Пайдалы қазбалархимиялық құрамы мен физикалық қасиеттері оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге де мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералды түзілімдер, көмірсутектер мен жерасты сулары, сондай-ақ құрамында пайдалы құрауыштар бар табиғи минералды түзілімдер мен органикалық заттар. (ҚР Салық кодексінің 10-бабы)

Өндiру – Минералдық шикiзатты уақытша сақтауды қоса алғанда, Жер қойнауынан жер бетiне, сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi Техногендiк минералдық түзiлiмдерден Пайдалы қазбаларды алумен байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкiл кешенi. (Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңның 1-бабының 3-тармағы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалы қазбаларды өндіру

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі пайдалы қазбаларды өндіру


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалы қазбаларды өндіру

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ПҚӨС - Пайдалы қазбаларды өндіру салығына қатысты болды.

Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң (ТМТ) құрамынан алынған пайдалы қазбаларға ПҚӨС мөлшерлемесін 10 есе төмендету.

Салық кодексінің 783-бабына сәйкес ТМТ-дан алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 781-бабында белгіленген мөлшерлемелерге 0,1 төмендету коэффициентін қолданады.

Өндiрiлген уран үшiн өндiру көлемi мен уран концентратының әлемдiк бағасын ескеретiн гибридтiк шкала енгiзiледi.

Салық кодексінің жаңа редакциясында ҚР СК 781-бабына сәйкес мөлшерлемелер көзделген және жылдық өндіру көлемі мен табиғи уран концентратының орташа өлшенген бағасына байланысты.

Өндірілген алтын мен күміске ПҚӨС прогрессивті салу, әлемдік бағаларға байланысты 7,5%-дан 11%-ға дейін.

Тау-кен саласындағы қолданыстағы капиталды қажетсінетін жобаларды 5 жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату.

Бұл норма Жаңа Салық кодексінің 782-бабында регламенттелген.

Осы баптың нормаларына сәйкес ПҚӨС-тен босатуды қолдану үшін бір мезгілде 3 шартты сақтау қажет:

  1. жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша минералды шикізатты өнеркәсіптік өндіру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған талаптар сақталған кезде 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басталды;
  2. жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі 15 пайызды және одан азды құрайды.
  3. пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы тармақта көрсетілген мөлшерлемесі қолданылған жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы өзара байланысты тараптың пайдасына иеліктен шығаруды қоспағанда, осы тармақтың ережелерін қолдану кезеңі ішінде иеліктен шығарылуға жатпайды.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) бойынша ережелер ҚР Салық кодексінің 89-тарауымен регламенттелген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен оларды жасау бойынша түсіндірмесі бар салық есептілігінің нысандары және 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді.

Бұйрыққа сәйкес Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, қатты пайдалы қазбаларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем және роялти бойынша декларацияға (590.00-нысан) қайта аталды.

Нысан өзгертілді, себебі ол күшін қойған 560.00-нысандағы Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем бойынша декларация мен 570.00-нысандағы Экспортқа рента салығы бойынша декларация атты декларациялардың көрсеткіштерін біріктірді. Кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларға роялти бойынша көрсеткіштер қосылды. Осы негізде нысанның қосымшалары көп, олардың әрқайсысында жеке салықтардың, төлемдердің және роялтидің есебі келтіріледі. Төрт қосымшаның орнына нысанда жеті қосымша бар.

Декларация кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, қатты пайдалы қазбаларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді және роялтиді есептеуге арналған және оны салық төлеушілер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 85, 88, 89 және 90-тарауларына сәйкес жасайды.

Осы нысан 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Төлеушілер

Салықтық кезең және салық декларациясы

Төлеу мерзімдері

Төлеушілер

Кен іздеушілікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы төленбеген техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмірсутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықтарды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады (ҚР СК 773-бабы).

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.

Жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, өндірілетін минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты суларының және емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы ҚР СК 89-тарауында белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде өндірген көмірсутектердің физикалық көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.

ҚР СК 775-бабына сәйкес салықтық кезеңде өндірілген көмірсутектер көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады.

Бюджетке төленуге тиiстi пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасы салық салу объектiсi, салық базасы мен мөлшерлемесі негiзге алына отырып айқындалады.

Салықтық кезең және салық декларациясы

Күнтізбелік тоқсан пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық кезең болып табылады. (ҚР СК 787-бабы)

Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, қатты пайдалы қазбаларға тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем және роялти бойынша декларация (590.00-нысан) пайдалы қазбаларды өндіру салығын (бұдан әрі - ПҚӨС) есептеуге арналған. Декларацияны әрбір жасалған жеке келісімшарт/жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия шеңберінде техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды алуды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.

  • 1-тоқсан - 15 мамырдан кешіктірмей,
  • 2-тоқсан - 15 тамыздан кешіктірмей,
  • 3-тоқсан - 15 қарашадан кешіктірмей,
  • 4-тоқсан - 15 ақпаннан кешіктірмей.

Төлеу мерзімдері

Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын тұрған жерi бойынша бюджетке салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

Баланстан тыс қорлар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы баланстан тыс пайдалы қазбалар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар өткізілген салықтық кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей, тұрған жері бойынша төленеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі пайдалы қазбаларды өндіру

Өндiру - Минералдық шикiзатты уақытша сақтауды қоса алғанда, Жер қойнауынан жер бетiне, сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi Техногендiк минералдық түзiлiмдерден Пайдалы қазбаларды алумен байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкiл кешенi. (Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңның 1-бабының 3-тармағы)

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңға сәйкес пайдалы қазба - жер қойнауындағы қатты, сұйық немесе газ түріндегі (оның ішінде жерасты сулары мен емдік балшық), материалдық өндірісте пайдалануға жарамды табиғи минералды зат.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер кім болып табылады

590.00-нысандағы декларация

Салықтық кезең және төлеу мерзімдері

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия беру

Пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер кім болып табылады

ҚР СК 738-бабына сәйкес - кен іздеушілікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде олар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмірсутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.

590.00-нысандағы декларация

Декларация декларацияның өзінен (СЕН 590.00) және ПҚӨС төлеу бойынша салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (590.01-ден 590.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.

  • 590.01-нысандағы қосымша - Көмірсутектерге ПҚӨС есептеу.
  • 590.02-нысандағы қосымша - Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералдық шикізатқа ПҚӨС есептеу. 590.02-нысандағы
    қосымша салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералдық шикізатқа ПҚӨС есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
  • 590.03-нысандағы қосымша жер асты суларына ПҚӨС есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
  • 590.04-нысандағы қосымша - Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға ПҚӨС есептеу.

ҚР СК 747-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Салықтық кезең және төлеу мерзімдері

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады (ҚР СК 749-бабы).

Төлеу мерзімі:
Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын тұрған жерiндегі бюджетке салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

СЕН 590.00 Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация жер қойнауын пайдаланушы ҚР СК 751-бабына сәйкес орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады:

  • 1-тоқсан - 15 мамырдан кешіктірмей,
  • 2-тоқсан - 15 тамыздан кешіктірмей,
  • 3-тоқсан - 15 қарашадан кешіктірмей,
  • 4-тоқсан - 15 ақпаннан кешіктірмей.

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия беру

2022 жылғы 1 қарашадан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге Лицензияны электрондық форматта алуға болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2022 жылғы 1 қарашадан бастап Minerals.gov.kz жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.

Бұрын жер қойнауын пайдаланушылар Қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге лицензия беруге арналған өтініштерді беру және қарау қағидаларына сәйкес қағаз форматында құжаттар тапсырған.

Осы сәттен бастап платформа қолданыстағы қағаз нұсқаға балама ретінде электрондық нысанда өтініш беруге мүмкіндік береді.