Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) - бұл Қазақстанда электрондық шот-фактураларды жазып беру, тіркеу, қабылдау, жөнелту, беру, алу және өңдеу үшін esf.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан электрондық платформа. Бұл мемлекеттік жүйе (жүйе операторы - ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті).

Шот-фактураларды электрондық түрде жазып беру және алу үшін https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login/#!/registration мекенжайы бойынша орналасқан ЭШФ АЖ веб-қосымшасында ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеу процесінен өту қажет.

ЭШФ АЖ бастапқы тіркеу жөніндегі нұсқаулық

ЭШФ АЖ мобильді нұсқасы әзірленді

Google «Play Маркет»-те Android 6.0 және одан жоғары платформаға арналған ЭШФ АЖ мобильді қосымшасының бета нұсқасы (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.osdkz.esf) орнату үшін қол жетімді.

Қосымша салық төлеушілерге смартфон арқылы электронды нысанда мынадай құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

  • электрондық шот-фактуралар (ЭШФ);
  • тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ);
  • электрондық шарттар (ЭШ);
  • орындалған жұмыстардың актілері (ОЖА).

Қосымша жүйенің тіркелген қатысушыларына ғана қолжетімді, сондықтан бета-нұсқада жұмыс істеу үшін ЭШФ АЖ веб-порталында (https://esf.gov.kz: 8443/) тіркеуден өту қажет. ЭШФ АЖ-да тіркелу үшін нұсқаулықты пайдалануды сұраймыз.

Егер
ЭЩФ АЖ мүшесі ретінде тіркелсеңіз, құрылғыны дербес компьютерге қосу арқылы ЭЦҚ файлдарын смартфонға жүктеу немесе электрондық поштадан смартфондағы ЭЦҚ файлдарын сақтау қажет.


«ЭШФ» АЖ
мобильдік қосымшасы жүйенің мынадай функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді:

  • ЭЦҚ арқылы қосымшада авторлануды жүзеге асыру, сондай-ақ ЖСН және құпиясөз, 4 таңбалы қолжетімділік коды, саусақ ізі және Face ID бойынша тез кіру баламалы мүмкіндігін пайдалану.
  • Смартфон экранына push-хабарламалар алу және қосымшадағы хабарламаларды қарау, бұл сіздің контрагенттеріңіздің немесе компанияңыздың қызметкерлерінің бастамасы бойынша ЭШФ, ТІЖ, ОЖА және ЭШ бойынша орын алған көшіру, өзгерту, кері қайтарып алу, ауытқу және басқа да оқиғалар бойынша маңызды оқиғаларды жібермеуге мүмкіндік береді.
  • Компания басшысына жаңа қызметкерлерді шақыруға, ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу үшін қызметкерлердің өкілеттіктерін тағайындап, редакциялауға, қажет болған жағдайда қызметкерлерді бұғаттауға мүмкіндік береді. Компания қызметкеріне ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін басшының шақыруын қабылдауға мүмкіндік береді.
  • ЭШФ-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: контрагентке негізгі, түзетілген, қосымша ЭШФ құру және жіберу (оның ішінде ТІЖ, ОЖА, ЭМС ОЖА негізінде ЭШФ құру), ЭШФ-ны кері қайтарып алу, алынған түзетілген және қосымша ЭШФ-ны қабылдамау, алушының ЭШФ-ны кері қайтарып алуын қабылдамау, ЭШФ-ны қарау, баспа нысанын жүктеу, жоба жазбалармен жұмыс істеу.
  • ТІЖ-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: бастапқы, түзетілген ТІЖ құру және контрагентке қайтаруға жіберу, ТІЖ кері қайтару, қабылдамау және растау, ТІЖ қарау, баспа нысанын жүктеу, жоба жазбалармен жұмыс істеу.
  • ОЖА-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: ОЖА құру және контрагентке жіберу, ОЖА қайтарып алу, растау және қабылдамау, ОЖА бұзу, ОЖА қарау, баспа нысанын жүктеу, жоба жазбалармен жұмыс істеу.
  • ЭШ-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: шартты растау, контрагентке шартты жіберу, шартты кері қайтарып алу, шартты бекіту және одан бас тарту, шартты бұзу, шартты қарау және баспа нысанын жүктеу.
  • ЭШФ АЖ веб-порталында жарияланған жаңалықтарға тез қол жеткізу.
  • Өзіндік бейінді редакциялау (жеке деректерді, e-mail мен құпиясөзді өзгерту).