Еңбекке уақытша жарамсыздық – функциялардың бұзылуы еңбекке қабiлеттiлiктi қалпына келтiру немесе мүгедектiктi белгiлеу үшiн қажеттi уақыт iшiнде кәсiби еңбектi орындаудың мүмкiн болмауымен қоса болатын ауруға немесе жарақатқа байланысты адам ағзасының жай-күйi.

Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде жұмыс істейтін адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына сәйкес - Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы - адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қандай ауруларда беріледі

Қандай жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді

Қандай ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қандай ауруларда беріледі

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларымен

регламенттелген:

1. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
2. Жіті немесе созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттар мен уланулар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
3. Жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
4. Науқас баланы күту бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
5. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
6. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
7. Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру

Қағидаға сәйкес - Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;
2)
еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;
3)
жүктілікті жасанды үзген;
4)
науқас балаға күтім жасаған;
5)
жүкті болған және босанған;
6)
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
7)
санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
8) карантин;
9)
ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.

Қағидалардың 9-тармағына сәйкес - Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.

Қандай жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;
2)
қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;
3)
амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;
4)
еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.

Көрсетілген жағдайларда пациентке амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.

Қандай ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар:

1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3)
травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;
4)
санаторийлік-курорттық ұйымдар;
5) апаттар медицинасы
ұйымдары;
6)
саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7)
дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;
8)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9)
жедел медициналық көмек ұйымдары бермейді.

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Еңбек кодексінің 15-бабының еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін анықтайды.

Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган: еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi. ҚР ЕК 16-бабы.

Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) және 23) тармақшаларында, 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағы).

Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде шығарылмайды. ҚР ЕК 65-бабының 4-тармағы;

Жұмыскердiң еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы толық немесе оның бiр бөлiгiне ауыстырылады ҚР ЕК 94-бабының 1-тармағы.

Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақта көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы параққа өтініш жасаған кезде демалыс жиынтықтап есептеледі және босанғанға дейін өзі нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушіде жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан, толық беріледі. Әйел босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы параққа өтініш жасаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген ұзақтықпен босанғаннан кейінгі демалыс қана беріледі. ҚР ЕК 99-бабы.

ҚР
ЕК 133-бабына сәйкес 1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
2.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы:

1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған өндірістік жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;
2)
соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;
3)
заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
4)
жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынуы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;
5)
жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
6)
жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
7)
бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін - Қазақстан Республикасының Үкіметі, тағайындау және төлеу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Жұмыс берушілер жұмыскерлерге ҚР заңнамасында белгіленген еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы
. ҚР ЕК 133-бабы.

Еңбекақы төлеу үшiн жұмыскер бухгалтерияға аурухана парағын, ал ол жоғалған жағдайда – телнұсқасын көрсетуi қажет. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу үшiн негiз болып табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген күнге дейін немесе ҚР заңнамасына сәйкес мүгедектік белгіленгенге дейін төленеді.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері

2023 жылғы 1 шілдеге дейін жәрдемақы мөлшері 15 АЕК-тен аспауы тиіс

  • 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы мөлшері 25 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көзделген.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысымен бекітілген еңбекақы мөлшерін айқындау Еңбек кодексіне өзгерістер күшіне енгеннен кейін алып тасталды. Қаулының мәтінің күші жойылды және ЕК-нің 133-бабына ауыстырылды: «Жұмыскерлерге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу».

ҚР ЕК 133-бабының 4-1-тармағына сәйкес -

Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлерін, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін қоспағанда, жұмыскерлердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы айқындалады.

Жұмыскердің орташа күндік жалақысының мөлшері осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысы есебінен айқындалады.

Егер еңбекке уақытша қабілетсіздік алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталса, онда еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері және оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылдардағы айлық есептік көрсеткішті қолдана отырып айқындалады және алынған сомалар бөлек жинақталады.

Жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты жұмыскерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақы мөлшерін қоспағанда, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды.

Жұмыскердің жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелді.

«Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу» сервисі