Қосымша декларация – бұл осы өзгерістер немесе толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын тапсырылған декларацияға өзгерістер немесе толықтырулар енгізу кезінде тапсырылатын декларация.

ҚР Салық кодексінің 211-бабына сәйкес – 1. Салық төлеуші (салық агенті) өзгерістер мен толықтырулар қатысты болатын салық кезеңі үшін қосымша салықтық есептілікті жасау арқылы салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

Қосымша салықтық есептілікте:

1) сомалары өзгертілген кезде – салықтық кезеңдегі бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген сома мен іс жүзіндегі салықтық міндеттеме арасындағы айырма;

2) қалған деректер өзгертілген кезде, жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.

Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салықтық есептілікті ұсынған кезде салық төлеушi (салық агентi) немесе салық органы камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған салықтардың, төлемдердiң сомасы бюджетке енгiзiлуге жатады, әлеуметтік төлемдердiң сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа салық төлеушiнi (салық агентiн) тартпай, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеуге жатады.

Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға жол беріледі.

Қосымша салық есептілігін тапсыру кезіндегі талап қою мерзімі

Салық кодексінің 48-бабының 9-тармағына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі:

1) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайдакүнтізбелік бір жылға;

2) бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі шығындарды ауыстыру бөлігінде өзгерістері және толықтырулары бар қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда күнтізбелік үш жылға ұзартылады.