-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
Жеке табыс салығы (ЖТС) - бұл жеке тұлғалардың табысынан алынатын, Қазақстан Республикасында қолданылатын салық салу түрлерінің бірі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЖТС
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ЖТС есептеуге қатысты болды.
2026 жылғы 1 қаңтардан
бастап ЖТС прогрессивтік шкаласы енгізіледі.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес жеке
тұлғаның күнтізбелік жылдағы салық салынатын кірісіне прогрессивті мөлшерлемелер шкаласы бойынша салық салынуға жатады (ҚР СК 363-бабы ):
- 8500 АЕК-ке дейін (қоса алғанда) - 10%,
- 8500 АЕК-тен жоғары - асып кеткен сомадан 15%
Жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісі (оның ішінде адвокаттар, нотариустар
және т.б.) - 9%.
Дивидендтер бойынша:
- 230 000 АЕК (қоса алғанда) дейін – 5%.
- 230 000 АЕК-тен жоғары – асып кеткен соманың 15%.
ЖБР-дегі ДК, шаруа немесе фермер қожалығының кірісі
- 230 000 АЕК-ке дейін (қоса алғанда) - 10%,
- 230 000 АЕК-тен жоғары - асып кеткен соманың 15%.
2026 жылы ЖТС өсу қорытындысымен - есепті жылдың басынан бастап алынған барлық табыстарды қосу жолымен есептелген жеке тұлғаның жылдық кірісін алдын ала айқындаумен есептелуге жатады.
Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын кіріс түрлері қосылды.
Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыс берушінің шығыстарына келісімде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актісінде көзделген жұмыс берушінің шығыстары қосылды (ҚР Салық кодексінің ст. 258 бабы)
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілетін кірістер
ЖТС салу жөніндегі ережелерді қолдану тәртібі
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан)
Кірістер және мүлік туралы декларация (270.00-нысан)
ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)
ЖТС бойынша декларация (220.00-нысан)
ЖТС салынатын нысандар
Мынадай:
1) ЖТС есептелетін, төлем көзінен ұсталатын және салық агенті бюджетке аударатын резидент-жеке тұлғаның салық салынатын кірісі;
2) жеке табыс салығы есептелетін және резидент-жеке тұлға бюджетке төлейтін, дербес салық салуға жататын осындай жеке тұлғаның салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектілері бар резидент-жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. (ҚР СК 360-бабы)
Резидент жеке тұлғаға кіріс төлейтін мынадай тұлғалар салық агенттері болып танылады:
1) ЖК;
2) жеке практикамен айналысатын адам (жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы;
4) Қазақстан Республикасында қызметін:
- тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға оның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне құрылымдық бөлімше ашпай қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;
- егер осы құрылымдық бөлімше қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе Салық кодексінің 226-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;
5) Салық кодексінің 721-бабы 3-тармағына сәйкес салық агенті айқындаған интернет-платформа операторы.
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туындайтын жеке тұлғаның кірістері бойынша лотерея операторы салық агенті болып танылады.
Мыналар:
1) ДК, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркелмеген жеке тұлға;
2) ДК, жеке практикамен айналысатын адам ретінде өз қызметіне байланысты емес қатынастарда ДК, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркелген жеке тұлға;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйым, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйым және қор салық агенті болып табылмайтын тұлға деп танылады.
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілетін кірістер
ҚР СК 371-бабына сәйкес жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер түрінде алуға жататын (алынған) кірістерден тұрады.
2. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне оның мынадай кірістерінің барлық түрлері кіреді:
1) үй жұмыскерінің кірісін қоса алғандағы, жұмыскердің кірісі;
2) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
3) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
4) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс,
5) зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
6) дивидендтер түріндегі кіріс;
7) сыйақылар түріндегі кіріс;
8) ұтыс түріндегі кіріс;
9) стипендия түріндегі кіріс;
10) сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
11) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
12) мүліктік кіріс;
13) дара кәсіпкердің кірісі;
14) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
15) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер;
16) басқа да кірістер;
17) ҚР СК 399-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы.
3. Мынадай:
1) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осындай кірістер алған жағдайда – жеке тұлғаның дербес;
2) осы баптың 2-тармағының 12) – 14) тармақшаларында көрсетілген кірістерден басқа, салық агентінен осындай кірістер алған жағдайда – салық агентінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістерге салық салуына жатады.
ЖТС салу жөніндегі ережелерді қолдану тәртібі
ҚР СК 362-бабына сәйкес ЖТС есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен – осы тарауда, Салық кодексінің 39, 40, 43-тарауларында және 694-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
2) бірыңғай төлемді төлеу арқылы - Салық кодексінің 94-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді. (ҚР СК 362-бабы)
Резидент-жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері бойынша ЖТС есептеуді және төлеуді, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осындай резидент-жеке тұлға:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен - Салық кодексінің 39, 40 және 43-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
2) арнаулы салық режимінде - Салық кодексінің 16-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
ЖТС мөлшерлемелері
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС прогрессивтік шкаласы
енгізіледі.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғаның күнтізбелік жылдағы салық
салынатын табысына мынадай прогрессивті шәкіл бойынша салық салынуға жатады
(ҚР СК 363-бабы):
Жеке тұлғаның кірістері (жалақы, АҚС шарттары бойынша, мүліктік кіріс және басқалар)
|
№ |
Салық салынатын кіріс сомасы |
ЖТС мөлшерлемесі |
|
1 |
8500 АЕК* дейін (қоса алғанда) |
10 пайыз |
|
2 |
8500 АЕК-тен жоғары * |
8500 еселенген айлық есептік көрсеткіш * мөлшерінде салық салынатын кірістен салық сомасы + одан асатын соманың 15 пайызы |
Жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісі (оның ішінде адвокаттар, нотариустар
және т.б.)
ЖТС мөлшерлемесі 9 пайыз.
Дивидендтер түріндегі кіріс:
|
№ |
Салық салынатын кіріс сомасы |
ЖТС мөлшерлемесі |
|
1 |
230 000 АЕК* дейін (қоса алғанда) |
5 пайыз |
|
2 |
230 000 АЕК-тен жоғары* |
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш * мөлшерінде салық салынатын кірістен салық сомасы + одан асатын соманың 15 пайызы |
ЖБР-дегі ДК, шаруа немесе фермер қожалығының кірісі
|
№ |
Салық салынатын кіріс сомасы |
ЖТС мөлшерлемесі |
|
1 |
230 000 АЕК* дейін (қоса алғанда) |
10 пайыз |
|
2 |
230 000 АЕК-тен жоғары* |
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш * мөлшерінде салық салынатын кірістен салық сомасы + одан асатын соманың 15 пайызы |
Шаруа немесе фермер қожалықтары мыналар:
- өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу бойынша;
- өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша кірістерден түсетін, осы баптың 4) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген ЖТС сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.
ЖТС есептеу тәртібі
2026 жылы ЖТС өсу
қорытындысымен - есепті жылдың
басынан бастап алынған барлық табыстарды қосу жолымен есептелген жеке тұлғаның
жылдық табысын алдын ала айқындаумен
есептелуге жатады.
Мысалы, ҚР СК 441-бабына сәйкес жұмыскердің
кірісінен төлем көзінен ұсталатын ЖТС есептеуді салық кезеңі үшін салық агенті мынадай формула
бойынша жүргізеді:
ҚР СК 363-бабы 1) тармақшасы кестесінің 1-жолында көзделген сома шегінде күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы есептелетін салықтық кезеңді қоса алғанда, өсу қорытындысымен айқындалатын, ҚР СК 439-бабы 1-тармағына сәйкес салық агентінен алынуға жататын жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы,
көбейту
ҚР СК 363-бабы 1) тармақшасы кестесінің 1-жолына сәйкес салық мөлшерлемесі
қосу
ҚР СК 439-бабының 1-тармағына СК 363-бабының 1) тармақшасы кестесінің 1-жолында көзделген сома шегінде күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке табыс салығы есептелетін салықтық кезеңді қоса алғанда, өсу қорытындысымен айқындалатын, осы Кодекстің 439-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентінен алынуға жататын жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы
көбейту
ҚР СК 363-бабы 1) тармақшасы кестесінің 2-жолына сәйкес салық мөлшерлемесі
алу
күнтізбелік жылдың алдыңғы салықтық кезеңдер үшін салық агенті өсу қорытындысымен 1 қаңтардан бастап есептеген жеке табыс салығының сомасы.
Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша ЖТС есептеуді салық агенті салық салуға жататын кірісті есептеу кезінде жүргізеді.
ЖТС сомасы ҚР СК 363-бабында белгіленген мөлшерлемелерді, жұмыскердің кірісін қоспағанда, осы бөлімге сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын тиісті кіріс сомасына қолдану арқылы есептеледі.
Жұмыскердің кірісі бойынша ЖТС сомасы ҚР СК 441-бабында белгіленген тәртіппен есептеледі.
Салық агенті ЖТС ұстап қалуды төлем көзінен салық салуға жататын кірісті төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Салық агенті төленген кірістер бойынша ЖТС аударуды кіріс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзінің тұрған жері бойынша жүзеге асырады.
Резидент-заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің:
- төлем көзінен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару;
- осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу жөніндегі міндетті бір мезгілде орындағанын тануға құқылы.
Бұл ретте резидент-заңды тұлғаның осындай шешімі:
- заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесіне қатысты – осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;
- қалған жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент-заңды тұлғаның осындай шешімінің күшін жою осындай шешімнің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан)
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялауға қатысушыларға «Жеке табыс салығы бойынша декларация» атты 240.00-нысанын тапсырудың қажеті жоқ, ҚР шегінен тыс кірістер бойынша барлық мәліметтер «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» атты 250.00-нысанында (жалпыға бірдей декларацияға арналған кіріс нысаны) және «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» атты 270.00 нысанында (декларациялауға арналған келесі нысан) көрсетілуі тиіс.
2025 жылы активтер мен міндеттемелер
туралы декларацияны (250.00-нысан) кім тапсыруға міндетті
2025 жылы 250.00-нысан бойынша Декларацияны (31.12.2024 жылғы жағдай бойынша) мынадай тұлғалар тапсыруға міндетті:
1. Мемлекеттік қызметке және сайланбалы лауазымға кандидаттар, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес өз активтерін декларациялау міндеті жүктелген өзге де адамдар:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң;
- «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдар.
2. ҚР азаматтары мен резиденттері 2024 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстаннан тыс жерлерде мүлкі болған кезде, оның ішінде:
- мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, әуе және теңіз кемелері және т.б.);
- шетелдік банктердің шоттарындағы ақша - жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен астам (2024 жылы - 3 692 000 теңге);
- инвестициялық алтын;
- ҚР шегінен тыс заңды тұлғаларға қатысу үлестері;
- тұрғын үй құрылысындағы үлестер;
- шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары;
- шетелдік брокерлік шоттардағы ақша қаражаты;
- зияткерлік меншік, шет елдердегі авторлық құқық объектілері;
- басқа тұлғалардың декларант алдындағы берешегі
(дебиторлық) және/немесе оның басқа тұлғалар алдындағы берешегі
(кредиторлық) - растайтын құжаттар болған кезде шетелде:
1) жеке тұлғалармен нотариат куәландырған шарт;
2) салыстырып тексеру актісі және шарт - заңды тұлғамен және/немесе ДК-мен, оның ішінде бейрезидент болып табылатын ДК-мен;
3) сот шешімі.
Сонымен қатар,
егер оның құны 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша декларацияны табыс
ету мерзімінен кешіктірмей - 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жасалған бағалау
туралы есеппен расталған болса, декларант құны 1000 АЕК-тен асатын өзге де мүлікті
көрсетуге құқылы.
3. Шетелде цифрлық активтері бар ҚР азаматтары мен резиденттері.
4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар - нотариустар,
адвокаттар, медиаторлар, жеке сот орындаушылары және басқалар.
Егер бұрын 250.00-нысанды тапсырған болса, онда мемлекеттік қызметке, сайланбалы лауазымға кандидаттарды және жоғарыда 1-тармақта көрсетілген адамдарды қоспағанда, оны қайта тапсыру талап етілмейді. Алайда, егер сіз декларация тапсыруға міндетті болсаңыз, бірақ оны жасамасаңыз, салық органдары тиісті хабарлама жібереді.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) - декларацияны тапсыру бойынша міндет туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырылады.
Кірістер және мүлік туралы декларация (270.00-нысан)
2025 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) кім тапсыруға міндетті
Кейінгі жылдары кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларация - 270.00-нысан беріледі.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) мыналар тапсыруға міндетті:
- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
- дербес салық салуға жататын кірістерді алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін кірістерді қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де кірістер);
- егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса (2025 жылы - 3 932 000 теңге), шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар;
- шетелде құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және т.б.);
- меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
- есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000
АЕК-тен астам (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған
тұлғалар, оның ішінде ҚР шегінен тыс:
- жылжымайтын мүлік;
- көлік құралдары;
- заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
- бағалы қағаздар;
- туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
- тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
- инвестициялық алтын. - салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.
Яғни, енді 2025 жылғы 15 шілдедегі Заңмен декларацияда мүлікті сатып алу/иеліктен шығару, сондай-ақ сатып алу шығыстарын жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалар санаты толықтырылды. Сонымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген адамдардан басқа:
- банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық басқарушылар және олардың резидент жұбайлары;
- жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
- есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен астам мүлік сатып алған тұлғалар тапсырады.
Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) - декларацияны табыс ету бойынша міндет туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырылады.
ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)
Салық агенттерінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден ЖТС есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
Күнтізбелік тоқсан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жасау үшін есепті кезең болып табылады.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны СЕН 200.00 салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей:
- салық агенттері;
- дара кәсіпкерлер және (немесе) жеке практикамен айналысатын тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер немесе әлеуметтік төлемдерді төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына төлеушілер тапсырады.
Салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерді алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының әрбір резидент-жеке тұлғасы бойынша ЖТС сомаларын есептеу, ұстап қалу және аудару туралы деректерді:
1) күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жасалатын және күнтізбелік жылдың соңғы есепті кезеңі үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге ұсынылатын;
2) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған кезде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге толтырылатын және ұсынылатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша түрінде ұсынады.
Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық агенттерi құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық сомасын есептеу жөнiндегi қосымшаны жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға осы құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етедi.
Кәсіпкерлік қызмет бойынша ЖТС бойынша декларация (220.00-нысан)
Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны (220.00-нысан) тасырады.
Таратудың салық есептілігін қоспағанда, кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
ҚР СК 421-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері:
кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген ЖТС төлеу осындай декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген ЖТС төлеу таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЖТС
Жеке табыс салығы (ЖТС) - бұл жеке тұлғалардың кірісінен алынатын, Қазақстан Республикасында қолданылатын салық салу түрлерінің бірі.
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілетін кірістер
ЖТС бойынша декларация (240.00-нысан)
ЖТС бойынша декларация (220.00-нысан)
ЖТС салынатын объектілер
Төлем көзінен және дербес салық салу кезінде жеке тұлғаның салық салынатын кірісі түрінде салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Салық кодексінің 318-бабына сәйкес - Жеке табыс салығын салу объектілері:
1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;
2) дербес салық салу кезінде жеке тұлғаның салық салынатын кірісі болып табылады.
Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады.
Салық төлеушiнiң кірісіне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілетін кірістер
Жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі кіреді:
1) жұмыскердің кірісі, оның ішінде үй жұмыскерінің кірісі және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
2) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
3) жеке тұлға алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын үшінші тұлғаның төлеуі түріндегі кіріс;
4) жеке тұлға алдындағы берешекті өтеу есебіне орындалған, көрсетілген жұмыстар, қызметтер түріндегі кіріс;
5) өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;
6) борышты кешіру түріндегі кіріс;
7) есептен шығарылған айыппұлды, өсімпұлды және басқа да санкция түрлерін қоспағанда, борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайту түріндегі кіріс;
8) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;
9) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
10) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
11) стипендия түріндегі кіріс;
12) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
13) мүліктік кіріс;
14) дара кәсіпкердің кірісі;
15) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер;
17) осы баптың 1) – 16) тармақшаларында көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;
18) бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы.
ЖТС ұсталмайтын кірістер Тізбесі кеңейтілді.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII Заңымен Салық кодексіне жеке табыс салығын есептеу бойынша өзгерістер енгізілді. Жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктерінің тізбесі кеңейтілді.
ЖТС бойынша декларация (240.00-нысан)
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 240.00-нысаны жойылды.
Бұл есепті мүліктік және өзге де кірістер алған ҚР резиденттері жеке тұлғалар, сондай-ақ жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі заңды тұлғаға қатысу үлесі бар резидент жеке тұлғалар тапсырды.
Жалпыға бірдей декларациялауға қатысушыларға «Жеке табыс салығы бойынша декларация» 240.00-нысанын тапсырудың қажеті жоқ. ҚР шегінен тыс кірістер бойынша барлық мәліметтер 250.00-нысан «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» нысанында (жалпыға бірдей декларацияға арналған кіру нысаны) және 270.00-нысан «Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация» нысанында (бұдан әрі декларациялауға арналған нысан)
көрсетілуі тиіс.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 240.00-нысаны жойылды, сондықтан 2024 жылы мүліктік кірісі, жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі заңды тұлғаға қатысу үлесі бар жалпыға бірдей декларациялаудың 1-3 кезеңіне қатысушы жеке тұлғалар, егер 250.00-нысан бойынша бастапқы декларацияны олар бұрын тапсырған болса, 270.00-нысанын тапсыруға міндетті.
Сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңіне қатысушылар 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша 250.00-нысан бойынша кіріс декларациясын тапсыруы тиіс. 240.00-нысанның орнына жеке тұлғалар 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынады.
Бұл ретте кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру бойынша міндеттеме активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру жөніндегі міндетке қарамастан туындайды.
2025 жылғы 01 қаңтарға дейін
ЖТС - бұл кіріс алған жеке тұлғалар төлейтін салық және СЕН 240.00 Жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруы тиіс.
СЕН 240.00 мынадай жеке тұлғалар тапсырады:
- мүліктік кіріс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті сатудан түскен кіріс, сондай-ақ басқа да кірістер алған;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кіріс алған;
- еңбекші көшіп келушілер-резиденттер;
- жеке практикамен айналысатын;
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру бойынша міндеттемелері туындайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында ақшасы бар;
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру бойынша міндеттемелері туындайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, меншік құқығында жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар;
- Салық кодексінің 19-бөліміне сәйкес бейрезиденттер.
Салық кезеңі - жыл.
ЖТС бойынша декларацияны (СЕН 240.00) есепті кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тапсыру қажет ҚР СК 364-бабы.
Жеке тұлға ЖТС ҚР СК 357-бабына сәйкес анықталатын салық салынатын табысқа 10% мөлшерлемені қолдану жолымен дербес есептейді.
Жеке тұлғалар ЖТС бюджетке есепті кезеңнен кейін, 10 сәуірден кешіктірмей аударуға міндетті. (ҚР СК 362-бабы).
ЖТС бойынша декларация (220.00-нысан)
Жеке табыс салығы бойынша декларация СЕН 220.00:
- салықтарды есептеуді және төлеуді Салық кодексінің 337-бабының 1-тармағына, 358 және 366-баптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жеке тұлғалар - дара кәсіпкерлер;
- Салық кодексінің 700-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Салық кодексінің 337-бабының 1-тармағына, 358 және 366-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары;
- Салық кодексінің 30-тарауына сәйкес бейрезидент жеке тұлғалар жасайды.
ЖТС көшірілетін залалдар сомасына азайтылған түзетулерді ескере отырып, салық салынатын табысқа 10% мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.
Салық кезеңі - жыл.
ЖТС бойынша декларацияны (СЕН 220.00) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет (ҚР СК 362-бабы).
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын
ДК есепті кезеңнен кейін 10 сәуірден кешіктірмей ЖТС
төлейді.
Жауапкершілік
Салық есептілігін тапсырмау:
- жеке тұлғаларға - 15,
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 45,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - қайта бұзушылық кезінде 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады, ӘҚБтК-нің 272-бабы (кәсіпкерлік субъектісіне байланысты).
Декларацияда, өтініште немесе есеп-қисапта салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сомасын төмендеткені үшін айыппұл:
- жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде,
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 20,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 50,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасының 80% мөлшерінде, ӘҚБтК 278-бабы.
Салық салудың оңайлатылған режиміндегі ДК ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VI Заңына сәйкес 01.01.2020-31.12.2022 ж. бастап ЖТС және әлеуметтік салық төлеуден босатылады.
ЖТС - жеке табыс салығы
ЖТС - қызметпен байланысты емес шығындар
ЖТС - бюджетке есептелмеген және төленбеген
ЖТС - сатудан түстен табыс - ұтыстар
ЖТС - сатудан түскен кірісті кеміту
Төленген ұтыстармен төлем көзінен ЖТС
Төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС
КТС: сенімсіз жеткізушілермен есеп айырысуда
ЖТС- жеке тұлғаның табысы