Тiркелген активтер тобының (немесе кiшi тобының) құндық балансы осы активтердiң түсуiн, шығуын және түзетiлуiн ескере отырып, салық кезеңiнiң басындағы құнын көрсететiн соманы бiлдiредi. Басқаша айтқанда, бұл кезең iшiндегi барлық өзгерiстер ескерiлгеннен кейiн салық салу мақсаттары үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдардың қалдық құны.

Құндық балансты анықтау

ҚР Салық кодексінің 267-бабының негізінде - 1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша жүзеге асырылады.

2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салықтық кезеңнің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады. І топтың құндық балансы негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша кіші топтардың құндық баланстарынан және осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалыптастырылған кіші топтың құндық балансынан тұрады.

3. Кіші топтардың салықтық кезеңнің басындағы осы Кодекстің 272-бабына сәйкес салықтық кезеңде жүргізілген түзетулер ескерілетін құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.

4. Тіркелген активтер:
1)
І топ бойынша – әрқайсысы топтың құндық балансының жеке кіші тобын түзетін тіркелген активтер объектілері бөлінісінде;
2)
ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бөлінісінде есепке алынады.

5. Келіп түскен тіркелген активтер кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы бапта айқындалған тәртіппен, осы Кодекстің 268-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.

6. Шығып қалған тіркелген активтер кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы бапта айқындалған тәртіппен, осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.

7. Кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансы былайша айқындалады:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салықтық кезеңнің аяғындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 273-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер.
Кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.

8. Кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің аяғындағы құндық балансы былайша айқындалады:
кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансы
қосу
салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер
алу
салықтық кезеңде шығып қалған тіркелген активтер
қосу
осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер.

9. Сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жеке құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 194 және 195-баптарының негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 270-бабы 8-1-тармағы қолданылады

Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 28) тармақшасында көзделген ақшаны алу жолымен осындай тіркелген активтердің құны өтелген жағдайда, бухгалтерлік есепте активті тану тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде - кіші топтың (топтың) құн балансын ақша сомасына тең құнға азайту.