Консулдық алым – бұл Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi, Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдiк заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергенi үшiн алатын бюджетке төленетiн төлем.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап консулдық алым

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі консулдық алым


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап консулдық алым

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.


Консулдық алым төлеушілер

Консулдық алым алу

Консулдық алым мөлшерлемелері

Консулдық алымды төлеу тәртібі


Консулдық алым төлеушілер

ҚР СК 674-бабында атап өтілгендей, Салық кодексінің 675-бабында көзделген консулдық әрекеттер олардың мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алымды төлеушiлер болып табылады.

Консулдық алым алу

Консулдық алым мынадай консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынады:

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы жолданымдарын пысықтау және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;

3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

4) Қазақстан Республикасына қайтып оралуға куәлік беру;

5) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiшхаттарын ресiмдеу;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу;

8) құжаттарды талап етіп алдыру;

9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;

10) нотариаттық әрекеттер жасау;

11) консулдық мекемеде өсиеттерді, құжаттар бар пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерлікті қоспағанда) сақтау;

12) жария сауда-саттықтарда тауарларды немесе өзге де мүлікті сату;

13) мүлікті немесе ақшалай сомаларды тиесілігі бойынша беру үшін алты айға дейінгі мерзімге депозитке қабылдау;

14) заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық поштамен құжаттар жіберу;

15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру;

16) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;

17) Қазақстан Республикасының шетелдегі кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;

18) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

Консулдық алым мөлшерлемелері

Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша:

1) Қазақстан Республикасының аумағында алынатын;

2) шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін әзірлейді және бекітеді.

Сыртқы істер министрлігі осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері

Консулдық алымды төлеу тәртібі

ҚР СК 678-бабына сәйкес консулдық алым консулдық әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды ҚР аумағында төлеу алымды төлеу күніне Ұлттық Банк белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке консулдық әрекеттер жүзеге асырылатын жер бойынша немесе Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

Консулдық алым қолма-қол ақшамен төленген жағдайда, консулдық алымның осы сомасын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей банк ұйымдарына кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері 10 АЕК-тен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерде – шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банктік шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Сыртқы істер министрлігі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық әрекеттер жасалатын мемлекеттің валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

Төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі консулдық алым

Консулдық алым - бұл Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент-шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын, бюджетке төленетін төлем. (ҚР Салық кодексінің 624-бабы).

ҚР Салық кодексі 550-бабына сәйкес - Алымдар салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өндіріп алатын бюджетке біржолғы төлемдер болып табылады.

Консулдық алым төлеушілер

Не үшін консулдық алым алынады

Консулдық алым мөлшерлемелері

Консулдық алымды төлеу тәртібі

Консулдық алым төлеушілер

ҚР СК 625-бабына сәйкес - Салық кодексінің 626-бабында көзделген консулдық әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

Не үшін консулдық алым алынады

Консулдық алым мынадай консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынады (ҚР СК 626-бабы):

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;
2)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтау және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;
3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
4) Қазақстан Республикасына қайтып оралуға куәлік беру;
5)
шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiшхаттарын ресiмдеу;
6)
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеу;
7) азаматтық хал актілерін тіркеу;
8)
құжаттарды талап етіп алдыру;
9)
құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;
10)
нотариаттық әрекеттер жасау;
11)
консулдық мекемеде өсиеттерді, құжаттар бар пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерлікті қоспағанда) сақтау;
12)
жария сауда-саттықтарда тауарларды немесе өзге де мүлікті сату;
13)
мүлікті немесе ақшалай сомаларды тиесілігі бойынша беру үшін алты айға дейінгі мерзімге депозитке қабылдау;
14)
заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық поштамен құжаттар жіберу;
15)
кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру;
16)
Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;
17)
шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;
18)
заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

Консулдық алым мөлшерлемелері

ҚР СК 627-бабында белгілендей - егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) ҚР аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;

2) шет мемлекеттің аумағында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.

Консулдық алымды төлеу тәртібі

Консулдық алым консулдық әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу алымды төлеу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық әрекеттер жасалатын мемлекеттің валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

Төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.