Жеке практикамен айналысатын адамға:

Жеке тұлғаны адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, медиатор ретінде қою eGov.kz веб-порталы арқылы жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.

Салық органдары бір жұмыс күні ішінде жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

Осыған байланысты жеке тұлғалардың электрондық тіркеліміне енгізілген мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына тіркеуші органдардан автоматты режимде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) арқылы түседі. 

Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылған жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі туралы жеке тұлғаның салықтық өтініші негізінде жүргізіледі.


2025 жылғы 01 қаңтардан бастап ЖПАА салық салу (208-VІIІ жылғы 15 шілдедегі № 2025 ҚРЗ Заңына ретроспективалық өзгерістер)

2025 жылғы 01 қаңтардан бастап (өзгерістерге дейін) ЖПАА салық салу


01 жылғы 2025 қаңтардан бастап ЖПАА салық салу (208-VІIІ жылғы 15 шілдедегі № 2025 ҚРЗ Заңына ретроспективалық өзгерістер)

2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына қол қойды. Бұл Заңмен ҚР СК 336-бабына түзетулер енгізілді (3, 4-тармақтар қосылды), оған сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін ЖТС төлеу мерзімі ретроспективті өзгертілді.

ҚР СК 336-бабына сәйкес: Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:

  • жекеше нотариустың кірісі;
  • жеке сот орындаушысының кірісі;
  • адвокаттың кірісі;
  • кәсіби медиатордың кірісі.

2) Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты алынған шығыстарды өтеу сомаларын қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған кірістердің барлық түрі жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.

3) Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айда алынған кірістері бойынша есептеледі.

4) Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төленуге жатады.

Алайда, қабылданған Заңда «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі өтпелі ережелер» атты 781-бапкөзделген, оның 3-тармағына сәйкес:

3. Жеке практикамен айналысатын адам Заң қолданысқа енгізілген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген айдың соңғы күні аралығындағы кезеңде салық салынатын кірістен есептелген жеке табыс салығын төлеуді жүзеге асырады.

15.07.2025 жылғы № 208-VІIІ ҚРЗ Заң 2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, тиісінше, жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін ЖТС төлеудің бірінші мерзімі 2025 жылғы қазаннан кешіктірмей болады.

2025 жылғы 01 қаңтардан бастап (енгізілген өзгерістерге дейін) ЖПАА салық салу

2025 жылғы 01 қаңтардан бастап (енгізілген өзгерістерге дейін) жеке практикамен айналысатын тұлғаның салықтары мен әлеуметтік төлемдері

2025 жылдан бастап жеке практикамен айналысатын адамдар күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) төлейтін болады. 

Салық салуға жататын табыс сомасын Салық кодексінің 636-бабына сәйкес күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша аталған тұлғалар айқындайтын болады.

ЖТС кірісі мен сомасын көрсету үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру қажет. Декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей беру қажет.

Табыс сомасының 10%-ы мөлшерiнде ЖТС төлеу декларация берiлгеннен кейiн 25 қыркүйектен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.

2025 жылдан бастап жеке практикамен айналысатын адамдар бұрын өткен айдың қорытындысы бойынша 5 күнінен кешіктірмей төленген ЖТС ай сайынғы төлеуден босатылды.

Кірістер мен шығыстарды айқындау тәртібі туралы жалпы ережелер Салық кодексінің 361-бабында белгіленген.

Жеке практикамен айналысатын әрбір адам үшін салық салынатын кірісті айқындайтын Салық кодексінің жеке бабы көзделген:

- 362-бап - жекеше нотариус үшін;
-
363-бап - жеке сот орындаушысы үшін;
-
364-бап - адвокат үшін;
-
365-бап - кәсіби медиатор үшін.

2025 жылғы 01 қаңтарға дейін жеке практикамен айналысатын адамның салықтары және әлеуметтік төлемдері

Жеке практикамен айналысатын адамға:

  • жекеше нотариус,
  • жеке сот орындаушысы,
  • адвокат,
  • кәсіби медиатор жатады. (ҚР Салық кодексінің 1-бабының 19-тармақшасы)

Жеке тұлғаны адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, медиатор ретінде қою eGov.kz веб-портал арқылы жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.

Салық органдары бір жұмыс күні ішінде жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

Осыған байланысты жеке тұлғалардың электрондық тіркеліміне енгізілген мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына тіркеуші органдардан автоматты режимде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ) арқылы түседі.


Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылған жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі туралы жеке тұлғаның салықтық өтініші негізінде жүргізіледі.

Жеке практикамен айналысатын тұлғаның салықтары және әлеуметтік төлемдері

Адвокат, сот орындаушысы, нотариус, медиатор мынадай салықтарды төлейді:

  • ЖТС: өзі үшін - салық шегерімдерін қолданусыз 10% әрбір ай үшін алынған кірістер бойынша есептеледі;
  • Әлеуметтік салық: өзі үшін - АЕК-тің 2 еселенген мөлшері.

Әлеуметтiк салық есептелген әлеуметтiк салық пен әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Егер әлеуметтiк аударымдардың сомасы есептелген әлеуметтiк салықтың сомасынан артық немесе оған тең болса, онда төленуге тиiстi әлеуметтiк салық нөлге тең болады.

Салықтарды төлеу мерзімі:

  • ЖТС - ай сайын табысы бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей;
  • Әлеуметтік салық - күнтізбелік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.

Адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар, медиаторлар өз пайдасына төлейтін әлеуметтік төлемдер:

  1. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 10%;
  2. Әлеуметтік аударымдар (ӘА) - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%;
  3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМСЖ) - 1,4 АЕК-тен 5%;
  4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,5% мөлшерінде

Төлеу мерзімі - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.