Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және жұмыскерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕШЕБЖ

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЕШЕБЖ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕШЕБЖ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 257-VІIІ ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы Заңда Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу кезіндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Заң 2026 жылғы 12 наурыздан бастап күшіне енеді.

Жұмыс берушілерге не үшін айыппұл салынады

Заңмен ӘҚБтК-нің 98-бабына жаңа 1-1-тармақ енгізілді, ол:

  • мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;
  • деректерді толық емес көлемде енгізу;
  • дұрыс емес немесе дәйексіз ақпарат енгізу үшін әкімшілік жауапкершілік белгілейді.

Айыппұлдар мөлшері

Бірінші бұзушылық үшін 2026 жылғы 12 наурыздан бастап айыппұл:

  • лауазымды тұлғалар үшін - 30 АЕК;
  • шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) үшін - 60 АЕК;
  • орта бизнес үшін - 80 АЕК;
  • ірі бизнес үшін - 150 АЕК құрайды.

Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл:

  • лауазымды тұлғалар үшін - 60 АЕК;
  • шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) үшін - 80 АЕК;
  • орта бизнес үшін - 100 АЕК;
  • ірі бизнес үшін - 200 АЕК құрайды.

Қате жіберілгенде не істеу керек

Қағидалар жұмыс берушіге 30 жұмыс күні ішінде дұрыс енгізілмеген мәліметтерді түзетуге мүмкіндік береді. Егер қате дер кезінде түзетілмесе, ӘҚБтК-нің 98-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туындайды.

ЕШЕБЖ жүргізуге кім жауап береді

Жұмыс берушінің өзі не бұйрықпен тағайындалған жауапты жұмыскер ЕШЕБЖ-ға мәліметтер енгізуге міндетті. Бұйрықтың болмауы әкімшілік айыппұлдан босатпайтынын айта кету керек.

ЕШЕБЖ-ға енгізілетін ақпарат

Мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізу мерзімдері

ЕШЕБЖ-ға енгізілетін ақпарат

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына сәйкес жұмыс беруші Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27) тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) тараптардың деректемелері:

  • жұмыс берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлғаның немесе жұмыс беруші – заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
  • жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);

3) жұмыстың орындалатын орны;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жасалу күні мен реттік нөмірі.

Жұмыс беруші мәліметтерді кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін ЕШЕБЖ-мен интеграциялау жолымен не «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕБЖ-мен интеграцияланған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру жөніндегі басқа да ақпараттық жүйелер арқылы ұсынады.

Жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға мынадай:

1) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

2) жұмыскердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы қосымша мәліметтерді жібереді.

Мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізу мерзімдері

Жаңанадан жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді жұмыс беруші екі жақ еңбек шартын жасаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ЕШЕБЖ-ға енгізеді.

     Қолданылу мерзiмi өтпеген еңбек шарттары туралы мәлiметтердi жұмыс берушi саны 2000 адамға дейiнгi кәсiпорындар үшiн осы Қағидалар күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде, саны 2000 адамнан асатын кәсiпорындар үшiн осы Қағидалар күшiне енген күннен бастап екi жыл iшiнде ЕШЕБЖ-ға енгiзуге тиiс.

Жұмыс беруші еңбек шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді екі тарап еңбек шартына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ЕШЕБЖ-ға енгізуге тиіс.

Қателер анықталған жағдайда жұмыс беруші бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде:

1) мәліметтерді дұрыс енгізбеген кезде қателерді түзетеді;

2) жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің деректемелері дұрыс енгізілмеген жағдайда мәліметтерді жояды.

Жұмыскер қалпына келтірілген жағдайда, жұмыс беруші оны қалпына келтірген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қалпына келтіру туралы шешім шығарған күнді, нөмірді және органды көрсету арқылы мәліметтерге түзетулер енгізеді.

Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ЕШЕБЖ-ға енгізеді.

Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған кезде жұмыс беруші еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЕШЕБЖ

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және жұмыскерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ)

ЕШЕБЖ негізгі артықшылықтары

ЕШЕБЖ-ға енгізілетін ақпарат

Мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізу мерзімдері

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығы белсенді түрде цифрландырылуда. Электрондық еңбек шарттарын жасасу қарқын алуда. Электрондық түрде жасалатын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) енгізілді.

ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес:

Жұмыс беруші: осы Кодекстің 28-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларда көзделген мәліметтерді қамтитын жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ЕШЕБЖ-ге енгізуге міндетті.

ЕШЕБЖ-нің негізгі артықшылықтары:

  • қағаз құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету,

  • шарттың, қорларға жарналар мен аударымдардың болуын көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы міндеттемелерін бекіту арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғау.

Шарттар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жасалуы мүмкін.

ЕШЕБЖ-ға енгізілетін ақпарат

Жұмыс беруші ақпаратты ЕШЕБЖ-мен кадрлық қамтамасыз етуді ықпалдастыру арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕБЖ-мен ықпалдастырылған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру жөніндегі басқа да ақпараттық жүйелер арқылы ЕШЕБЖ-ға енгізеді:

1) тараптардың деректемелері:

  • жұмыс беруші – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жұмыс беруші – заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
  • жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс (еңбек функциясы);

3) жұмысты орындау орны;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жасалу күні және реттік нөмірі.

Жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға мынадай қосымша мәліметтерді жібереді:

1) жұмыс уақыты мен демалыс режимі;

2) жұмыскердің жүктілігіне және бала (балалар) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді енгізу мерзімдері:

1) жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы - екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) қолданылу мерзімі өтпеген еңбек шарттары туралы:

  • саны 2000 адамға дейінгі кәсіпорындар үшін - Қағидалар күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде;
  • саны 2000 адамнан асатын кәсіпорындар үшін - Қағидалар күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде;

3) еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар туралы - екі тарап қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей;

4) жұмыскер жұмысқа қайта алынған жағдайда түзету туралы - қалпына келтірілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

5) мәліметтерді дұрыс енгізбеген кезде қатені түзету туралы - бастапқы деректерді енгізген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;

6) жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің деректемелері дұрыс енгізілмеген кезде мәліметтерді жою - бастапқы деректемелер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;

7) еңбек шартын тоқтату туралы - еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.

ЕШЕБЖ-дан мәліметтерді жеке және заңды тұлғаларға еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық немесе қағаз нысандағы сұрау салу негізінде ұсынады.

Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығы.