Жалдамалы жұмыскер – жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін тәртіп пен төлемді тапсырыс беруші айқындайтын еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын не азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға; (ҚР Әлеуметтік кодексі 1-бабының 51-тармағы)

 Тапсырыс беруші - жұмыс беруші ретінде мыналар әрекет ете алады:

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • мемлекеттік емес (коммерциялық және коммерциялық емес) кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • дара кәсіпкерлер.

Жалдамалы жұмыскер жұмыспен қамтылған адам болып табылады.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 97-бабына сәйкес - Ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жұмыспен қамтылған адам болып табылады.

Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:

  • жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ өзге де ақылы жұмысы бар адамдар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген);