Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы болып табылады. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясында (ЕҚЖКФ) және Тұрғын үйді қаржыландырудың халықаралық одағында тұрады. Банктің жалғыз акционері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Заңның 4-бабының 1-тармағында тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (ТҚЖБ) – бұл осы Заңның 5-бабында көзделген қызметті жүзеге асыруға ҚР ҰБ лицензиясы бар банк деп белгіленген.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуға міндетті.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ресми мәртебесі жоқ заңды тұлға «тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» деп атала алмайды және (немесе) осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыра алмайды.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің түрлері

1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясына сәйкес:

1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу;

2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге салымшыларға тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және оларға тұрғын үй қарыздарын беруге арналған салымдарды қабылдау, жинақталған қаражат салымшыларының банктік шоттарын ашу және жүргізу;

4) біржолғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін арнайы шоттар ашу және жүргізу болып табылады.