913.00-нысан - «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация».

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 913.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 913.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 913.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнаулы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимін қолдану көзделген:

Мынадай арнаулы салық режимдерінің күші жойылды:

  • бөлшек салықтың АСР;
  • патент негізінде АСР;
  • мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 913.00-нысан - «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» жойылды, өйткені осы салық режимі жоқ.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 913.00-нысан

СЕН 913.00 – «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (913.00-нысан)».

Бөлшек салық - бұл ҚР Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес келетін бизнес субъектілері үшін салық салудың неғұрлым жұмсақ шарттарын көздейтін арнаулы салық режимі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пандемиядан неғұрлым зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру мүмкіндігі туралы тапсырмасына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (СК) және «ҚР Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 10.12.2020 жылғы № 382-VI Заңымен 01.01.2021 жылдан бастап жаңа баламалы салық режимі енгізілді01.01.2023 жылға дейін қолданылған «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі» ҚР СК жаңа 77-1 тарауында көзделген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі қайтарылды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың АСР мерзімсіз әрекет етеді, бұл тұрақты әрекет ететін салық режимі.

2023 жылғы 20 наурызда Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оған сәйкес Кодекс Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі 77-2-тараумен толықтырылды, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап артқы күнмен енгізілді.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

913.00-нысандағы декларацияны бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын және ЖТС (КТС) есептеуге арналған шағын және орта бизнес субъектілері жасайды.

Бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияны (913.00-нысан) толтыру ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.01.2020 № 39 бұйрығымен бекітілген Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Бөлшек салықтың АСР қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысымен бекітілді.

Салықтық кезең

ҚР Салық кодексінің 696-4-бабына сәйкес:

Күнтізбелік тоқсан бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

Есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі

СЕН 913.00 Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияларды есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

  • 1-тоқсан үшін - 15 мамырдан кешіктірмей;
  • 2-тоқсан үшін - 15 тамыздан кешіктірмей;
  • 3-тоқсан үшін - 15 қарашадан кешіктірмей;
  • 4-тоқсан үшін - 15 ақпаннан кешіктірмей.

КТС (ЖТС) бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей жүргізіледі.

  • 1-тоқсан үшін - 25 мамырдан кешіктірмей;
  • 2-тоқсан үшін - 25 тамыздан кешіктірмей;
  • 3-тоқсан үшін - 25 қарашадан кешіктірмей;
  • 4-тоқсан үшін - 25 ақпаннан кешіктірмей.

Төлеуге арналған БСК

КТС төлеу жүргізілетін БСК:
101111 - «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы».

ЖТС төлеу жүргізілетін БСК:
1012020
- «Төлем көзінен салық салынбайтын кірістенден ұсталатын жеке табыс салығы».

КТС (ЖТС) бойынша салық тіркелімінің нысаны бекітілмеген, сондықтан салық төлеуші салық тіркелімін ҚР СК 215-бабының ережелерге сәйкес дербес әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 783 бұйрығымен  «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер СЕН 913 бойынша салық есептілігі бөлігінде 2023 жылдан бастап бөлшек салық бойынша ретроспективті өзгерістерге қатысты болды.

Жаңа нысан және оны толтыру қағидалары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Нысан 913.01-қосымшамен толықтырылды, ал бөлшек салық бойынша декларацияны толтыру ережелері «913.01- Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер бойынша салық міндеттемелерін есептеу нысанын толтыру бойынша түсіндірме» 3-тараумен толықтырылды.

Бөлшек салық-2025: ЭҚЖЖ толық тізімі

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияны (913.00-нысан) толтыру қағидалары