ҚҚС (қосылған құн салығы) – бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.

Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізу бойынша есептелген ҚҚС мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша төленген салық арасындағы айырма ретінде есептеледі.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойыншашекті кіріс

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚСбойынша шекті кіріс

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша шекті кіріс

 

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы).

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен ерте емес және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

Негіздеме - ҚР Салық кодексінің 505-бабы.

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-де тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

ҚҚС төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен:

  • жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшу;
  • қызметін тоқтатқан немесе таратқан жағдайларда алып тасталады. (ҚР СК 103-бабы).

 

ҚҚС бойынша есепке қою

Кім ҚҚС бойынша есепке тұра алмайды немесе тұруға міндетті емес

Айналым мөлшерін қалай анықтау керек және оған не кіреді

Айналым асып кетсе не істеу керек

ҚҚС бойынша есепке қойылғаннан кейін не істеу керек

ҚҚС бойынша есепке қою

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қоюдың 3 түрі көзделген:

  1. ерікті түрде қою;
  2. міндетті түрде қою;
  3. шартты түрде қою.

Асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою осындай өтініш ұсынылған күннен бастап салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Салық төлеушіні тіркеу есебіне қойғаннан кейін басшы және (немесе) бюджетпен есеп айырысуға жауапты адам салық органдарында электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен және электрондық шот-фактураларды жазып беру тәртібімен танысуға міндетті.

Заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және (немесе) тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ басшыны ауыстыру кезінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде басшыны биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

Айналымы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК айналымының шекті шегінен асатын салық төлеушілер ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатады. (ҚР СК 101-бабы)

ҚҚС төлеушіні есепке қою айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей - мерзімде берілетін салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Айналымның шекті шегінен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.

ҚҚС бойынша ерікті есепке қою

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті және шартты түрде қоюға жатпайтын тұлғалардың айналымның шекті шегіне жеткенге дейін салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға құқығы бар (ҚР СК 100-бабы)

ҚҚС бойынша шартты есепке қою

Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізілімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Салық органы шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібімен белгіленген тізбеге сәйкес шетелдік компания туралы деректерді енгізеді.

Салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілген салық төлеуші шетелдік компаниялар туралы мәліметтер шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Шетелдік компания салық төлеушіні шартты түрде тіркеу есебіне қою үшін салық органына шетелдік компаниялардың - салық төлеушілердің тізіліміне енгізілуге жататын деректерді көрсете отырып, салық төлеушіні тіркеу есебіне қою туралы растау хатын табыс етеді.

Растау хатын шетелдік компания салық органына тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады.

Шетелдік компания салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы салық органын деректердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары енгізілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті. (ҚР СК 102-бабы)

Шетелдік компания тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап салық төлеуші болып танылады.

Кім ҚҚС бойынша есепке тұра алмайды немесе тұруға міндетті емес

Мыналар міндетті түрде тіркеу есебіне қоюға жатпайды:

  1. мемлекеттік мекеме;
  2. резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
  3. жеке практикамен айналысатын адам;
  4. арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде, ШҚ үшін АСР);
  5. жеке тұлға.

Айналым мөлшерін қалай анықтау керек және оған не кіреді

Салық кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес салық төлеушіні тіркеу есебіне қою мақсатында:

1) айналым айналымдар сомасы ретінде:

  • ҚР СК 450-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым айқындалады.

ҚР СК 213-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде бұрын босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

  • ҚР СК 454-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

2) айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым.

Айналым мөлшері ҚР СК 101-бабында белгіленген күннен бастап өсу қорытындысымен айқындалады;

Айналым асып кетсе не істеу керек

Айналымның шекті шегінен асқан кезде тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (бұдан әрі - МКБ) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беру қажет.

Өтінішті айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жедел беру қажет.

ҚҚС бойынша есепке қойылғаннан кейін не істеу керек

Бұдан әрі, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаннан кейін салық төлеушіде тоқсан сайынғы (СЕН 300.00) - Қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру бойынша міндет пайда болады.

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00) тоқсанына бір рет орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кейін және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсыруға міндетті (ҚР СК 505-бабы)

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша тарату декларациясын:

  • ҚР СК 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде.
  • ҚР СК 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде ұсынуға міндетті.

ҚҚС бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

3) ҚҚС бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.

Қосылған құн салығының негізгі мөлшерлемесі 16 % құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚҚС 5%,

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚҚС 10% мыналарды өткізу және импорты бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:

  • ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілген тауарларды қоспағанда, дәрілік заттар;
  • медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтаушы, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылғандарды қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін салық салынатын айналым мөлшерінен.

ҚҚС 10% - отандық мерзімді баспасөз басылымдарын сату бойынша айналым мөлшерінен.

Есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС сомасы - 80% - Салық кодексінің 490-бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша шекті кіріс

Қосылған құн салығы (ҚҚС) - бұл:

  • тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және айналымы процесінде қосылатын өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін;
  • салық салынатын импорт құнының бір бөлігін (ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде) бюджетке аудару.

Бұл ретте, салық салынатын айналым - ҚҚС төлеуші жасайтын Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналым.

ҚҚС төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі - МКО) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне өз еркімен немесе міндетті түрде тұрған тұлғалар, сондай-ақ ҚР аумағына тауарларды импорттаушылар (олар ҚҚС төлеушілер ретінде тіркелу есебінде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан) болып табылады.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

Салық кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес мыналар:

  • резидент заңды тұлғалар,
  • заңды тұлғалар - ҚР-да қызметін филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
  • ДК;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатады.

Салық төлеушiлер олардың тiлегiне қарамастан, егер жылдық айналымның ең төменгi мөлшерi асып кеткен болса, ЖК немесе ЖШС ҚҚС бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi екенiн есте сақтаулары тиiс.

ҚР Салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына сәйкес асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруға қажетті айналымның ең төменгі мөлшері жалпы жағдайда 20 000 АЕК құрайды (есепке ағымдағы жылдың 1 қаңтарына белгіленген АЕК мәні алынады).

ҮИЖ (үш құрамдасты интеграцияланған жүйе) қолданатын оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін ДК үшін ең төменгі айналым 20 000 АЕК-ті құрайды, оған 124 184 АЕК шегінде қолма-қол ақшасыз нысанда ҮИЖ бойынша жүргізілген кірістер қосылады.

Алайда, осы ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айналымдарға ғана (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) қолданылатынын ескеру қажет.

Бөлшек салықтың ШЖҚ қолданатын салық төлеушілердің айналымдары ең аз айналымға қосылмайды. Бұл бөлшек салық төлеушілер ҚҚС төлемейді дегенді білдіреді.

Айналым мөлшерін қалай анықтауға және оған не қосуға болады

ҚР Салық кодексінің 369-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында айналымға:

  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша (ҚР Салық кодексінің 370-бабына сәйкес салық салынбайтын айналым сомасынан басқа);
  • ҚР Салық кодексінің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
  • тауарлардың қалдықтары түрінде (ҚР Салық кодексінің 370-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа);
  • егер жаңа ұйым ҚҚС бойынша есепке тұрмаса, қайта ұйымдастыру (бөліп шығару) кезінде жасалатын өткізу актісінен берілетін тауарлар бойынша айналымдар сомасын қамтиды.

Айналым мөлшері күнтізбелік жыл ішінде өсу қорытындысымен айқындалады.

Әдетте, МКБ айналымның өсуін дербес қадағалайды және салық төлеушіге жақын арада ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттігі туралы алдын ала хабарлама жібереді.

Есепке қою мерзімін өткізіп алмау үшін салық төлеушінің мүддесі үшін өз айналымының мөлшерін өз бетінше қадағалап отыру.

Айналым асып кетсе не істеу керек

Ең төменгі айналым мөлшерінен асқан кезде тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (бұдан әрі - МКБ) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беру қажет.

Өтінішті айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жедел беру қажет.

Мысалы, егер маусым айының қорытындысы бойынша айналым 20 000 АЕК-тен асып кетсе, бұл ретте салық төлеуші ҮИЖ қолданатын жеңілдетілген ДК болып табылмаса, онда қағаз немесе электрондық нысанда өтініш беру керек.

ТБЖ бойынша жоғары тәуекел дәрежесі берілген салық төлеушілер тек қағаз нысанында ғана өтініш беруі тиіс екеніне назар аударамыз (ҚР Салық кодексінің 82-бабының 2-тармағы).

Өтініш берген ДК немесе ЖШС осы өтініш берілген күннен бастап бірден ҚҚС төлеуші болады.