша 14 еселенген АЕК мөлшерінде стандартты салық шегерімін қолдануға құқылы.

Жалақы бойынша салықтар өткен айдың 25-не дейін ай сайын төленеді.

ЖБР-дегі салықтық есептілік

Салықтық есептілікті жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде тапсыру

  • СЕН 100.00 Жыл қорытындысы бойынша КТС бойынша декларация (келесі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылады);
  • СЕН 200.00 ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация (тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тапсырылады: 15.05, 15.08, 15.11 және 15.02 дейін).

Қосымша мыналар ұсынылуы мүмкін:

  • СЕН 700.00 (Көлік құралдары салығы бойынша, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация), СЕН 701.00 (Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы), СЕН 701.01 (Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы) бойынша есеп-қисаптар;

Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын компания ҚҚС төлеуші болуы міндетті емес. ҚҚС бойынша есепке тұруға ол қолма-қол айналым бойынша 20 000 АЕК мөлшеріндегі лимиттен асып кеткен кезде ғана міндетті (ҚР СК 82-бабы).

Мүлік салығының мөлшерлемесі -1,5% -ды құрайды, Мүлік салығы жыл бойы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан кешіктірілмей тең үлестермен төленеді.

Шпаргалка: 2025 жылы жұмыскерлердің жалақысынан алынатын (ЖБР-де) салықтар мен әлеуметтік төлемдердің формулалары

Шпаргалка: 2025 жылы ЖБР кезінде ДК үшін әлеуметтік төлемдер

2025 жылы ЖБР-де ДК үшін салықтар бойынша шпаргалка