2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есептілікті тоқтата тұру тәртібі

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептілікті тоқтата тұру тәртібі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есептілікті тоқтата тұру тәртібі

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

ҚР Салық кодексінің 117-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті):

  • салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;
  • тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.

Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған күннен бастап қайта басталған күнге дейінгі кезеңде қосылған құн салығын төлеушіге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатыла тұрады.

Салық салу объектілері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілігін ұсыну тоқтатыла тұрмайды.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер салық органы тиісті шешімді қабылдаған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

Уәкілетті органның интернет-ресурсында салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы мәліметтерді жариялау салықтық өтініште немесе жергілікті атқарушы органның жолданымында көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбауға негіз болып табылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан бас тарту:

1) салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған;

2) салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген;

3) салық органының орындалмаған хабарламалары болған жағдайда қабылданады.

Салық органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну күнінен бастап салықтық есептілікті ұсынған;

2) қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе қайта бастаған күннен бастап салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін қайта бастау фактісі анықталған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынуды қайта басталды деп таниды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік міндеттемелерді есептеу, төлеу бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін қызметті жүзеге асыруды бастауы осы баптың мақсаттары үшін қызметті қайта бастау деп танылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі есептілікті тоқтата тұру тәртібі

Салықтық есептілікті тапсыруды тоқтата тұру, мерзімін ұзарту және қайта бастау тәртібі ҚР Салық кодексінің 213-бабымен регламенттелген.

1. Салық төлеушінің салықтық өтініш негізінде:

1) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;

2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;

3) салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқығы бар.

Салық төлеуші өзінің тұрған жері бойынша салық органына:

1) қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтінішті ұсынады.

Салықтық өтініш:

·        қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін - қызметін қайта бастау немесе қызметті қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады;

2) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтық есептілікті ұсынады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі салықтық өтініш ұсынылғаннан кейін басталатын болса, онда осындай есептілікті ұсыну салықтық өтініш ұсынылатын күнге дейін жүргізіледі;

3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды ескергенде, ҚР СК 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен (үш жыл) аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту жалпы мерзім ескеріле отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде АСР қолданатын ДК үшін – есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі оны ұзартуды ескере отырып, есепті ұсынуды тоқтата тұрудың мерзімі басталған күннен бастап үш жылдан аспауы тиіс. (ҚР СК 214-б)

Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

Патент негiзiнде АСР қолданатын ДК үшiн - салықтық өтiнiш берiлген күнi Салық органы есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргiзуге немесе есеп-қисапты ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға мiндеттi.

Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салық есептілігін ұсынбауға негіз болып табылады.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту салық төлеушіде:

1) өтініш берілген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек;

2) мыналарды:

·        талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып салықтық есептілікті;

·        қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынбау фактісі;

3) салық органының әрекетсіз деп тану фактісі;

4) салық органы жіберген, орындалмаған хабарламалар болған жағдайларда қабылданады.

Салық есептілігін табыс етуді кімнің тоқтата тұруға құқығы жоқ

·        патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын;

·        ойын бизнесі салығын төлеушілер;

·        ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;

·        арнаулы салық режимдерін қолданатын ДК қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне);

·        мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдері.