-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Ж
- Жекеше нотариус
Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады («Нотариат туралы» ҚР Заңының 15-бабы)
Жекеше нотариус жеке практикамен айналысатын адамға жатады.
ҚР Салық кодексінің 1-бабының 19-тармағына сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлға:
- жекеше нотариус,
- жеке сот орындаушысы,
- адвокат,
- кәсіби медиатор.
Жекеше нотариусты тіркеу есебінің тәртібі
Жекеше нотариустың қызметін сақтандыру
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап жекеше нотариусқа салық салу (өзгерістерге дейін)
Жалпы ережелер
ҚР-дағы нотариат - бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
Нотариаттық қызмет - бұл нотариустың осы Заңда және ҚР өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
ҚР-дағы нотариаттық қызмет «Нотариат туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
ҚР Салық кодексінің 1-бабының 1-тармағымен салық салу мақсатында Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар берілген:
жеке практикамен айналысатын адам - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.
Жеке практикамен айналысатын нотариус:
- банк мекемелерінде ағымдағы шоттар ашуға,
- еңбек заңнамасына сәйкес көмекшілерді, техникалық қызметкерлерді жалдауға және жұмыстан босатуға,
- нотариаттық ic-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билік етуге,
- өз атынан соттарда сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да ic-әрекеттер жасауға құқылы.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің кедергісіз кіруіне, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиясын және нотариаттық іс жүргізудің сақталуын қамтамасыз ету үшін шарттарды сақтауға жарамды бір үй-жайы болуға міндетті.
Егер «Нотариат туралы» ҚР Заңында өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.
Жекеше нотариусты тіркеу есебінің тәртібі
Жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебі Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы электрондық түрде жеке тұлға ұсынатын өтініш негізінде жүргізіледі.
ҚР Салық кодексінің 79-бабына сәйкес жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейiн сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы электрондық нысанда ұсынылған, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Жеке практикамен айналысатын тұлғаның тіркеу есебі туралы салықтық өтініші ҚР ҚМ 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген (10-қосымша)
Салық органдары салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
Салық органы тіркеу деректерін өзгертуді:
- жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
Жеке практикамен айналысатын адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті өзінің тұрған жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынуға міндетті.
Жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Жекеше нотариустың қызметін сақтандыру
«Нотариат туралы» Заңының 16-бабына сәйкес -
1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ.
2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Жекеше нотариусқа 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап салық салу (2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына ретроспективалық өзгерістер)
2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына қол қойды. Бұл Заңмен ҚР СК 336-бабына түзетулер енгізілді (3, 4-тармақтар қосылды), оларға сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке практикамен айналысатын адамдар үшін ЖТС төлеу мерзімі ретроспективті өзгертілді.
ҚР СК 336-бабына сәйкес: Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
- жекеше нотариустың кірісі;
- жеке сот орындаушысының кірісі;
- адвокаттың кірісі;
- кәсіби медиатордың кірісі.
2) Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
3) Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.
4) Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
Алайда, қабылданған Заңда 781-бап «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу жөніндегі өтпелі ережелер» көзделген, оның 3-тармағына сәйкес:
3. Жеке практикамен айналысатын адам 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген айдың соңғы күніне дейінгі кезең үшін салық салынатын кірістен есептелген жеке табыс салығын төлеуді Заң күшіне енген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
15.07.2025 жылғы № 208-VІIІ ҚРЗ Заң 2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, тиісінше, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін ЖТС төлеудің бірінші мерзімі 2025 жылғы қазаннан кешіктірмей болады.
2025 жылғы 01 қаңтардан бастап жекеше нотариусқа салық салу (өзгерістерге дейін)
Жеке практикамен айналысатын адамдар күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) төлейтін болады.
ҚР СК 336-бабына сәйкес: Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
- жекеше нотариустың кірісі;
- жеке сот орындаушысының кірісі;
- адвокаттың кірісі;
- кәсіби медиатордың кірісі.
Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
Салық салуға жататын кіріс сомасын Салық кодексінің 636-бабына сәйкес күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша аталған тұлғалар айқындайтын болады.
Кіріс пен ЖТС сомасын көрсету үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру қажет, Декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей беру қажет.
Кіріс сомасының 10%-ы мөлшерiнде ЖТС төлеу декларация берiлгеннен кейiн 25 қыркүйектен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.
2025 жылдан бастап жеке практикамен айналысатын адамдар бұрын өткен айдың қорытындысы бойынша 5 күнінен кешіктірмей төленген ЖТС ай сайынғы төлеуден босатылды.
Кірістер мен шығыстарды айқындау тәртібі туралы жалпы ережелер Салық кодексінің 361-бабында белгіленген.
Жеке практикамен айналысатын әрбір тұлға үшін салық салынатын табысты айқындайтын Салық кодексінің жеке бабы көзделген:
- 362-бап - жекеше нотариус үшін;
- 363-бап - жеке сот орындаушысы үшін;
- 364-бап - адвокат үшін;
- 365-бап - кәсіби медиатор үшін.
ҚР ҰЖ 03-2019 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)
Кәсіпорынның негізгі экономикалық қызмет түрін айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 35 бұйрығы.