-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ ресімдеу
- Бухгалтер сөздігі
- А
- Айналым күні
Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айналым күні
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі айналым күні
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айналым күні
ҚР СК 460-бабына сәйкес 1. Осы баптың 2, 5, 7 - 12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:
1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе – мынадай күндердің бірі:
- өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;
- тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;
2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде – өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;
- қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
2. ҚҚС төлеуші сатып алушының билігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген және тауарларды автожанармай құю станциялары өткізген кезде осындай тауарларды сатып алушыға іс жүзінде берілген күнге тура келетін айдың соңғы күнін өткізу бойынша айналымды жасау күні деп тануға құқылы.
3. Осы баптың 4, 5, 6 және 13-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
- орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
- орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
4. Банк операцияларын жүзеге асыру, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтерді, ойын автоматтарын ұтыссыз, дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалануға беру бойынша қызметтерді көрсету кезінде неғұрлым ерте болатын мынадай күндердің бірі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады:
1) әрбiр төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күн;
2) бухгалтерлік есепке алуда қызметтерді көрсету деп танылған күн.
5. Мыналар:
- электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерiн, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде;
- Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін төлемақы алынатын қызметтерді көрсеткен кезде;
- Мемлекеттік корпорация қызмет көрсеткен кезде;
- төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде төлем карточкаларымен және электрондық ақшамен операциялар бойынша қалыптастырылатын ақпаратты жинау, алмасу, өңдеу және тарату бойынша қызметтер көрсету кезінде тауарлар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін ағынды жүйелерді және кәрізді тазалау бойынша жұмыстар, қалдықтарды жинау бойынша көрсетілетін қызметтер (қоқысты жою), лифтілерге, домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтер коммуналдық көрсетілетін қызметтер деп түсініледі.
6. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде (теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдаудан басқа) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кеш болатын күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
7. Телекоммуникация желілеріндегі интернет-ресурста орналастыруды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде мерзімді баспасөз басылымы берілген күн немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберілген күн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылған күн айналымды жасау күні болып табылады.
8. Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда:
1) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияның тіркелген күні;
2) тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
9. Бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген жағдайда:
1) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауар мерзімдік немесе уақытша декларациялау пайдаланылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде тауарларға декларацияны тіркеу күні;
2) тауарлар уақытша декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
10. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алуды қолдану процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға ауысқан күн кепiл беруші үшiн өткізу бойынша айналымды жасау күнi болып табылады.
11. Мүлік қаржы лизингіне берілген кезде:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде – осындай төлемді алу мерзімі басталған күн;
2) сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шарты бойынша алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы бөлігінде – мүлік қаржы лизингіне берілген күн;
3) осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталған кезде, сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдердің мерзімінен бұрын өтелген сомалары бөлігінде – осындай төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күні;
4) сыйақының есепке жазылған сомасы бөлігінде – неғұрлым ерте болатын мынадай күндердің бірі:
- есепті салықтық кезеңнің соңғы күні;
- қаржы лизингі шарты бойынша сыйақыны есепке жазу тоқтатылған соңғы күн өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Осы тармақтың ережелері ҚР СК 213-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда қолданылады.
12. Осы Кодекстің 474-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймағын кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде, салық төлеуші жоғалу фактісін анықтаған күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
13. Бейрезидент орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер ҚР СК 454-бабына сәйкес ҚҚС төлеушінің айналымы деп танылған жағдайда, мынадай күндердің бірі осындай айналымды жасау күні болып табылады:
шарттың тараптары болып табылатын өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күн;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге құжат болған кезде – бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығындар бухгалтерлік есепке алуда танылған күн.
14. ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынған күннің алдындағы күн ҚР СК 449-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген айналымды жасау күні болып табылады.
15. Егер осы баптың 3 және 13-тармақтарында айқындалған құжаттарда бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кеш болатыны құжатқа қол қойылған күн болып табылады.
16. Берешекті өтеу есебіне бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының балансына бұрын қабылданған кепілге салынған мүлікті бөліп төлеу шарттарымен өткізу кезінде сатып алу-сату шарты бойынша осындай төлемді алу мерзімі басталған күн немесе оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай осындай төлемді алған күн өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі айналым күні
ҚР Салық кодексінің 379-бабына сәйкес - Осы баптың 2, 5, 7 – 12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:
1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе – мынадай күндердің бірі:
- өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;
- тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;
2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде – өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;
- қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
2. Сатып алушының билігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде осындай тауарлар сатып алушыға іс жүзінде берілген күнге тура келетін айдың соңғы күні өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
- орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
- орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
Бұл ретте, Салық кодексінің 379-бабы 15-тармағына сәйкес, егер құжаттарда бірнеше күндер көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым соңғысы құжатқа қол қою күні болып табылады.
Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;
2) тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Бұрын экспорт кедендік рәсіммен орналастырыла отырып әкетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауар мерзімдік немесе уақытша декларациялау пайдаланылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;
2) тауарлар уақытша декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Бейрезидент орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер осы Кодекстің 373-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің айналымы деп танылған жағдайда, мынадай күндердің бірі осындай айналымды жасау күні болып табылады:
- шарттың тараптары болып табылатын өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күн;
- орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат болған кезде – бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығындарды бухгалтерлік есепте тану күні.
Бұл ретте, Салық кодексінің 379-бабы 15-тармағына сәйкес, егер құжаттарда бірнеше күндер көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым соңғысы құжатқа қол қою күні болып табылады.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күні:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын тапсырған күннің;
2) осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннің алдындағы күн болып табылады.