Қызметтік жазба - бұл компанияның құрылымдық бөлімшелері арасындағы хат алмасу. Онда әдетте белгілі бір өтініш, ұсыныс болады. Қызметтік жазбалар баяндама жазбалары сияқты ресімделеді.

Қызметтік жазба басқару объектілерінің көлденең деңгейдегі байланысын қамтамасыз етеді, яғни жұмыскер немесе бөлімше басшысы басқа бөлімше басшысының немесе маманының атына жасайды.

Қызметтік жазбалар әдетте бір басшыдан екіншісіне немесе бір қызметкерден екіншісіне олардың лауазымдық мәртебесі тең болған жағдайда ғана жіберіледі, әйтпесе бұл баянжазба болады.
Әдетте, қызметтік жазбалар материалдық-техникалық, ақпараттық, ұйымдастырушылық және шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жасалады.

Қызметтік жазба шешім қабылдау үшін негіз ретінде қолданылатын компанияның ішкі құжаты болып табылады.

Қызметтік жазбалардың көмегімен әртүрлі жұмыс және ұйымдастыру мәселелерін шешуге болады.

Жұмыскердің жалақысынан артық төленген соманы ұстап қалу туралы қызметтік жазбаның үлгісі

Жұмыскердің жалақысының ұлғайту туралы қызметтік жазба

Жұмыскерді көтермелеу туралы қызметтік жазба

Қызметтік жазба