-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Ф
- фермерлік шаруашылық
Арнаулы салық режимі - салық төлеуші Салық кодексінде белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен ерекшеленетін жекелеген салықтар мен төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі; (ҚР Салық кодексінің 6-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ШФҚ үшін АСР
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ШФҚ үшін АСР
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ШФҚ үшін СНР
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде арнайы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнайы салық режимін қолдану көзделген:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі;
- Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
- Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.
Мынадай арнайы салық режимдерінің күші жойылды:
- бөлшек салық АСР;
- патент негізінде АСР;
- мобильдік қосымшаны пайдалана отырып АСР;
- белгіленген шегерімді пайдалана отырып АСР;
Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар
бір кестеге жинақталған:
|
Арнаулы салық режимдерінің түрлері |
Субъектілер |
Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш) |
Мөлшерлеме, кіріс %-ы |
Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы |
|
|
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі |
жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар |
бір айда 300 |
жеке табыс салығы – 0 әлеуметтік төлемдер – 4* |
арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі |
|
2 |
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі |
дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары |
бір жылда 600 000 |
4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер* |
арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі |
|
3 |
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі |
шаруа немесе фермер қожалықтары |
- |
жеке табыс салығы – 0,5 |
Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде |
* Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:
- оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
ШФҚ үшін АСР төлеушілер қандай салықтарды төлемейді
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімдері
Арнаулы салық режимін таңдау тәртібі, ауысу және қолдануды тоқтату шарттары
ШФҚ үшін СНР
- Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (меншікті немесе жалға алынатын жер учаскесі міндетті);
- Салық: айналымнан 0,5%, ЖТС ретінде төленеді (БЖС алып тасталды);
Мыналардан босатылады:
- жер салығы және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- әлеуметтік салық;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
- қосылған құн салығы (импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда).
- Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС мөлшері 80%-ға дейін ұлғайтылды.
ҚР СК 728-бабына сәйкес 1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шаруа немесе фермер қожалығының қызметінен түсетін кірістерден жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеудің айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өткізу, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
4. Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеушілер мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде кемінде күнтізбелік бір жыл мерзім бойы қолданады.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде кірістер мен шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізуге, сондай-ақ қолданылатын салық салу режиміне:
1) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне;
2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне қарай олар бойынша тиісті салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Бұл ретте осы тармақта көзделген бөлек есепке алуды салық төлеушілер өздері бекіткен салықтық есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
7. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет бойынша қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне қою бойынша міндеттеме туындаған жағдайда, салық төлеушіде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу бойынша міндеттеме туындайды.
Салық салу объектісі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін (оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметке байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға арналған мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістер), өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады. (ҚР СК 729-бабы)
2. ҚР СК 729-бабы 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде (осы баптың 5-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып) алынған (алуға жататын) кірістерден тұрады.
3. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс:
1) міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кірісті;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмектен басқа) түріндегі кірісті қамтиды.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістердің мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолдану кезінде осы ҚР СК 237-256-баптарына және ҚР СК 729-бабының 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалады.
4. Салық салу мақсатында шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің кірісі ретінде өтеусіз берілген мүлікті беретін салық төлеуші үшін осындай берілген мүліктің құны қаралмайды.
5. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
ҚР СК 729-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;
4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері;
5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талаптарды есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кірісті түзету:
- дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күніне кредитор салық төлеуші талап қоймаған;
- заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің үшінші абзацында көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Кірістерді түзету ҚР СК 729-бабында көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе сол кезеңде азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
6. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше бабында көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген кірістер кіріске бір рет қосылады.
Салықты есептеу тәртібі
Төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын есептеудi есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді. (ҚР СК 730-бабы)
ШФҚ үшін АСР төлеушілер қандай салықтарды төлемейді
ҚР СК 731-бабында шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер қандай салықтан босатылғаны регламенттелген:
1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің мынадай түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
2) ҚР СК 563-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – көлiк құралдары салығын;
3) ҚР СК 588-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – мүлiк салығын;
4) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – әлеуметтік салықты;
5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны;
6) қосылған құн салығын (импортталатын тауарларға қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда) төлеушiлер болып табылмайды.
2. Салық кодексінің 730-бабында және осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу осындай салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсыну, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен не осы Салық кодексінің 94-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімдері
ҚР СК 732-бабында белгіленгендей төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын, жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомалар – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;
2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсаны аралығында есептелген сомалар – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде.
Жеке табыс салығын бюджетке төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Декларацияны тапсыру мерзімі
ҚР СК 733-бабы негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация есептелген жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын салықтан басқа) және жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының сомасын көрсетуге арналған.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация жер учаскесі тұрған жердегі тиісті салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
Арнаулы салық режимін таңдау тәртібі, ауысу және қолдануды тоқтату шарттары
ҚР СК 716-бабының 3, 5, 6-тармақтарына сәйкес 3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші екінші арнаулы салық режимін – оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы салық режимдерінің екі дерегін көрсетеді.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды:
1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде, оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде жүргізеді.
Бұл ретте оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде шекті кіріс мөлшері бойынша шектеуді қолдану мақсаттары үшін кірістер мөлшеріне шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер енгізілмейді;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған арнаулы салық режимі осындай салық салу режимі үшін осы бөлімде белгіленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайлардың туындауын қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ШФҚ үшін СНР
Жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн пайдаланумен, сондай-ақ
осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты адамдардың еңбек
бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының
азаматтары және (немесе) оралмандар шаруа немесе фермер қожалығының
субъектiлерi болып табылады.
Салық кодексінің 678-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мынадай арнайы салық режимдері көзделген:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
Шаруа немесе фермер қожалықтарына (бұдан әрі - ШФҚ) мынадай режимдердің бірін дербес таңдау құқығы беріледі:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі;
- оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі
- немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіп,
немесе
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі - ШФҚ үшін АСР)
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері болған жағдайда, осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ – 5 000 га;
2-аумақтық аймақ - 3 500 га;
3-аумақтық аймақ - 1 500 га;
4-аумақтық аймақ - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.
ШФҚ үшін СНР қолдану үшін салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салық пен бюджетке төленетін төлемдердің мынадай түрлерін төлеушілер болып табылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша - жер салығы және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; Салық кодексінің 498-бабы, 560-бабы;
2) Салық кодексінің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектілері бойынша - көлік құралдарына салынатын салық;
3) Салық кодексінің 517-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша - мүлік салығы;
4) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша -әлеуметтік салық. ҚР Салық кодексінің 482-бабы;
5) осы арнайы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша - қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы. Салық кодексінің 574-бабына;
6) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінен түскен табыстардан, оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметке байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден ЖТС;
Жоғарыда көрсетілмеген басқа да салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, осындай салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігін табыс ету, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен аталған қызмет түрлерi бойынша тиiстi салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі бірінші күн көрсетілген АСР қолдануды бастау күні болып табылады. Жаңадан құрылған (пайда болған) шаруа немесе фермер қожалықтары режимді таңдауды дара кәсіпкер ретінде тіркеуге қою кезінде хабарламада көрсетеді. Бұл жағдайда ШФҚ үшін АСР қолдануды бастау күні дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу күні болып табылады.
Егер ШФҚ үшін АСР қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаса, дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық органына салық кодексінде айқындалған осындай шарттар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне көшеді.
Салық есептілігінің нысандары:
Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін Декларацияны СЕН 920.00 - қағаз тасығышта немесе электрондық нысанда ұсынады.
Бірыңғай жер салығын төлеу мерзімдері:
- Бірінші мерзім - ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін
- Екінші мерзім - есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін.
Бiрыңғай жер салығын бюджетке төлеу ҚР СК 706-бабының жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
Декларация есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.