Бересі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген сомалары.

2020 жылғы 01 қаңтардан бастап «Салық төлеушінің кабинеті» жүйесінде салық берешегі уақтылы өтелмеген жағдайда шоттарға, кассаларға және мүлікке кейіннен тыйым сала отырып, хабарламаны автоматты түрде қою функциясы енгізілді.

Мүлік бойынша тыйым салуды ресімдеу тәртібі Салық кодексінің 118, 119, 120-баптарында айқындалған, олардың да 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа тәртібі бар.

Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салық берешегін өтемеген кезде:

- тәуекелдің жоғары деңгейі, - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

- тәуекелдің орташа деңгейі, - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

Салық кодексінің 119-бабы 1-тармағының негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай санатқа жатқызылған салық төлеуші салық берешегін өтемеген жағдайда:

- тәуекелдің жоғары деңгейі, - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

- тәуекелдің орташа деңгейі, - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң.

Салық кодексінің 120-бабының 1-тармағы негізінде салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билік етуін шектеудi осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтемеген:

- тәуекелдің жоғары деңгейі, - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

- тәуекелдің орташа деңгейі - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң;

2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.

Осылайша, бұл жағдайда, егер компанияда тәуекел деңгейі жоғары болса, онда дербес шот бойынша бересінің кез келген сомасының болуы үшін хабарлама шығарылады және бір жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатқа және мүлікке толық көлемде билік етуді шектеу жүзеге асырылады.

Егер компанияда тәуекелдің орташа деңгейі болса, онда дербес шот бойынша бересінің кез келген сомасының болуы үшін хабарлама қойылады және ақша қаражатына тыйым салу хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң, ал мүлікке он бес жұмыс күні өткен соң салынады.

Зерделенген баптардың мәнінен көрініп тұрғандай, салық органдары мен салық төлеуші кабинеті жүйесінің мұндай жедел реакциясы салық тәуекелінің орташа және жоғары дәрежесі бар субъектілерге қатысты әрекет етеді, Тәуекелдерді бағалау жүйесі төмен салық төлеушілер осы ережелерге жатпайды.

Осылайша, салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің белгіленген тәртібіне, сондай-ақ салық төлеуші кабинетінің жаңартылған функционалына назар аударамыз.

Сондай-ақ салық есептілігін ұсыну кезінде берешектің туындауын болдырмау үшін салық төлеушінің дербес шотындағы деректерді тексеруді жүзеге асыруды ұсынамыз. Егер осы дербес шот бойынша салық төлеушіде салық есептілігінде көрсетілген сомаларды жабуға ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, сізде салық тәуекелінің жоғары немесе орташа дәрежесі болған жағдайда, хабарлама алу немесе ақша қаражаты мен мүлікке билік етуді шектеу ықтималдығын болдырмау үшін салықтарды және қажет болған жағдайда өсімпұлдарды қосымша төлеуді алдын ала жүзеге асыру ұсынылады.