Банк шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары – бұл жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтуші және (немесе) бенефициар банк шоттарын пайдаланбайтын және ақша жөнелтуші көрсеткен бенефициардың пайдасына аудару үшін қолма-қол ақша салу және (немесе) бенефициардың қолма-қол ақша алу жолымен жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолма-қол ақшасыз төлемдер

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қолма-қол ақшасыз төлемдер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолма-қол ақшасыз төлемдер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына толықтырулар енгізілді.

Көрсетілген толықтырулар 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және қолма-қол ақшасыз аударымдардың жекелеген аспектілерін реттейді.

Қағидалар ғылыми және ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі жобаларды гранттық қаржыландыру кезінде есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын 15-1-тармақпен толықтырылды:

15-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша гранттық қаржыландыру кезінде эскроу-шот режимінде грант алушының атына ашылған ағымдағы шоттан контрагенттің (шарт тарапының) банктік шотына олардың арасындағы шарт негізінде төлем жасалады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады.

Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының лездік төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі.

Лездік төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақшаны есепке жатқызуды бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші – лездік режимде лездік төлемдер жүйесіне қатысушы қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) лездік төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қолма-қол ақшасыз төлемдер

Мыналар қолма-қол жасалмайтын төлемдер болып есептеледі: екі банк шоттарының (төлеуші мен алушының) арасында қаражат аудару. Бұған карточкалармен жасалатын төлемдер; қолма-қол ақшамен бастапқыда банктің кассасына енгізілген сенімхат бойынша қаражатты алушының шотына аудару жатады.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, сондай-ақ оларды пайдаланбастан (қолма-қол ақшасыз төлемдер) да мынадай:

1) қолма-қол ақша беру;

2) электрондық ақша беру;

3) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша аудару;

4) ақшалай міндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын беру;

5) электрондық төлем құралдарын пайдалану тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Қызмет көрсетушi банктiң кассасы арқылы төлем алу қолма-қол ақшасыз төлем деп танылады.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына 1-бабының 35-2-тармағына сәйкес - мобильдік төлемдер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуге электрондық нысанда бастамашылық жасалған, мобильдік қосымша немесе штрих кодты пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған өзге де жабдық (құрылғы) арқылы алынатын қолма-қол ақшасыз төлемдер;
Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын АЕК-тің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.

Электрондық коммерция мәмілелері бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңда (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру қағидалары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның 2545-57-баптарының, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңның 5712 және 13-баптарының талаптарына және Қағидаларға сәйкес теңгедегі немесе шетел валютасындағы банк шоттарын пайдалана отырып және банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылады.

Банк шоттарын ашпастан жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына ақша жөнелтуші және (немесе) бенефициар банк шоттарын пайдаланбастан жүзеге асыратын және ақша жөнелтуші көрсеткен бенефициардың пайдасына аудару үшін қолма-қол ақшаны салу және (немесе) бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдары жатады.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары электрондық нысанда немесе қағаз тасымалдағышта ұсынылған, сондай-ақ қашықтан кіру жүйесін пайдалана отырып, банк жүйесінде қалыптастырылған жөнелтушінің төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

Қағаз тасымалдағышта жасалатын төлем құжаттарының нысандары Қағидаларда айқындалады. Электрондық нысанда жіберілетін төлем құжаттары төлем құжатының әрбір түрі мен нысаны үшін Қағидаларда белгіленген деректемелерді қамтиды.

Төменде ұсынылған кестеде қолма-қол ақшасыз төлемдерге не жататынын көруге болады:

Төлем

Төлем түрі

БКМ бақылау чегі беріледі ме, жоқ па

1.

Компания кеңсесінде қолма-қол ақшамен төлеу

Қолма-қол төлем

Чекті сатушы береді

2.

Тауарды жеткізу кезінде өз курьеріне қолма-қол ақы төлеу

 Қолма-қол төлем

Чекті сатушы береді

3.

Компания кеңсесінде немесе жеткізу кезінде жеке курьерге POS-терминал арқылы картамен төлеу

Қолма-қол ақшасыз төлем

Чекті сатушы береді

4.

Интернет-дүкен сайты арқылы картамен төлеу

Қолма-қол ақшасыз төлем

Чекті сатушы береді

5.

Есеп шоттан компанияның шотына ақы төлеу

Қолма-қол ақшасыз төлем

Сатушы чек бермейді

6.

Сатып алушының қызмет көрсететін банктің кассасы арқылы қолма-қол ақшамен төлеуі

Қолма-қол ақшасыз төлем

Сатушы чек бермейді

7.

Төлемді банк енгізген кезде тауарды кредитке сатып алу

Қолма-қол ақшасыз төлем

Сатушы чек бермейді

8.

Курьерлік компанияның курьеріне қолма-қол ақы төлеу

Қолма-қол ақшасыз төлем

Сатушы чек бермейді

9.

Үстеме төлем

Қолма-қол ақшасыз төлем

Сатушы чек бермейді

10.

QR-код бойынша төлем

Қолма-қол ақшасыз төлем

Сатушы чек береді