Ақша операциялары – бұл жеке және заңды тұлғалардың ақша қаражатымен немесе өзге де мүлiкпен, оларды жүзеге асырудың нысаны мен тәсiлiне қарамастан, олармен байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған iс-әрекеттерi.

ҚР қолданыстағы заңнамасында «ақша операциялары» ұғымының анықтамасы жоқ, анықтамалар бар:

Ақшалай есеп айырысулар - қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысу арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар;

Ақша аударымы - Ақша аудару – көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің клиенттің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге де мақсаттарға байланысты ақша беру туралы нұсқауын дәйекті орындауы.

Сондықтан «ақша операциялары» ұғымына ақша қаражатымен байланысты операцияларды жатқызуға болады.

Ақша қаражатымен жасалатын операцияларға мыналар жатады:

қолма-қол ақша қаражатымен операциялар:

·        қолма-қол ақша қаражатын шоттан алу немесе шотқа есепке алу;

·        қолма-қол шетел валютасын сатып алу немесе сату;

·        жеке тұлғаның чек бойынша ақша қаражатын алуы;

·        бір құндылықтағы банкноттарды басқа құндылықтағы банкноттарға айырбастау;

·        шотқа қолма-қол ақша қаражатын есепке алу (салымға орналастыру);

банк шоттары (салымдары) бойынша операциялар:

·        жеке немесе заңды тұлғаның бір банк күні ішінде әр түрлі банктер (филиалдар) арқылы шотқа қолма-қол ақша қаражатын есептеуі (салымға орналастыруы);

·        ақша қаражатын салымға (депозитке) орналастыру;

·        қолма-қол ақша қаражатын төлеу туралы өкіммен операциялар жүргізілмеген шотқа ақша қаражатын есептеу;

·        салымды (депозитті) ашу;

ақшалай нысанда кредиттер (қарыздар) беруге және алуға байланысты операциялар:

·        кепілге кредит беру;

·        кредит (қарыз) беру немесе алу;

бағалы қағаздармен жасалатын операциялар