Интернет-платформа операторы - интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлға арасында қызметтер көрсету (оның ішінде қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып қызметтер көрсету) бойынша байланыстарды орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ҚР Салық кодексінің 721-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-платформа операторы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі интернет-платформа операторы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-платформа операторы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер интернет-платформалар операторларының қызметіне қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап орындаушылар үшін ЖМЗЖ есептеу және төлеу бойынша міндет интернет-платформа операторларына жүктелді.

Әлеуметтік кодестің 102-бабына сәйкес платформалық жұмыспен қамту интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрін білдіреді.

Платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:

   интернет-платформа операторы - интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

     тапсырыс беруші - интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;

  орындаушы - интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.

Оператор мен тапсырыс беруші, сондай-ақ орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес реттеледі.

Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушы-заңды тұлға жұмыскерлерді тартқан жағдайда, олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді.

Осылайша, осы жұмыскермен еңбек шартын жасасу кезінде ҚР еңбек заңнамасының барлық нормалары сақталуы тиіс. Жұмыс режимі, күнделікті жұмыс ұзақтығы, жұмыс уақытын есепке алу, еңбек жүйесі мен жағдайлары тараптардың келісімі бойынша айқындалады және ұжымдық немесе еңбек шарттарында, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

Сондай-ақ, аталған жұмыскерлер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады және медициналық мекемелердің қызметтерін пайдалана алады.

Интернет-платформаларды және (немесе)   платформалық жұмыспен қамтудың   мобильді қосымшаларын пайдалана отырып,   қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды   әлеуметтік қамсыздандыру

1. Оператор өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен МЗЖ, ЖМЗЖ және әлеуметтік аударымдарды, МӘМСЖ және ЖТС ұстап қалуды және ұстап қалған сомаларды аударуды жүргізеді.

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 1% мөлшерінде белгіленеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін осы режим шеңберінде интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан олар есепті айда алған кіріс әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 7 еселенген ЕТЖ мөлшерінен және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленеді.

МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс.

4. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын ЖМЗЖ мөлшерлемесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленеді.

ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.

Бұл ретте ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс.

5. Оператордың ЖТС, МЗЖ, ЖМЗЖ, әлеуметтік аударымдарды және МӘМСЖ ұстап қалу және аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды;

ЖТС, МЗЖ, ӘА, МӘМСЖ ұстап қалу, аудару

2025 жылғы 16 қазандағы № 319 бұйрықпен Орындаушының ӘА, МЗЖ, МӘМСЖ мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының ЖТС, МЗЖ, ӘА және МӘМС жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген ӘА, МЗЖ, МӘМС-қа жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қағидаларға сәйкес, оператор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, орындаушылардың кірістері туралы мәліметтерді арнаулы мобильдік қосымшамен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы ҚР ҚМ МКК-не беруге міндетті.

Берілген мәліметтердің, оның ішінде арнаулы мобильді қосымшаның чектері бойынша мәліметтердің негізінде ҚР ҚМ МКК ЖТС, ӘА, МЗЖ, ЖМЗЖ және олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін жарналар (әлеуметтік төлемдер) және (немесе) өсімпұлдар сомасын (теңгеге дейін дөңгелектелген) есептеуді жүзеге асырады.

Есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ҚР ҚМ МКК есептелген сомалар туралы мәліметтерді:

  1. ұстап қалу және аудару үшін - операторға-;
  2. ҚР ЕХӘҚМ ААЖ-да – Мемлекеттік корпорацияның оператор аударған әлеуметтік төлемдер сомасымен салыстыруды жүзеге асыруы үшін береді.

Ұсталған сомаларды аударуды оператор жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізеді.

Операторлар тұлғалар үшін төлемдерді төлеуден босатылады:

  • ӘА бойынша - Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағы;

Әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармаған кезде оператор әрбір ай үшін жеке жиынтық төлем тапсырмасымен төлемді жүргізуге міндетті.

Екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын оператор бастамашылық жасаған күні аударады, бұл ретте төлем тапсырмаларында заңнамаға сәйкес мөлшерлемелер көрсетіледі:

  • 1% - МЗЖ үшін;
  • 1% - ЖМЗЖ үшін;
  • 1% - ӘА үшін;
  • 1 % - жарналар үшін;

Мөлшерлеме болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік корпорация қайтару себебін көрсете отырып, қаражатты операторға қайтарады.

Қате жіберілген, артық төленген немесе орындаушыны төлеуден босатқан жағдайларда әлеуметтік төлемдерді операторға қайтару тәртібі.

Мемлекеттік корпорация себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде қайтаруды жүзеге асырады:

  • толық қайтару – деректемелердегі қателер кезінде, босатылған адамдар бойынша немесе ҚР ҚМ МКК деректері болмаған кезде;
  • ішінара қайтару – ҚР ҚМ МКК деректері бойынша артық төлеу кезінде.

Оператор қателерді жоюға және үш жұмыс күні ішінде қайта аударуды жүргізуге міндетті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (Қорға), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) әлеуметтік төлемдер сомаларын бөлуді және аударуды Мемлекеттік корпорация келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін интернет-платформа операторы

Интернет-платформа - бұл интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 81-тармақшасы)

2023 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданған ҚР Әлеуметтік кодексінде «платформалық жұмыспен қамту» жаңа анықтамасы пайда болды, ол интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрі болып табылады.

Әлеуметтік кодекстің 102-бабында интернет-платформаларда («платформалық жұмыспен қамту») жұмыс істеген кезде 3 тарап тартылады деп көзделген:

1) интернет-платформа операторы - интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2) тапсырыс беруші - интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) орындаушы - интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.

Оператор мен тапсырыс беруші, сондай-ақ орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес реттеледі.

Әлеуметтік кодекстің 102-бабының 4-тармағына сәйкес - интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушы-заңды тұлға жұмыскерлерді тартқан жағдайда, олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді.

Осылайша, осы жұмыскермен еңбек шартын жасасу кезінде ҚР еңбек заңнамасының барлық нормалары сақталуы тиіс. Жұмыс режимі, күнделікті жұмыс ұзақтығы, жұмыс уақытын есепке алу, еңбек жүйесі мен жағдайлары тараптардың келісімі бойынша айқындалады және ұжымдық немесе еңбек шарттарында, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

Сондай-ақ, аталған жұмыскерлер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады және медициналық мекемелердің қызметтерін пайдалана алады.

Интернет-платформаларды және (немесе)   платформалық жұмыспен қамтудың   мобильді қосымшаларын пайдалана отырып,   қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды   әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік кодекстің 102-1-тармағы негізінде сәйкес оператор арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР қолданатын ДК болып табылатын орындаушылардың кірістерінен Салық кодексіне сәйкес МЗЖ және әлеуметтік аударымдарды, МӘМСЖ мен ЖТС ұстауды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын ДК болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиіс әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 1% мөлшерінде немесе Әлеуметтік Кодекстің 244-бабының 1-тармағында айқындалған мөлшерде орындаушының таңдауы бойынша айқындалады.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР қолданатын ДК болып табылатын орындаушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі олардың көрсеткен қызметтері немесе орындалған жұмыстары үшін алған кірісі болып табылады.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 7 ЕТЖ-дан аспауға тиіс.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР қолданатын ДК болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиіс МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кірістің 1%-ы мөлшерінде немесе Әлеуметтік Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған мөлшерде орындаушының өзінің таңдауы бойынша айқындалады.

МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын АСР қолданатын ДК болып табылатын орындаушылар алған кіріс түсініледі.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.

Орындаушының әлеуметтік аударымдар мен МЗЖ, МӘМСЖ мөлшерлемелерін айқындау, сондай-ақ Оператордың ЖТС, МЗЖ, әлеуметтік аударымдар мен МӘМСЖ ұстап қалу және аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.