Резиденттік сертификаты – бұл бейрезиденттің резиденттігін және кіріс алушы бейрезидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжат.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап резиденттік сертификаты

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі резиденттік сертификаты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап резиденттік сертификаты

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер жеке тұлғалардың салық резиденті мәртебесін растауға қатысты болды.

Басты жаңалық: салық резиденттігі сертификатын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет енді тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде пайдалану үшін ұсынылады.

2026 жылдан бастап салық резидентінің мәртебесін айқындау бойынша міндет салық агенті - жұмыс берушіге немесе кіріс төлейтін өзге тұлғаға жүктелген.

Салық кодексінің 222-бабы негіз болады.

Егер кемінде екі шарттың біреуі орындалса, жеке тұлға Қазақстанның салық резиденті болып танылады:

  • елде үнемі болады;
  • оның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстанда орналасқан.

Елде кез келген дәйекті 12 айлық кезеңде (келу және кету күндерін қоса алғанда) кемінде 183 күнтізбелік күн болу тұрақты болу болып есептеледі.

Бір мезгілде мынадай шарттарды орындаған кезде:

  • ҚР азаматтығы немесе ҚР-да тұруға рұқсаты немесе ықтиярхаты болса;
  • жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары елде тұрса;
  • Қазақстанда тұру үшін қолжетімді жылжымайтын мүлкі болса, өмірлік мүдделер орталығы Қазақстанда деп танылады.

Егер тұлға көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, ол салық резиденті болып танылады және салық агенті бұл мәртебені уәкілетті органдардан сертификат сұратпай-ақ дербес айқындайды.

Салық кодексі жеке тұлғалардың салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімдерді қолдану құқығын сақтайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір күнтізбелік ай үшін 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, бірақ жылына 360 еселенген АЕК-тен аспайтын базалық салықтық шегерім енгізілді.

Ол жеке табыс салығын есептеу кезінде салық резидентінің кірістеріне қолданылады.

Салық агентінің шегерімдерді қолдану тәртібі Салық кодексінің 343-бабында белгіленген.

ҚР Салық кодексінің 224-бабына сәйкес резиденттік резиденттің қосарланған салық салуды болғызбау және салықтар төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартты қолдану мақсатында және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қолдану үшін өзге де мақсаттарда расталады.

Салық органы резиденттің салықтық өтініші негізінде резиденттікті растайтын құжат береді.

Резиденттікті растау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

Салық төлеушінің резиденттігін растауды осындай салық төлеуші тұрған жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы жүзеге асырады.

Резиденттік:

1) жеке тұлғаның резиденттігін тануға алып келетін жағдай туындаған күннен бастап көрсетілген жағдай туындаған күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезең үшін;

2) жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болған жағдайда оның алдыңғы күнтізбелік жылдағы резиденттігі расталған жағдайда күнтізбелік жылға;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмірлік мүдделер орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғаның резиденттігін растауға арналған өтініште көрсетілген күнтізбелік жыл үшін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына да сәйкес құрылған, сондай-ақ тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан, шет мемлекеттің заңнамасына да сәйкес құрылған заңды тұлға тіркелген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезең үшін расталады. Келесі жылдары заңды тұлғаның резиденттігі күнтізбелік жылдың басынан осы күнтізбелік жылдың соңына дейін расталады.

Резиденттік өткен және (немесе) ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін расталады.

Резиденттік сертификатын алу үшін қажетті құжаттар

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін тұлға орналасқан, болатын (тұратын) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға салықтық өтініш береді.

Егер тұлға тігінен тікелей уәкілетті органға бағынатын салық органында орналасқан, болатын (тұратын) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттікті растауға салықтық өтініш осындай салық органына ұсынылады.

Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға салықтық өтінішпен мынадай құжаттарды:

резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам - нотариат куәландырған көшірмелері:

  • Қазақстан Республикасында заңды тұлғаның тиімді басқару орнының болуын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (директорлар кеңесінің немесе ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының, оның өткізілетін орны немесе негізгі басқару орнын растайтын өзге де құжаттардың және (немесе) заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті бақылау, сондай-ақ стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау) - өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлғалар
  • шетелдік паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат (ол болған кезде);
  • Қазақстан Республикасында болған кезеңін растайтын құжат (визалар немесе өзге де құжаттар);

­«Астана» ­­­халықаралық ­­­­­қаржы ­­­­орталығының ­­­­­инвестициялық ­­­­­резиденті болып табылатын шетелдік ­немесе азаматтығы ­жоқ адам­:

  • ­Нотариалды ­­­­куәландырылған ­­­­­­­шетелдік ­­­­паспорттың ­­немесе азаматтығы ­жоқ ­­­­адамның куәлігінің электрондық ­­көшірмесі­­.
  • ­­­Қазақстан ­­­Республикасында ­­болған ­­­­­кезеңін ­­­растайтын ­құжаттың ­­(визалар ­немесе өзге де құжаттар) электрондық ­­нотариалды ­­­­куәландырылған көшірмесі­­­.
  • ­­­­­Резиденттігін ­­растайтын ­­құжатты бергені ­үшін ­алым ­­­­төленгенін ­­­растайтын электрондық ­­құжат­­­.
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезең үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі беретін электрондық растау хаты.
  • Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш берер алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайтындығы туралы ішкі істер органы берген электрондық растау хат.

Ішкі істер органы берген растау хатта шетелдіктің шетелдік паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мәліметтері болуға тиіс.

Бастапқы өтініш берген кезде резиденттікті растайтын құжатты берген кезде кейіннен резиденттікті растауға салықтық өтініш берген кезде ішкі істер органы берген растау хатты ұсыну талап етілмейді.

Резиденттік сертификатын қалай алуға болады

ҚР резиденттік сертификатын мына құжаттармен және өтініштермен жүгіну арқылы алуға болады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ (ХҚКО) немесе
  • «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн режимде («Басты», «Азаматтарға», «Кеден және салықтар», «Салық салу», «Қазақстан Республикасының резиденттігін растау»).

ҚР СК 702-бабына сәйкес бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кірісті алушы – бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын, мынадай:

1) резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқа түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат:

  • заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында;
  • өзге де мемлекеттік ұйымның немесе шет мемлекеттің электрондық апостилдерін жинауды (сақтауды) жүзеге асыратын қоғамдық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін құжат түпнұсқасының нотариат куәландырған көшірмесі түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға немесе шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат:

  • заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында;
  • өзге де мемлекеттік ұйымның немесе шет мемлекеттің электрондық апостилдерін жинауды (сақтауды) жүзеге асыратын қоғамдық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

3) шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, бейрезиденттің резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады.

Егер шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында электрондық құжаттың қағаз көшірмесінің қысқартылған (толық емес) нұсқасы орналастырылса, бірақ онда бейрезидент шет мемлекеттің резиденті болып табылатындығы расталса, мұндай құжат аталған тұлғаның көрсетілген кезеңдегі резиденттігін растайтын құжат болып танылады.

Егер мынадай жағдайларда:

бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған болса;

осы баптың 1-тармағында көрсетілген (көрсетілетін) тұлғаның (тұлғалардың) қолтаңбасы мен мөрінің түпнұсқалығын куәландырудың өзге де тәртібі:

  • Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
  • осы Кодекстің 232-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;
  • ЕАЭО органының шешімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастыру талап етілмейді.

Мынадай кезде:

  • бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта уақыт кезеңі көрсетілген кезде – көрсетілген кезең ішінде;
  • резиденттік белгілі бір күнге расталған кезде – бейрезиденттің резиденттігі расталған күнге дейінгі күнтізбелік жылдың басынан бергі уақыт кезеңіне;
  • бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта уақыт кезеңі болмаған кезде – осындай құжат берілген (шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналасқан) күнтізбелік жыл ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі резиденттік сертификаты 

Резиденттік сертификаты – бейрезиденттің резиденттігін растайтын ресми құжат және бейрезидент - кіріс алушы Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылады.

Салық кодексінің 218-бабына сәйкес резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы. Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осындай тұлға тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсынады.

Салық кодексінің 218-бабы бойынша халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осындай тұлға тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсынады.

Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттікті растауға салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуі үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

3) резиденттер болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам мыналардың:

·       шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің;

·       Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (ол болған кезде);

·       Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмелерін;

4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

·       шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;

·       Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмесiн;

·       резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

·       "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңге "Астана" халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі беретін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы растау хатты;

·       шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайтыны туралы ішкі істер органы берген растау хатты ұсынуға міндетті. Осы абзацтың мақсаттары үшін ішкі істер органы берген растау хатта шетелдіктің шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің мәліметтері қамтылуға тиіс.

Бастапқы өтініш жасау кезінде резиденттікті растайтын құжат берілген жағдайда, резиденттікті растауға салықтық өтінішті кейіннен берген кезде ішкі істер органы берген растау хатты ұсыну талап етілмейді.

Резиденттікті растайтын құжат резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төлеу жүргізілген күнтізбелік жылға беріледі.

Резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

1) тұлғаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растайды.

Резиденттікті растайтын құжат электрондық құжат нысанында берілген жағдайда, осындай құжатты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру күні беру күні болып табылады.