СЕН 860.00 - Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 860.00-нысан

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 860.00-нысан 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 860.00-нысан

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

СЕН 860.00 - Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация

860.00 декларация

Төлемақы төлеушілер

Салықтық кезең

Салық есептілігі

860.00 декларация

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі декларация (860.00-нысан) Салық кодексінің 625-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді есептеуге арналған «Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі декларация» салық есептілігінің нысанын жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің 626-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды.

Декларация Салық кодексінің 635-бабына сәйкес жасалады, декларацияның өзінен (860.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (860.01-нысан) тұрады.

Төлемақы төлеушілер

Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алуға арнайы су пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға құқық алған тұлғалар;

3) мемлекеттік орман иеленушілер және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою құқығын алған тұлғалар;

5) фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтар үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар;

6) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Салықтық кезең

ҚР СК 358-бабына сәйкес 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл корпоративтік табыс салығы үшiн салықтық кезең болып табылады. (ҚР СК 634-бабы)

Салық есептілігі

ҚР СК 635-бабына сәйкес жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер (орман, өсімдік ресурстарын және жануарлар дүниесін және жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілерді қоспағанда) арнайы су пайдалану жері бойынша салық органдарына төлемақы бойынша декларация (860.00-нысанұсынады.

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде декларация ұсынады.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерге арналған декларацияға тиісті қосымша түрінде тапсырады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі 860.00-нысан

СЕН 860.00- «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі декларация (860.00-нысан)».

860.00 декларация

Төлемақы төлеушілер

Төлеу мерзімдері

Салықтық кезең

Салық есептілігі

860.00 декларация

Декларация жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеуге арналған.

Декларация Салық кодексінің 572-бабына сәйкес жасалады, декларацияның өзінен (860.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (860.01-нысан) тұрады.

860.01-нысандағы қосымша. 860.01-нысан салық кезеңі (тоқсан) үшін арнайы су пайдаланудың әрбір түрі бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған және арнайы су пайдаланудың әрбір түрі үшін жеке толтырылады.

Төлемақы төлеушілер

860.00-нысандағы декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, ҚР СК 567-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды.

Мынадай:
1) суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды қолдана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын қолдана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылыстарын қолдана отырып;
4) су көлігінің мұқтаждықтары үшін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Төлеу мерзімдері

Төлеу мерзімдері - су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттері негізінде есепті тоқсаннан кейінгі 2-ші айдың 25-күнінен кешiктiрмей.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы төлеуді ҚР СК 706-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.

Төлемақыны қайда төлеуге - рұқсат беру құжатында көрсетілген арнайы су пайдалану орны бойынша бюджетке.

Салықтық кезең

Салықтық кезең - күнтізбелік жыл.

Салық есептілігі

Салық есептілігі - жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі декларация (860.00-нысан) арнайы су пайдалану орны бойынша салық органына тоқсан сайын, 2-ші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

Декларация мемлекеттік кіріс органына тапсырылғанға дейін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органында куәландырылады.

Көрсетілген АСР қолданатын шаруа және фермер қожалықтары бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға қосымша түрінде есептілікті ұсынады.

«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі декларация (860.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары