Патент – бұл жалдамалы жұмыскерлер болмаған кезде жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу үшiн арнаулы салық режимi.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап патент бойынша есеп-қисап

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі патент бойынша есеп-қисап

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап патент бойынша есеп-қисап

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнаулы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимін қолдану көзделген:

Мынадай арнаулы салық режимдерінің күші жойылды:

  • бөлшек салықтың АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап СЕН 911.00 - «Патент құнының есеп-қисабы» жойылды, өйткені бұл салық режимі жоқ.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі патент бойынша есеп-қисап

Патент – бұл жалдамалы жұмыскерлер болмаған кезде жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу үшiн арнаулы салық режимi.

«Патент құнының есеп-қисабы (911.00-нысан)» патент құнын есептеуге арналған.

Патентті қолдану шарттары

Есеп-қисап (911.00-нысан)

Салықтық кезең

Патент мерзімі

Патентті қолдану шарттары

Патентті қолданудың басты артықшылығы – жеке кәсіпкерлікті жүргізу, яғни штатта жалдамалы жұмыскерлердің болмауы.

Патент негізінде АСР қолданатын дара кәсіпкерлер:

  • жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;
  • қызметін жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырады;
  • мынадай қызметтің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады.

ҚР СК 683-бабының 2-тармағына сәйкес патентті қолдану үшін салықтық кезең үшін кіріс 3 528 АЕК-тен аспауы тиіс.

СК 683-бабының 3-тармағы негізінде агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызмет көрсететін ДК патенті негізінде АСР қолдануға құқығы жоқ.

Агенттiк шарттар (келiсiмдер) деп бiр тарап (агент) екiншi тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бiрақ екiншi тараптың есебiнен не екiншi тараптың атынан және есебiнен белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға мiндеттенетiн ҚР заңнамасына сәйкес жасалған АКҚ шарттары (келiсiмдерi) түсiнiледi.

Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) және әлеуметтік төлемдер енгізіледі:

1. ЖТС - салық кезеңіндегі кірістің 1%.
2. МЗЖ - мәлімделген кірістің 10%, бірақ 1 ЕТЖ-нің 10%-нан кем емес және 50 ЕТЖ-нің 10%-нан жоғары емес.
3. Өзі үшін ӘА - мәлімделген кірістің 3,5%, бірақ 1 ЕТЖ-нің 3,5%-нан кем емес және 7 ЕТЖ-нің 3,5%-нан артық емес.
4. МӘМС жарналары - 1,4 ЕТЖ-нің 5%.

Патенттің құны 911.00-нысан бойынша патент құнының есеп-қисабы берiлгенге дейiн төленедi.

Есеп-қисап (911.00-нысан)

Есеп-қисап (СЕН 911.00), патент құнын есептеуге арналған.

Есеп-қисапты патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды.

Есеп-қисап есеп-қисаптың өзінен (911.00-нысан) және патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған оған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады.

911.01-нысандағы
қосымша патент құнын есептеу үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған және оны дара кәсіпкер міндетті түрде толтыруға тиіс. Есеп-қисапты патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды (ҚР СК 685-бабы).

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына 911.00-нысандағы патент құнының есеп-қисабын (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – есеп-қисап) ұсынылады.

Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ҚР СК 685-бабының 2-тармағы):

1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарлама берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылатын айдың 1-күніне дейін;

3) кезекті патентті алу үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлералдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.

Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салықтық есептілік болып табылады.

Патенттің құны осы Кодекстің 686-бабына сәйкес есептеледі.

Салықтық кезең

Патент негізінде арнаулы салық режимін, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе арнаулы мобильд қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент мерзімі

Егер ҚР СК 685-бабының 5-тармағында өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі АСР бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.

Патент мерзімі 1 айдан 12 айға дейін болуы мүмкін. Патентті ең болмағанда ай сайын ұзартуға болады, патентті бір жылға алу міндетті емес.

Патент негізінде АСР:

1) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы айында жаңадан тіркелген;

2) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы айында салықтық есептілікті табыс етудің тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан кем мерзім ішінде қолданады.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру үшін Кодекстің 214-бабында айқындалған тәртіппен салықтық өтінішті тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.

«Патент құнының есеп-қисабы (911.00-нысан)» салықтық есептілігін жасау қағидалары