Салықтық есепке алу саясаты – бұл субъектiнiң iшкi құжаты, онда жүзеге асырылатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi, салықтық есепке алуды жүргiзудiң, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық базасын есептеудiң әдiстерi мен тәсiлдерi, салық тiркелiмдерiн жасау нысандары мен тәртiбi және т.б. көрсетiледi.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есепке алу саясаты

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық есепке алу саясаты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есепке алу саясаты

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салықтық есепке алу саясаты - салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, ҚР СК талаптарын сақтай отырып, салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.

Салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

Салық кодексінің 202-бабына сәйкес салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады.

Есепке алу құжаттамасында:

1) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін – бухгалтерлік құжаттама;

2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін – тексерудің стандартты файлы;

3) ҚР СК 202-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттары;

4) шот-фактура;

5) салықтық тіркелімдер;

6) салықтық нысандар;

7) салықтық есепке алу саясаты;

8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар қамтылады.

Салықтық есепке алу саясатында қандай ережелер көзделуге тиіс

 Салықтық есепке алу саясатының жекелеген ережелерінің қолданылу мерзімдері

 Салықтық есепке алу саясатын өзгерту және (немесе) толықтыру тәсілдері

 Салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмеген кезде

Салықтық есепке алу саясатында қандай ережелер көзделуге тиіс

Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын ескере отырып өзі дербес бекіткен құжатта – салықтық есепке алу саясатында белгіленеді.

Салықтық есепке алу саясаты, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ДК уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

ҚР СК 203-бабының негізінде салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер:

1) салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес әзірлеген салықтық тіркелімдердің нысандары мен жасалу тәртібі;

2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдардың лауазымдарының атауы;

3) бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет осы Кодексте көзделген жағдайларда, осындай есепке алуды жүргізу тәртібі;

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;

5) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістері;

6) хеджирлеу операцияларын жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді айқындау саясаты, хеджирленетін құжаттар және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдары, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесі;

7) исламдық бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістерді есепке алу саясаты;

8) осы Кодекстің 280-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркеп-белгіленген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

9) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда, осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;

10) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуде қолданылатын цифрлардың ең жоғары саны көзделуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4)8)9) және 10) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

Салықтық есепке алу саясатының жекелеген ережелерінің қолданылу мерзімдері

Салықтық есепке алу саясатының мынадай ережелерінің күші кемінде күнтізбелік бір жыл мерзімге қолданылады:

  • бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;
  • корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістері.

Қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістерінің күші мынадай мерзімге:

  • ҚР СК 487-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда – қосылған құн салығын есептеу мақсатында белгіленген кемінде бір салықтық кезеңге;
  • қалған жағдайларда – кемінде күнтізбелік бір жыл қолданылады.

Салықтық есепке алу саясатын өзгерту және (немесе) толықтыру тәсілдері

ҚР СК 203-бабында белгіленгендей, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатын өзгертуді және (немесе) толықтыруды мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе оның жаңа бөлімін бекіту;

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.

Салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмеген кезде

ҚР СК  203-бабының 6-тармағына салық төлеушінің (салық агентінің):

1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде – тексерілетін салықтық кезеңнің;

2) шағымды берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салықтық кезеңнің;

3) салықтық тексеру жүргізілген салықтық кезеңдер бойынша салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Жер қойнауын пайдаланушы өзінің салықтық есеп саясатында ҚР СК 312-бабының ережелерін қолдану туралы шешімді көрсетуге міндетті.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық есепке алу саясаты

Салықтық есепке алу саясаты субъектінің жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі, салықтық есепке алуды жүргізудің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық базасын есептеудің әдістері мен тәсілдері, салық тіркелімдерін жасау нысандары мен тәртібі және т.б. көрсетілетін ішкі құжаты болып табылады.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

Салықтық есепке алу саясатында қандай ережелер көзделуге тиіс

Салықтық есепке алу саясатының жекелеген ережелерінің қолданылу мерзімдері

Салықтық есепке алу саясатын өзгерту және (немесе) толықтыру тәсілдері

Салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қай кезде жол берілмейді

Жауапкершілік

Салықтық есепке алу саясатында қандай ережелер көзделуге тиіс

Салық кодексінің 191-бабына сәйкес салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер:

1) салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес әзірлеген салықтық тіркелімдердің нысандары мен жасалу тәртібі;

2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдардың лауазымдарының атауы;

3) осындай есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет осы Кодексте көзделген жағдайларда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;

5) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістері;

6) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді айқындау саясаты, хеджирленетін құжаттар және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдары, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесі;

7) исламдық бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістерді есепке алу саясаты;

8) осы Кодекстің 271-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

9) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда, осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;

10) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең жоғары саны көзделуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

Салықтық есепке алу саясатының жекелеген ережелерінің қолданылу мерзімдері

Салық кодексінің 191-бабының 4-тармағында көрсетілгендей салықтық есепке алу саясатының мынадай ережелерінің күші кемінде бір күнтізбелік жыл мерзімге қолданылады:

  • бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі;
  • корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімдерге жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістері.

Қосылға құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдаған әдістерінің күші мынадай мерзімге:

  • ҚР СК 407-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында және (немесе) 407-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда – қосылған құн салығын есептеу мақсатында белгіленген кемінде бір салықтық кезеңде.
  • қалған жағдайларда - кемінде бір күнтізбелік жыл қолданылады.

Салықтық есепке алу саясатын өзгерту және (немесе) толықтыру тәсілдері

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе оның жаңа бөлімін бекіту;

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

Салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қай кезде жол берілмейді

Салық кодексінің 191-бабының 6-тармағына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің):

1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде – тексерілетін салықтық кезеңнің;

2) шағымды берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салықтық кезеңнің;

3) салықтық тексеру жүргізілген салықтық кезеңдер бойынша салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 259-бабының ережелерін қолдану туралы шешімді өзінің салықтық есепке алу саясатында көрсетуге міндетті.

Жауапкершілік

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 276-бабына сәйкес:

1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың сақталмауы ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 25,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 50,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.

Салықтық есеп саясатының автоқұрастырушысы