-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- аванстық төлемдерді есептеу
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
- Әкiмшiлiк айыппұл
- әкелген күн
- Әкелу туралы өтініш
- Әкімшілік шығыстар
- Әлеуметтiк салық
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік демалыс
- әлеуметтік жәрдемақы
- әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер
- әлеуметтік төлемдер
- Әлеуметтік төлемдер
- әлеуметтік төлемдерді шегеру
- Әрекет етпейтін
- Әскери есепке алу
- өкiлдiк
- Өкілдік шығыстар
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін КТС
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есепке жатқызу әдісімен
- есепке жатқызылатын
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- жарнаманы орналастыру
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
- жылдық кіріс
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- кәсіптік жарналары
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- қарсы тексеру
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есепке қою
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС бойынша шекті кіріс
- ҚҚС ерікті түрде қою
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- ҚҚС-сыз
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосарланған салық салу
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Мобильдік қосымша негізінде АСР
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- салық салу режим
- Салық салынатын айналым
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық зерттеп-қарау
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- СТБЖ
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерім
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- Шегерімге жатқызу
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- шегерімге өтініш
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ жазып беруін бақылау
- ЭШФ ресімдеу
- ЭШФ үзіндісін салыстырмалы бақылау
- Бухгалтер сөздігі
- Б
- Бейрезидент
Бейрезидент - Салық кодексінің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға. (ҚР СК 225-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезиденттер бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі бейрезиденттер бойынша жалпы ережелер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезиденттер бойынша жалпы ережелер
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер бейрезиденттерге салық салуға қатысты болды.
2026 жылдан бастап бейрезиденттердің төлем көзінен төленетін кірістері бойынша ЖТС жаңа мөлшерлемелері көзделген. Кірістердің жекелеген түрлері үшін прогрессивті салық салу шкаласы қолданылады (ҚР СК 682-бабы):
дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға капиталының кемінде 25% тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаға төленетін дивидендтер:
- 230 000 АЕК дейін (қоса алғанда) - 5%;
- 230 000 АЕК-тен жоғары - салық салынатын кірістен 230 000 АЕК мөлшеріндегі салық сомасы + одан асатын сомадан 15%.
ҚР СК 693-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірісі):
- 8 500 АЕК дейін (қоса алғанда) - 10%;
- 8 500 АЕК-тен жоғары - 8 500 АЕК мөлшеріндегі салық салынатын кірістен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 15%.
Еңбекші көшіп келуші-бейрезиденттің табыстары бойынша ЖТС есептеу мен төлеудің жаңа тәртібі белгіленеді (ҚР СК 696-бабы):
Еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:
- бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін 40 АЕК мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;
- тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асу түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
- әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері алу дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы алу осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін 14 АЕК мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
2026 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері өзгертілді (270.00-нысан):
- дербес салық салуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент-жеке тұлға: есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;
- Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы (ҚР СК 697-бабы).
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кіріс түрлері қосылды (ҚР СК 679-бабы):
- ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуден түскен табыс;
- дизайнерлік қызметтер;
- жарнама қызметтері;
- әлеуметтік сақтандыру қорының қызметі.
Бейрезиденттің ҚР-ғы көздерден кірісі болып табылмайтын сомалар мен төлемдерден (ҚР СК 680-бабы):
- бейрезидент заңды тұлғаның дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірісі алынып тасталды;
бірақ:
- мемлекеттік мекеменің бейрезидент-жеке тұлғалардың іс-шаралар өткізу (оның ішінде қабылдаулар, таныстырылымдар, отырыстар, конференциялар мен семинарлар) шеңберінде бюджетте (шығыстар сметасында) көзделген тұру, тамақтану, жол жүру, әуежайдың күту залдарында болуы, мәдени іс-шараларға баруы, виза рәсімдеуі және кәдесый өнімдерінің құны бойынша шығыстарына ақы төлеуі немесе оларды осындай шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бейрезидент-жеке тұлғаларға өтеуі қосылды.
Бейрезидент заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою
Бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен ЖТС есептеу және төлеу тәртібі
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірістері
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кіріс болып не танылмайды
Бейрезидент заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою
ҚР СК 95-бабында белгіленгендей қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебін салық органы бейрезидент-заңды тұлғаның салықтық өтініші, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың немесе резидент-банктердің мәліметтері негізінде жүргізеді.
Салықтық өтініш негізінде тіркеу есебіне қою жөніндегі міндет мынадай бейрезидент-заңды тұлғаларда:
1) қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғада – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан бейрезидент-заңды тұлғада – Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
3) төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет пен жауаптылық жүктелетін, салық агенті болып табылатын және Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлғада – мүлік сатып алынғанға (өткізілгенге) дейін;
4) бейрезидент осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа персонал арқылы жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген қатарынан он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам кезеңде қызметі осы Кодекске сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымында (сақтандыру брокерінде) немесе тәуелді агентте – ҚР СК 231-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
5) қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент-заңды тұлғада – ҚР СК 231-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
6) резидент-банктерде ағымдағы шот ашатын бейрезидент-заңды тұлғада – резидент-банктерде ағымдағы шот ашылғанға дейін;
7) төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген кірісті төлейтін немесе салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде кіріс алатын және ҚР СК 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алатын салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғада – осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акциялар, қатысу үлестері сатып алынғанға дейін;
8) ҚР СК 681-бабының 9) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда – бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлғада;
9) дипломатиялық өкілдікте туындайды.
Резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатындағы тіркеу есебін қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу есебі кезінде салық органы тіркеу куәлігін береді.
Бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
ҚР СК 682-бабына сәйкес, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады:
1) осы тармақтың 2) - 9) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, ҚР СК 679-бабында айқындалған кірістер – 20 пайыз;
2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 пайыз;
3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 пайыз;
4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер – 5 пайыз;
5) осы тармақтың 6) - 7) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти – 15 пайыз;
6) дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға капиталының кемінде жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаға төленетін дивидендтер:
|
№ |
Салық салынатын кіріс сомасы |
Мөлшерлемесі |
|
1 |
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда) |
5 пайыз |
|
2 |
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары* |
230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кіріске салынатын салық сомасы* + одан асатын сомадан 15 пайыз |
* осы баптың 6) және 8) тармақшаларын қолдану мақсатында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
7) кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар – 10 пайыз;
8) ҚР СК 693-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер:
|
№ |
Салық салынатын кіріс сомасы |
Мөлшерлемесі |
|
1 |
8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін* (қоса алғанда) |
10 пайыз |
|
2 |
8 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары* |
салық салынатын кірістен алынатын салық сомасы айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінде* + одан асатын сомадан 15 пайыз |
9) құмар ойындағы ұтыстар және (немесе) бәс тігу түріндегі кірістер – 10 пайыз.
Салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен халықаралық шартта белгіленген мөлшерлемелерді қолдануға құқылы.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері 20 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.
ҚР СК 17-бабында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, ҚР СК 17-бабында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ ҚР СК 17-бабында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.
Осы баптың ережесі Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылмайды.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен ЖТС есептеу және төлеу тәртібі
ҚР СК 696-бабына сәйкес 1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:
1) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;
2) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері:
алу
дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы
алу
дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есептеген жеке табыс салығын ең аз салық салынатын кірістің сомасынан төлеу бейрезидент-еңбекші көшіп келуші рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің болған жерінде жүргізіледі.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші кірісінің салық салынатын сомасынан салықтық кезеңдегі асып кету түрінде есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жерінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер кірістің ең аз салық салынатын сомасынан есептелген, салықтық кезең ішінде төленген жеке табыс салығының сомасы бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісінен осы есепті салықтық кезеңде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну
Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) дербес салық салуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент-жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады. (ҚР СК 697-бабы).
Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге осындай тұлға кеткен күнге дейінгі кезең үшін ұсынылады.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ҚР СК 679-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы ең аз салық салынатын кірістен төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте ҚР СК 679-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кеткен жағдайда жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (декларациялар) осындай тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірістері
Бейрезиденттің ҚР-дағы көздерден түсетін кірістері ҚР СК 679-бабымен регламенттелген.
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірістері кірістердің мынадай түрлерімен толықтырылды:
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді, басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, дизайнерлік қызметтерді, жарнама, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс.
Осы бөлімнің мақсаттарында мыналар қаржылық көрсетілетін қызметтер деп танылады:...
әлеуметтік сақтандыру қорының қызметі;
....
6) осындай тауарлар берілген, қызметтер көрсетілген және жұмыстар орындалған күннен бастап он екі ай ішінде бейрезидент қанағаттанбаған, тауарларды бергені, қызметтерді көрсеткені және жұмыстарды орындағаны үшін резидентке ақы төлеу жөніндегі міндеттемелер түріндегі кірістер;
...
39) мынадай түрдегі:
өтеу мерзімі жиырма төрт айдан аспайтын қаржылай қарыз талаптарында белгіленген мерзімдерде өтелмеген немесе ішінара өтелмеген негізгі борыш мөлшерінде алынған қаржылай қарыз түріндегі (банктік қарызды қоспағанда) кірістер.
Егер қаржылай қарыздың талаптарында қаржылай қарыздың негізгі борышын өтеу графигі көзделсе, қаржылай қарыздың негізгі борышын өтеу графигіне сәйкес бейрезиденттің резидент алдында орындамаған әрбір міндеттеме кіріс деп танылады;
өтеу мерзімі жиырма төрт айдан асатын, бірақ алпыс айдан аспайтын қаржылай қарыз талаптарында белгіленген мерзімдерде өтелмеген немесе ішінара өтелмеген негізгі борыш мөлшерінде алынған қаржылай қарыз (банктік қарызды қоспағанда) түріндегі;
өтеу мерзімі алпыс айдан асатын, негізгі борыш мөлшерінде алынған қаржылай қарыз (банктік қарызды қоспағанда) түріндегі;
резидент алған және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі шетел банкіндегі шотқа есепке жатқызылған қаржылай қарызды (банктік қарызды қоспағанда) өтеу мақсатында резидент жүзеге асыратын төлемдер түріндегі;
қаржылай қарыздың талаптары бойынша мұндай қарызды өтеу Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі шетел банкіндегі шотқа жүзеге асырылатын, бейрезидентке қаржылай қарыз (банктік қарызды қоспағанда) беру мақсатында жүзеге асырылатын төлемдер түріндегі;
резидент үлестес емес бейрезидентке беретін, талаптары бойынша қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмеген қаржылай қарызды (банктік қарызды қоспағанда) беру жөніндегі төлем сомасына орташа нарықтық мөлшерлемені көбейту жолымен есептелетін сома түріндегі кірістер.
Бұл ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кіріс болып не танылмайды
ҚР СК 680-бабының негізінде мыналар бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып танылмайды:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірісінен есептелген және салық агенті осындай табыс салығын ұстамай өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты оларға жұмсалған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
- осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат, сондай-ақ отырғызу талоны немесе жол жүру фактісін растайтын және тасымалдаушы берген өзге де құжат болған кезде электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты) негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және кері қайту жолына нақты жүргізілген шығыстар;
- осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген, бірақ шетелде іссапарларда жүрген мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
- осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген шығыстар;
- күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
- күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орын тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмеуге тиіс;
3) бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны;
4) тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілсе, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстар ескеріле отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға шығыстар енгізілсе, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома осындай шығыстардан жеке көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады.
5) мемлекеттік мекеменің бейрезидент-жеке тұлғалардың іс-шаралар өткізу (оның ішінде қабылдаулар, таныстырылымдар, отырыстар, конференциялар мен семинарлар) шеңберінде бюджетте (шығыстар сметасында) көзделген тұру, тамақтану, жол жүру, әуежайдың күту залдарында болуы, мәдени іс-шараларға баруы, виза рәсімдеуі және кәдесый өнімдерінің құны бойынша шығыстарына ақы төлеуі немесе оларды осындай шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бейрезидент-жеке тұлғаларға өтеуі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі бейрезиденттер бойынша жалпы ережелер
Тұрақты тiркелген және басқа елде жүрген шетел азаматтары мен шетел ұйымдары бейрезиденттер болып табылады.
Бейрезидент деп:
1) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезидент болып танылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам танылады.
Бейрезиденттің ҚР-дағы көздерден түсетін кірістері ҚР СК 644-бабымен регламенттеледі.
Мыналар бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып табылмайды (ҚР СК 644-бабының 2-тармағы):
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірісінен есептелген және салық агенті мұндай табыс салығын ұстамай өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелеріне жұмсалған шығыстар өтемақысы;
3) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарынан алған кірісі;
4) бейрезидент заңды тұлғаның дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірісі;
5) бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны. Осы бапқа
ҚР СК 76-бабына сәйкес филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 220-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін қызметін ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
Осы Кодексті қолдану мақсатында:
1) мыналарға:
- Қазақстан Республикасында, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге;
- өз атынан Қазақстан Республикасында әрекеттер жасауға өкiлеттiктер беруге;
- өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;
- Қазақстан Республикасында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арнап кез келген мынадай келiсiмшартты (шартты, келiсiмді) жасасу;
2) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру мақсаттарында алғашқы еңбек шартын (келiсiмін, келісімшартын) жасасу;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) шарттарын орындау үшiн бейрезидент-жеке тұлғаның, бейрезиденттің жұмыскерінің немесе өзге жалданған персоналының Қазақстан Республикасына келуі;
4) бейрезиденттің осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні бейрезиденттiң бейрезиденттің ҚР-да қызметін жүзеге асыруды бастау күні болып танылады.
Осы тармақта белгіленген бірнеше шарт болған жағдайда, осы тармақта көрсетілген күндердің неғұрлым ертесі бейрезиденттің ҚР-да қызметті жүзеге асыруды бастаған күні болып танылады.
ҚР СК 650-бабының 9-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент міндетті тіркеуге жатады.
ҚР СК 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе ҚР СК 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, ҚР-да мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін ҚР СК 76-бабында айқындалған тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге тиіс.