ҚҚС бойынша декларация СЕН 300.00. ҚҚС бойынша декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.08-ге дейінгі нысандар) тұрады.

ҚҚС (қосылған құн салығы) - бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.

Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізу бойынша есептелген ҚҚС пен сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша төленген салық арасындағы айырма ретінде есептеледі.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша декларация

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша декларация


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша декларация

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы.).

ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кейін және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.

Негіздеме - ҚР Салық кодексінің 505-бабы.

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

ҚҚС бойынша декларация нысанынан (СЕН 300.00) «ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты» қосымшасы алып тасталды.


ҚҚС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

Салық кезеңі және салық декларациясы

Төлеу мерзімі


ҚҚС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

ҚҚС бойынша декларация СЕН 300.00. ҚҚС бойынша декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.08-ге дейінгі нысандар) тұрады.

  • 300.01-қосымша - Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым

Осы нысан нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын айналымдар туралы, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомалары туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанының «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 11 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «01» торкөзі белгіленген болса, 300.01-қосымшасы толтырылуы тиіс.

  • 300.02-қосымша Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар


Бұл нысан Салық кодексінің 48 және 52-тарауларына сәйкес ҚҚС-
нан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу және импорт бойынша айналымдарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 11 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «02» торкөзі белгіленген болса, 300.02-қосымша толтырылуы тиіс.

  • 300.03-қосымша Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты

Бұл нысан Салық кодексінің 508 және 509-баптарында көзделген есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленетін салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарлар импорты (оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден) бойынша ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «03» торкөзі белгіленген болса, 300.03-қосымша толтырылуы тиіс.

  • 300.04-қосымша – Бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, қызметтер

Осы нысан бейрезидент үшін ҚҚС көрсетуге арналған.

  • 300.05-қосымша – Салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін, сондай-ақ есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету

Осы нысан салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін және есепті салық кезеңінде жүргізілген ҚҚС сомасын түзетуді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін және ҚҚС сомасын түзету Салық кодексінің 464 және 465-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Сонымен қатар осы нысанда Салық кодексінің 484 және 485-баптарына сәйкес жүргізілген есепке жатқызылған ҚҚС сомасын түзету бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «05» торкөзі белгіленген болса, 300.05-қосымша толтырылуы тиіс.

Егер салық салынатын айналым мөлшеріне түзету жүргізілетін жағдайлардың басталғанын растайтын өзге құжатта ҚҚС сомасы көрсетілмесе, онда осы сома салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасына салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады.

  • 300.06 – Есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі

Осы нысан қағаз тасығышта өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жазып берілген шот-фактуралар туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде (бұдан әрі - Өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілім) қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі. Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек қана электрондық нысанда жазып берсе, онда Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілім салық органдарына ұсынылмайды.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «06» торкөзі белгіленген болса, 300.06-қосымша толтырылуы тиіс.

Бұл нысанда сату бойынша айналым жасау күні есепті салық кезеңіне келетін шот-фактуралар көрсетіледі.

  • 300.07-қосымша – Есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттардың) тізілімі

300.07-нысан Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қағаз тасығышта алынған шот-фактуралар (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттар) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.

Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз тасығышта алса, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде (бұдан әрі - Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілім) қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі. Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек қана электрондық нысанда алса, онда Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілім салық органдарына ұсынылмайды.

  • 300.08-қосымша – Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомалары бойынша мәліметтер

Осы нысан Салық кодексінің 92, 125, 126, 127, 128 және 129, 510-баптарына сәйкес қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары бойынша мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Егер 300.00-нысанның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 11 «Тапсырылған қосымшалар» жолында «08» торкөзі белгіленген болса, 300.08-қосымша толтырылуы тиіс.

Егер «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 4-жолда декларацияның «бастапқы», «тарату», «қосымша», «хабарлама бойынша» түрі белгіленген болса, осы нысан толтырылмайды.

Салықтық кезең және салық декларациясы

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салықтық кезең болып табылады.

ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00) тоқсанына бір рет орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кейін және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсыруға міндетті. (ҚР СК 505-бабы)

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын:

  • ҚР СК 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде.
  • ҚР СК 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде ұсынуға міндетті.

ҚҚС төлеу мерзімі

ҚР СК 506-бабына сәйкес ҚҚС бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.

 2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

3) ҚҚС бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Импортталған тауарлардың бағасы ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. (ҚР СК 530-бабы)


2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша декларация

ҚҚС бойынша декларация СЕН 300.00. Декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан), салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.09-ға дейінгі нысандар) тұрады.

ҚҚС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

Есептілік және ҚҚС бойынша декларацияны төлеу мерзімі

ҚҚС төлеуге арналған БСК

ҚҚС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

  • 300.01-нысанына қосымша - Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым. Осы нысан нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын айналымдар туралы, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомалары туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
  • 300.02 нысанына қосымша - Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар және қосылған құн салығынан босатылған импорт. Бұл нысан ҚҚС-тан босатылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу және импорт бойынша айналымдарды көрсетуге арналған.
  • 300.03-нысанына қосымша - Қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты. Бұл нысан тауарлар импорты жүзеге асырылған және төлеу мерзімі өзгертілген салық кезеңі үшін декларация жасау кезіндегідей толтырылады.
  • 300.04-нысанына қосымша - Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты. Бұл нысан ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарлар импорты (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден) бойынша ақпаратты көрсетуге арналған.
  • 300.05-нысанына қосымша - Бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, қызметтер. Осы нысан бейрезидент үшін ҚҚС көрсетуге арналған.
  • 300.06-нысанына қосымша - Салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін, сондай-ақ есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету. Осы нысан салық салынатын және босатылған айналымдар мөлшерін және есепті салық кезеңінде жүргізілген ҚҚС сомасын түзетуді көрсетуге арналған.
  • 300.07 нысанына қосымша - Есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі. Осы нысан қағаз тасығышта өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жазып берілген шот-фактуралар туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
  • 300.08 нысанына қосымша - Есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралардың (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттардың) тізілімі. Осы нысан Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қағаз тасығышта алынған шот-фактуралар (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттар) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
  • 300.09-нысанына қосымша - Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомалары бойынша мәліметтер. Осы нысан қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған.

Есептілік және ҚҚС бойынша декларацияны төлеу мерзімі

300.00 нысанының салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Салық декларациясын тапсыру мерзімі - есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін.

300.00-нысанның тоқсандық есептілігін тапсыру мерзімдері:

  • 15 мамырға дейін (І тоқсан үшін);
  • 15 тамызға дейін (II тоқсан үшін);
  • 15 қарашаға дейін (III тоқсан үшін);
  • 15 ақпанға дейін (IV тоқсан үшін).

Егер экспорт болса, онда СЕН 300.00 жасау алдында мыналардың болуын тексеру керек:

  • Сатып алушы жіберген әкелу туралы өтініш (егер ЕАЭО-да болса);
  • «Салық төлеушінің кабинетінде» экспортты растау;
  • экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
  • экспорт кедендік рәсімінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
  • тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.

Егер ЕАЭО-дан импорт болса, онда СЕН 300.00 жасау алдында мыналардың болуын тексеру керек:

  • Тауарларды әкелу туралы өтініштің тапсырылуын;
  • СЕН 328.00 бойынша импортты растау - «Салық төлеушінің кабинетінде» тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш

ҚҚС төлеуге арналған БСК

105 101 – ҚР аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге ҚҚС;

105 102 – ҚР аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС, РФ және БР аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығынан басқа;

105 104 – бейрезидент үшін ҚҚС;

105 115 – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС.

Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 409 бұйрығымен «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

2022 жылы 300.00-нысанын жасау ережесіне өзгерістердің салыстырмалы кестесі