Жер салығы - меншiк құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскесi бар заңды және жеке тұлғалар төлейтiн салық.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жер салығы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жер салығы


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жер салығы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы аясында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістер жер салығына қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы (701.01-нысан) және 701.01-нысанын тапсыру алынып тасталды.

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері енгізілді. (ҚР СК 577-бабы).

Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша базалық салық мөлшерлемелері қырық есе ұлғайтылды (ҚР СК 581-бабы)

Төлеушілер

Салық салу объектілері

Базалық салық мөлшерлемелерін түзету

Заңды тұлғалар мен ДК салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

Салықтық кезең және салықтық есептілік


Төлеушілер

Мынадай:

1) жеке меншiк құқығында;

2) тұрақты жер пайдалану құқығында;

3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жер салығын өзі дербес төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мыналар жер салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР қолданатын салық төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

4) діни бірлестіктер.

Салық салу объектілері

ҚР СК 573-бабына сәйкес жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылысжайлары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерге жатады;

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.

Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылысжайлар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылысжайлар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер алып жатқан жер жатады;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер алып жатқан жер учаскелерi;

4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;

5) ҚР СК 590-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері.

Жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы жер салығын айқындау үшiн салықтық база болып табылады. (ҚР СК 575-бабы)

Базалық салық мөлшерлемелерін түзету

ҚР СК 582-бабы негізінде жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар.

Бұл ретте жер салығының мөлшерлемелерін жекелеген салық төлеушілер үшін жеке-дара азайтуға немесе арттыруға тыйым салынады.

Жер салығының мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициентін мынадай төлеушілер қолданады:

1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары;

2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және ҚР СК 80-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар – ҚР СК 837-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

4) инвестициялар туралы келісім жасасқан және ҚР СК 81-тарауының ережелерін қолданатын тұлғалар – инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын (пайдалануға жоспарланатын) салық салу объектілері (салық алу объектілері) бойынша.

Мына төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентiн қолданады:

1) балаларды сауықтыру мекемелері – осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің балаларды сауықтыру жөніндегі өздерінің қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

2) негiзгi қызмет түрi ормандарды өртке қарсы жайластыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстардың өсімін молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері осы қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері балықты ұдайы молайту жөніндегі қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

4) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындары;

5) технологиялық парктер – "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негізгі қызмет түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.

Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін технологиялық парктер қолдануға құқылы:

  • мұндай технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған;
  • осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі;

6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес акционерлік қоғам, мекеме, тұтыну кооперативі, діни бірлестік нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар;

7) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдардан басқа, әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – осы Кодекстің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша.

Заңды тұлғалар мен ДК салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

Әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиiстi салықтық мөлшерлемені қолдану арқылы жүргiзіледi. (ҚР СК 583-бабы)

 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері ҚР СК 63-тарауымен регламенттелген.

ҚР СК 584-бабына сәйкес салық төлеушілер салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жер салығының сомаларын дербес есептейді.

Салықтық кезең ішінде салық салу объектілеріне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесін иеленудің іс жүзіндегі кезеңі үшін есептеледі.

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ол жер учаскесін беретін айдың басына дейін есептейді. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесіне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшін есептейді.

Салық төлеуші жер салығын салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріс жасалған күнге дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылған елді мекендердің жер учаскелері бойынша жер салығы осындай учаскелер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған жағдайда, ҚР СК 576-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

Салықтық кезең және салықтық есептілік

 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.

Көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны (700.00-нысан) жер учаскелері тұрған жердегі салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:

1) заңды тұлғалар;

2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылуға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;

3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдаланылуға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жер салығы

Жер салығы - меншiк құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскесi бар заңды және жеке тұлғалар төлейтiн салық.

Жер салығын төлеуші кім болып табылады

Жер салығын төлеуші кім болып табылмайды

Салық салу объектілері

Салықты есептеу және төлеу тәртібі

Төлеу мерзімі

Салық кезеңі

Салық есептілігі

Салықты төлеу тәсілі

Жауапкершілік

Жер салығын төлеуші кім болып табылады

Жер салығын төлеушілер:
1) меншік құқығында;
2) тұрақты жер пайдалану құқығында;
3)
бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар болып табылады.
2.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жер салығын төлеуші кім болып табылмайды

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексінің 497-бабына өзгерістер енгізілді - Салық салынбайтын жерлер тізбесіне «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру шеңберінде ядролық қауіпсіздік аймағының жерлері енгізілген (СК 497-бабының 2-тармағы).

Мыналар жер салығын төлеушілер болып табылмайды:
1)
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер – осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;
2)
мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3)
қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) діни бірлестіктер.

Салық салу объектілері

ҚР СК 500-бабына сәйкес - Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1)
елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
2)
ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
3)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;
4)
жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;
5)
осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері.
Темiр жол көлiгi, энергетика және электрлендiру, байланыс жүйелерi ұйымдары, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар: темiр жолдар, иелiктен айыру белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар алып жатқан жер учаскелерi, электр беру желiлерiнiң тiректерi мен шағын станциялар, мұнай құбырлары мен газ құбырлары, байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан учаскелер үшiн салық төлейдi (
501-бап).

Салықты есептеу және төлеу тәртібі

Жер салығын есептеу осы тараудың ережелерін ескере отырып, әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi.
Мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде салық төлеуші жер салығын жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептейді.
Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.
Жер салығы бюджетке жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi. (ҚР СК 511-бабы.).

ДК, ЖШС, сондай-ақ ҚЖС, АҚ және басқа да заңды тұлғалар жер салығын дербес есептейді, ал жеке тұлғаларға жер салығының сомасын салық органдары есептейді.
Жер салығының сомасы жер учаскесінің алаңын (салық базасын) негізге ала отырып, жер учаскесін нақты пайдалану кезеңі үшін
есептеледі және жердің санатына және оның орналасқан жеріне:
сатушы салық сомасын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесін беретін айдың басына дейін есептейді, ал сатып алушы жер учаскесіне құқығы туындаған айдың басынан бастап кезеңге есептейді.

Төлеу мерзімі

Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында бар салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын ДК-ны қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

Ағымдағы төлемдер = (Мөлшерлеме * Салық кезеңінің басында бар учаскелер алаңы).

Есептелген соманы төлеу үшін салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей 4-ке бөлу және (тең үлестермен) аудару қажет.

Салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде, оның ішінде
заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:
1)
осындай салықтық кезең ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды бірінші төлеу мерзімі болып табылады;
2)
ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде тек түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу жүргізіледі.

Салық кезеңі

1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Компания түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және жер учаскесінің орналасқан жері бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей бюджетке жер салығын төлейді.

АСР қолданатын ДК жер салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін төлейді (ағымдағы төлемдерді аудармайды).
Жеке тұлғаларға жер салығының сомасын салық органы есептейді.

Салықтық есептілік

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша ДК (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын ДК қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша СЕН 701.01 жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын.

Салық төлеуші кезекті (салық кезеңі ішінде) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:

  • ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде - ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын;
  • салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде - осындай төлемдердің мөлшерін тиісінше түзетумен және оларды төлеудің алдағы мерзімдеріне тең үлестермен бөлумен ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын.

Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердiң есебiн ұсынбайды. Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есебі немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есебі ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша табыс етіледі.

СЕН 7000.00 декларациясы жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:
1) заңды тұлғалар;
2)
ДК - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша;
3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын тұлғалар) - кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша
тапсырады.

Салықты төлеу тәсілі

Жер салығын төлеуді бірнеше тәсілмен жүргізуге болады:

  • екінші деңгейдегі банктер бөлімшесінің кассасы арқылы;
  • салық органдарындағы касса арқылы;
  • интернет-банкинг көмегімен (егер қызмет қолжетімді болса);
  • Электрондық үкімет порталы арқылы

Берешек сомасын мыналардан білуге болады:

  • Салық қызметі бөлімшесінде (өзімен бірге ЖСН немесе БСН және паспорт болуы керек);
  • Электрондық үкімет порталында.

Жауапкершілік

ӘҚБтК-нің 279-бабы 11-тармағының негізінде - Салық агентінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салықтар сомасын ұстамауы немесе толық ұстамауы:

  • жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20% мөлшерінде
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 30% мөлшерінде,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - ұсталмаған салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының 50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.